С. К. Ахметкалиева А. Ш. Оразымбетова



Pdf көрінісі
бет7/46
Дата31.12.2021
өлшемі2,12 Mb.
#22929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
it
u
t
T
t


1
i
n
i


1
t
nt
u


ij
c
ij
s
ij
s
)
(
ij
ijt
s
x


 
15 
 
логистикасының 
қызметі 
жеке 
болғанын 
емес, 
оның 
бұл                                     
ағынды басқарудың стратегиясына бағынғанын талап етеді.   
Өнеркәсіп    ішіндегі  материалды  игіліктерді  құрастыратын  немесе 
материалды  қызмет  көрсететін  материалды  ағынды  басқару  үрдісі  кезінде 
көбінесе  өндірістік  логистиканың  есептері  шешіледі.  Берілген  сала  
материалдарды  сатып  алу  саласымен  және  дайын  өнімді  тарату  саласымен 
жанасады. 
Дайын өнімді іске асыру үрдісінде материалды ағынды басқару кезінде 
тарату  логистикасының  есептері  шешіледі.  Мұнда  материалды    ағын  тарату 
логистикасына өндірістік цехтарда өтетінін көруге болады. Бұл тара және орау 
мәселелері,  шығарылатын  партия  мөлшері  және  шығару  уақытының 
сұрақтары  материалды  ағынды  басқарудың  бастапқы  кезеңдерінде 
қарастырылатынын білдіреді. 
Материалды 
 
ағынды 
бір 
функционалдық 
саладан 
келесі 
функционалдық салаға өту үшін  оны тасымалдау қажет, ал онымен көліктік 
логистика айналысады.  
Көліктік    логистиканың  нақты  белгіленген  шекарасы  жоқ,  ол 
материалдық  ағынның  бір  буыннан  екінші  буынға  жылжуы  туралы  мәселе 
пайда болған кезде болады. 
Логистикалық  үрдістерде  ақпараттық  құраманың  жоғары  мәнділігі 
логистиканың  арнайы  бөлімінің  –  ақпараттық  логистиканың  бөлініп 
шығуының себебі болды. Ол логистиканың қалған функционалдық саласымен 
тығыз  байланысты.  Материалды  ағындарды  басқаруды  қамтамасыз  ететін 
ақпараттық  жүйелер  ақпараттық    логистиканың  зерттеу  объектісі    болып 
табылады.  
Логистиканың даму мәселелері және болашағы 
Қазіргі нарық жағдайында  фирмалар көбінесе тұтынушының қажетіне 
қарап  әрекет  етеді,  бұл  олардың  мүмкін  сұраныстарын  қанағаттандыруға 
ұмтылуымен  түсіндіріледі.  Нақты    тұтынушы  үшін  белгілі  тауардың  немесе 
қызметтің 
сапасының 
жоғары 
деңгейі, 
барлық 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыратын тұтынушылық қасиеттердің үйлесімінің болуын білдіреді. 
Осындай  маңызды  қасиеттердің  бірі  әртүрлі  операциялар  және  жұмыстарға 
байланысты шығындарға тәуелді болатын тауар немесе қызметтің құны болып 
табылады.    Жалпы  шығындарды  төмендетуге  компаниялар  қызметінің 
тәжірибесінде  логистиканың  қағидалары  мен  тұжырымдамаларын  қолдану 
арқылы жетуге болады [8,9,15,33].  
Логистика  мәселелері  қазақстандық  кәсіпкерлердің,  менеджерлердің, 
инженерлік-техникалық қызметкерлердің көбісі  үшін жаңа болып табылады.   
Осыған байланысты логистиканың негізгі ережелеріне тоқталғанымыз дұрыс 
болады.   
Логистикалық  қызметтің  сипаты  интегралданған.  Логистика  әртүрлі 
кәсіпорындардың    бизнестің  мақсатына  жетуге  байланысты  барлық 
үрдістердің интеграциясы бойынша бірлесіп істейтін қызметі.  


 
16 
 
Барлық  функциялар мен операциялар жоспарлануы, басқарылуы және 
түрлендірілуі қажет.  Арнайы функциялар шеңберіндегі барлық үрдістер бір-
бірімен  келісіп  жұмыс  жасайды.  Логистиканың  интегралданған  жүйесінің 
негізін шикізат пен материалдарды сатып алу, өндіріс, өткізу көлік, ақпарат, 
қаржы,  сондай-ақ  қорларды,  сапаны  басқару,  материалдардың  қажеттілігін 
жоспарлау және сол сияқты бизнестің маңызды саласын құрайды.    
Бизнестегі жетістік арнайы компанияның нәтижелеріне ғана емес, оның 
серіктестеріне-жеткізушілер,  делдалдар,  тасымалдаушылар  және  т.б. 
байланысты.  
Әртүрлі есептердің, функциялардың және үрдістердің өзара байланысын 
қамтамасыз  ету  қажеттігі  логистиканың  қағидалары  негізіндегі  кешенді, 
интегралданған тәсілдемені қажет етеді.  
Кәсіпкерлік құрылымның, сондай-ақ мемлекеттік органдардың (салалық 
министрліктер,    департаменттер  және  т.б.),  ғылым  мен  білімнің    қызметінің  
масштабтық  келісімін  қанағаттандыру    мемлекет  масштабындағы  шығын 
деңгейін 
төмендетуді 
қамтамасыз 
етеді. 
Бұл 
тұтынушылардың 
қызығушылықтарын  туғызады  және  қазақстандық  тауар  мен  қызметтердің 
бәсеке  қабілеттілігін  көтеру  бағытында  жасалған  жақсы  қадам  болып 
табылады.  Республика  экономикасындағы  логистиканың  рөлі  төрт  негізгі 
факторлардың 
өзара 
әрекеттесуімен 
анықталады: 
экономикалық, 
ұйымдастырушылық, ақпараттық және техникалық [9]. 
Экономикалық  фактор  фирманың  пайдасы  мен  қызметін  өсіру  үшін 
өндірістік  және  айналым  шығындарын  қысқарту  мүмкіндіктерін  іздеумен 
түсіндіріледі.    Осылайша,    егер  нарықтық  қатынастардың  даму  кезінде 
«есептеу-табыс-тұтынушы» қағидасы орын алса, онда  логистика  потенциалы 
осы қағиданы ұстанады. 
Ұйымдастырушылық-экономикалық 
фактор 
 
басқарудың, 
тенденцияның 
және 
үйлестірудің 
интегралданған 
формаларымен 
түсіндіріледі,  олар  әсіресе  өнеркәсіп  дайындаушылар,  тұтынушылар, 
делдалдар,  қойма  шаруашылығының  және  көліктің  өзара  әрекеттесуінің 
логистикалық үрдістеріне тән.         
Ақпараттық факторға нарықтық қатынастардың дамуының себебі және 
нәтижесі болып табылатын ақпараттық байланыстардың дамуын жатқызамыз. 
Ақпарат нарық пен логистиканы тығыз байланыстырады. 
Техникалық  фактор,  коммерциялық  бастама  және  нарықтық 
қатынастардың  дамуы  материалды  ағындарды  басқару  үрдісіне  жаңа 
техниканың  енгізуін  ынталандыратынын  көрсетеді,  олар  техникалық  
жаңғырту жағдайында логистикалық негізде тиімді менеджментін қажет етеді.  
Жоғарыда айтылған барлық факторларды ескере отырып, қазіргі кезде 
Қазақстанда  логистиканың  және  логистикалық  жүйелердің  дамуына  барлық 
мүмкіндіктер  бар  екенін  айту  керек.  Бірақ  бұл  факторлармен  қатар 
логистикалық тәсілдеменің кең таралуына бөгет жасайтын қиындықтар да бар.  
Біздің ойымызша, Қазақстанда логистиканың даму жолында кездесетін 
қиындықтарды атап көрсетейік:  


 
17 
 
-тауарлар мен қызметтерді тарату жүйелерінің даму тұрақсыздығы;  
-қазіргі  электронды  коммуникациялар,  электронды  желілер,  байланыс 
және телекоммуникация жүйелерінің дамуының төмен деңгейі;  
-көліктік  инфрақұрылымының  дамуының  артта  қалуы,  әсіресе, 
автомобиль  жолдар  облысында,  жүк  терминалдарының  жеткіліксіз  мөлшері, 
сондай-ақ олардың төмен техникалық-технологиялық деңгейі;   
-көліктің барлық түрлерінде дүниежүзілік стандарттарға жауап беретін 
көліктік құралдардың жоқтығы; көліктің жылжымалы құрамының физикалық 
және моральді тозуының жоғары деңгейі;  
-қойма шаруашылығының өндірістік-техникалық базасының дамуының 
төмен  деңгейі;  өнім  өндіру  бойынша  қазіргі  технологиялық  жабдықтың 
жетіспеушілігі; 
қойма 
жұмыстарының 
механизациясының 
және 
автоматизациясының төменгі деңгейі;  
- қазіргі талаптарға сай тараларды және орауыштарды өндіру бойынша 
өндірістің жеткіліксіз дамуы және т.б.   
Тарату    жүйесі  тауарлардың  өндірушілерден  тұтынушыларға  баяу 
жылжуымен,  қанағаттандырылмаған  сұраныстың  жоғары  деңгейімен,  төмен 
сенімділікпен  және  тұтынушыларға  қызмет  көрсету  сапасының  деңгейінің 
жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.    
Логистика    тұжырымдамасын  тарату  үрдісінде  көлікке  ерекше  орын 
бөлінген.  Жүктерді  халықаралық  тасымалдауларға  қатысатын  отандық  
көліктік  және  экспедиторлық  өнеркәсіптер  тасымалдау  және  жүктерді 
өңдеудің  логистикалық  технологияларын,  интермодальді,  мультимодальді 
және терминалды жүйелерді,  «есіктен есікке» қағидасы бойынша тасымалдау 
технологияларын  енгізу  қажеттігін  алғашқылардың  бірі  болып  байқады.  Ірі 
мемлекеттік  және  жеке    көліктік  және  экспедиторлық  өнеркәсіптер  өзінің 
терминалдық  жүйелерін,  тарату  және  логистикалық  орталықтарын, 
логистикалық 
қызметтің 
ақпараттық-компьютерлік 
қамтамасыз 
ету 
орталықтарын белсенді құра бастады.  
Логистика  саласында  кадрларды  дайындау  жеткілікті  күрделі  мәселе 
болып  табылады.  «Логистика»  мамандығы  бойынша  кадрларды  белсенді 
даярлау,  бұл  салада  орташа  және  жоғары    менеджмент  қызметкерлерінің 
кәсіптілігін жоғарылату қажет.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет