С. К. Ахметкалиева А. Ш. Оразымбетова



Pdf көрінісі
бет4/46
Дата31.12.2021
өлшемі2,12 Mb.
#22929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 

 
 
1.  ТАУАР  ҚОЗҒАЛЫСЫНДА  ЛОГИСТИКАНЫ  ӘМБЕБАП 
ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ 
 
1.1.  Тауар қозғалысын басқаруда логистика тәсілдемесін қолдану  
 
Тауар қозғалысы-бұл өндірушілерден бастап, бөлшек саудаға, түпкілікті 
тұтынушыларға дейін көтерме сатып алушы, экспортаушы импортаушы, сауда 
агенті, брокер арқылы жүретін тауар қозғалысының үдерісі.Тауар қозғалысы 
үдерісінің  негізін  логистикалық  келесі  операциялар  құрайды:
 
тауарларды 
тасымалдау;
 
тиеу-түсіру  операциялары;
 
сақтау;
 
сауда  ассортиментін 
қалыптастыру;
 
сатуға дайындау және т.б.
 
Көптеген  тарихи  дереккөздерде  логистика  ұзақ  уақыт  бойы  әскери 
өнерінің  бөлімі  болды.  Шамамен  ХХ  ғасырдың  ортасында  бәрі  өзгерді. 
Логистиканың  бейбіт  өміріне  көшуіне  және  тауар  қозғалысына  пайдалануы 
келесі төрт себепке байланысты:
 
1.  Тұтынушы нарығының қалыптасуы. 
2.  Тауарлар номенклатурасынын кеңейтілуі. 
3.  Барлық нарықтарда бәсекелестіктің шиеленісуі. 
4.  Математикалық  талдау,  оңтайландыру  теориясы  және  компьютерлік 
техниканың пайда болуы.  
Бүгінгі таңда сатып алушы тек қана тауардың жоғары сапасы мен төмен 
бағасына қанағаттанбайды.  
Тауарлардың  кең  ассортиментіне    байланысты  тұтынушы  көптеген 
қосымша  параметрлерді  қарастырады,  мысалы:  кепілдік  және  сервистік 
қызмет көрсетуі қандай деңгейде  ұйымдастырылған, жеткізу мерзімі қандай, 
тауарларды  орнастыруға  және  қолдану  мерзімі  аяқталған  соң  қайта  оңдеп 
кәдеге жарату және т. б.  
Магнум  супермаркеттер  желісін  тұтынушы  ретінде  қарастыратын 
болсақ,  оларда  тек  тауар  сапасына  ғана  емес,  сонымен  қатар  тауарларды 
шағын  партиялармен  жабдықтаушыдан  жиі  жеткізу  қамтамасыз  ету, 
дистрибьюторлар  қоймасына  тауардың  бір  бөлігін сақтау,  тауарды  таңбалау 
және буып-түю қызметтері және басқа да қосымша қызметтердің орын алуы 
мүмкін.  Аталып  кеткен  қосымша  параметрлерлердің  клиент  үшін 
қарастырылуы  логистика  саласына  қатысты.  Әлбетте,  кәсіпорын  логистика 
функцияларының  нақты  орындауын  ұйымдастырса,  бәсекелестік  күресте 
ұтысқа  ие  болуымен  қатар,  оның  нарықта  нәтижелі  тиімділігі  мен  танымал 
болуына әсер етеді.  
Егер  тауар  қозғалысы  уақытын  операцияларға  жұмсалуы  бойынша 
қарастырсақ,  оңың  5%  өндірістік  технологиялық  операцияларға  жұмсалады, 
60%  сақтауға,  ал  35%  тасымалдауға  бөлінетіні  анықталады.  Тауар 
қозғалысында  уақыттың  95%-ын  логистикалық  операциялар  құрайтын 
болғандықтан, 
логистикалық 
үдерістеріне 
математикалық 
талдау, 


 

 
оңтайландыру теориясы және компьютерлік техниканы қолдану өзектілігі өте 
маңызды болып табылады.  
 
Заманауи ақпараттық технологиялардың ішінен MRP, ERP, 1C және SAP 
жүйелері логистика саласында қолдану тиімділігі сөзсіз. 
MRP  жүйелері  белгілі  бір  кәсіпорынның  ерекшеліктеріне  сәйкес 
конфигурацияны  және  бейімделуді  қажет  ететін  аппараттық  және 
бағдарламалық  жүйелер  болып  табылады.  ERP  абревиатурасы  (кәсіпорын 
талаптарын  жоспарлау)-кәсіпорынның  ресурс  қажеттіліктерін  жоспарлауын 
білдіреді.  ERP-жүйелер-бұл  нақты  уақыт  тәртібінде  кешенді  жоспарлауды, 
негізгі  қызметті  жүзеге  асыруды  және  клиенттерге  қызмет  көрсетуді 
ұйымдастыру  мақсатында  ұйымның  іскери  қызметін  өңдейтін компьютерлік 
жүйелер.  Әлемдегі  ERP  жүйелерінің  жетекші  өндірушілері-Oracle  (Oracle  E-
Business Suite және т.б.), SAP (SAP R/3 және басқалары), Microsoft (Microsoft 
Business Solution-Navision және Microsoft Business),  ірі ресейлік әзірлеуші-1С 
(1С: Кәсіпорын жүйесі). 
Тауар  қозғалысын  басқарудың  сауалдары  әрқашан  шаруашылық 
қызметтің  өзекті  мәселесі  болған.  Бірақ  олар  бізде  Қазақстанда  тек  XX 
ғасырдың аяғында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының бірі 
болды.  Негізгі  себеп-басымдылықтары  анықталатын  тұтынушылардың  тез 
өзгеретін  сұраныстарына  өндірістік  және  сауда  жүйелерінің  құбылмалы 
әсерінің  қажеттігін  туғызған  дайын  өнімнің  сатушылары  арасындағы 
бәсекенің дамуы. 
Нарықтық  қатынастардың  даму  жағдайында  материалдық-техникалық 
базаны  жетілдіру  ережелерінің  біртұтас  жүйелері  өзінің  бұрынғы  мәнін 
жоғалты. Әрбір  шаруашылық  субъект өз бетінше  нақты жағдайды бағалайды 
және  шешім  қабылдайды.  Әлемдік  тәжірибе  бәсекелік  күресте  логистика 
саласында  біліктілігі  бар  және  оның  барлық  тәсілдерін  игерген  ғана  
көшбасшы бола алатынын көрсетті [11]. 
Логистиканы  қолдану  саласын  кеңейту,  бұл  жақын  уақыттан  бері 
байқалған,  ең  алдымен,    материалдық  ағындарды  басқару  әдістерінің 
дамуымен  және  оларды  пайдаланумен  түсіндіріледі.  Бірақ  логистиканың 
негізгі    потенциалы  материалдық  ағындарды  басқаруды  жақсарту  немесе 
оңтайландыру болып табылады. 
Материалдық  ағымдарды  басқару  бойынша  негізделген  шешімдерді 
қабылдау  үшін  белгілі  білім  қажет.  Бұл  білімді  қалыптастыру  бойынша 
қызметті      логистикаға  жатқызады,  сондықтан  логистикаға  келесі  түсінік 
беруге болады: логистика-материалдық ағындардың тиімділігін жоғарлатудың 
жаңа  мүмкіндіктерін  іздеуге  байланысты  ғылыми  бағыт[5].  Логистиканың 
толығырақ анықтамасы[19]: Логистика-шикізат  пен материалдарды өндірістік 
кәсіпорынға  жеткізу,  шикізатты  зауыт  ішіндегі  өңдеу,  дайын  өнімді 
тұтынушының қызығушылығына және талаптарына сәйкес жеткізу, сондай-ақ 
тиісті ақпаратты өткізу, сақтау және өңдеу және т.б. үрдістерінде жасалатын 
жоспарлау,  бақылау,  тасымалдауды  басқару,  қоймалау,  материалдық  және 
материалдық емес операциялар туралы ғылым.  


 

 
Ғылым саласы ретінде  логистика келесі мәселелерді шешеді:  
-сұранысты болжау және оның негізінде қорларды жоспарлау; 
-өндірістің және көліктің қажетті қуаттылығын анықтау; 
-материалдық  ағынды  оңтайлы  басқару  негізінде  дайын  тауарды 
таратудың ғылыми қағидаларын құрастыру;  
-өндіріс  пункттерінде  және  тұтынушыларда  тасымалдау  үрдісін  және 
көліктік-қоймалық операцияларды басқарудың ғылыми негізін құрастыру; 
-логистикалық 
жүйелердің 
қызмет 
етуінің 
математикалық 
модельдерінің әртүрлі нұсқаларын құрастыру;  
-бірлесіп  жоспарлау,  жабдықтау,  қоймалау,  өткізу  және  дайын  өнімді 
алып кету. 
Логистиканы қолдану қажеттігін және оның мәселелерін зерттеуге деген 
қызығушылықтың артуы бірнеше себептермен түсіндіріледі: бірінші себеп  – 
сатушы  нарығынан  сатып  алушы  нарығына  өтумен  түсіндірілетін  бәсекенің 
дамуы. Мұнда өндіріс тиімділігін көтеру арқылы ғана табысқа жетуге болатын 
кезең өтті. 
Екіншіден,  жабдықтау,  өндіру,  таратудың  арнайы  үрдістерінің 
тиімділігін  көтеруге  жұмсалған  күштің  шоғырлануы-логистиканың  бүкіл 
баланстық жүйесінің тепе-теңдігін бұзуы мүмкін.  
Үшіншіден,  ғылыми-техникалық    дағдарыстың  жетістіктері  логистика 
жүйесінің бір бүтінге  консолидациясын жеделдетті.  
Төртіншіден,    логистика  шығындарды  азайтып  қана  қоймай,  негізгі  
стратегияны анықтай бастады.  
Логистиканың  тұжырымдамаларын  талдау  әлемдік  экономикадағы 
объективті  үрдістер  әсерінен  тарихи  жаңартылған  дамуының  кезеңдерін 
көрсетеді.  Логистизация  жасаудың  соңғы  кезеңі  және  оның  ең  жоғарғы  
формасы-әлеуметтік-экономикалық немесе басқа объектілерді басқару жүйесі 
ретінде берілетін жұмыс істеуге қабілетті логистикалық жүйелерді құру [9]. 
Логистикалық  жүйелерді құру-логистиканы қолданудың ең дұрыс және 
тиімді формасы, ол келесі себептерге байланысты:  
-арнайы  логистикалық  есептердің  кездейсоқ  шешімі  немесе  арнайы 
әдістерді қолдану жүйенің қызметінің түбегейлі өзгеруіне алып келмейді. Тек 
барлық  ЛЖ-ге  уақыттың  қажетті  тәртібінде  потенциалды  қолдану  негізінде 
басқарудың  өзара  байланысты  есептерінің  бүкіл  кешенінің  шешімі  ғана 
қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді; 
-логистиканың арнайы элементтерін және үзінділерін енгізу, жүйелерде 
көзге көрінетін жаңартуларды талап етеді. 
Логистиканың  зерттеу  объекттісі  материалды  және  онымен  бірге 
жүретін  ағындар  жүйесі  болып  табылады.  Логистикалық  тәсілдеменің  оның 
алдындағы тәсілдемеден айырмашылығы енді басқару объектісі ағын ретінде 
қарастырылуы, яғни ағын-уақыттың белгілі кезеңінде абсолютті бірліктермен 
өлшенетін және әйтеуір бір уақыт интервалында үрдіс ретінде жұмыс істейтін 
бір  бүтін  ретінде  қабылданатын  объекттер  жиыны.  Материалдық  ағындар 


 

 
тасымалдау,  қоймалау  және  шикізатпен,  жартылай  фабрикаттармен,  дайын 
өніммен жасалатын материалдық операциялар нәтижесінде құрылады.  
Тауар қозғалысының негізгі параметрлері-оның бастапқы және ақырғы  
пункттері, жолдар геометриясы (траектория); қозғалудың жылдамдығы және 
уақыты (траектория өлшемі), аралық пункттер және белсенділік.  
Негізінен, материалды ағындарды басқарудың логистикалық тәсілдемесі 
материал өткізгіш тізбектің арнайы буындарын материалды ағындарды тиімді 
басқаруды қамтамасыз ететін бір жүйе ретінде қарастыру болып табылады. 
Тауар  қозғалысын  басқарудың  дәстүрлі  әдісінде  әрбір  өнеркәсіп 
шешімдерді  өзі  қабылдайды.  Нәтижесінде,  бұл  ағынның  өзіндік  құны,  түсу 
сенімділігі,  сапасы  және  т.б.  параметрлері  тізбектен  шығу  кезінде  (1.1-
суреттегі  А  нүктесі)  кездейсоқ  таңдалады  және  олар  тауар  қозғалысына 
маңызды әсер етпейді. 
Логистикалық    тәсілдеме  кезінде  басқару  объектісі  ретінде  тауар 
қозғалысы  ағының  қарастырылады.  Мұнда  логистика  жүйесін  құрайтын 
өнеркәсіптер  функционалдық  үдерістерін  үйлестіріп,  ортақ  мақсатқа  жету 
үшін    бағытталады.  Осының  нәтижесі  тізбектен  шығу  кезінде  (1.2-сурет  Б 
нүктесі)  материалды  ағынның  жобаланған,  бақыланылатын  көрсеткіштері 
болады. 
 
 
1.1-сурет.  Материалды ағындарды басқарудың дәстүрлі әдісі 
 
Логистиканың  негізгі  экономикалық  әсері    материалды  ресурстардың 
көлемін  және  тауарды  жеткізу  уақытын  қысқарту  нәтижесінде  алынады. 
Сараптаушылар  бағалары  бойынша  логистиканың  әдістерін  қолдану  қор 
деңгейін    30-50%-ға  және  өнім  қозғалыс  уақытын  25-45%  -ға  қысқартуға 
мүмкіндік береді [5]. 
 


 
10 
 
 
1.2-сурет.  Материалды ағындарды басқарудың логистикалық әдісі 
Логистика  бойынша  барлық  әдебиеттерді  [5,8−19]  зерттей  келе, 
жұмыста қолданылған негізгі анықтамаларды береміз. 
Тауар қозғалысын жылжымалы күйіндегі материалдық ағындар ретінде 
анықтауға  болады,  оларға  бұл  ресурстардың  кеңістікте  физикалық  орын 
ауыстырумен  байланысты  логистикалық  операциялар  қолданылады  (өткізу, 
қалыптастыру, тиеу, түсіру және т.б). Егер өнім жылжымалы күйінде болмаса, 
онда  ол  қорға  айналады.  Осылайша,  белгілі  уақыт  мезетінде  қарастырылған 
материалдық ағын материалдық ресурстардың қоры болып табылады.  
Жалпы  қойылымда  логистика  тұрғысынан  қарағанда  ішкі  жүйелер 
ретінде  қызмет  ететін  логистикалық  жүйенің  түйіндерінде  материалдық 
ағындардың  пайда  болуы,  жаңартылуы,  жұтылуы  қарастырылады. 
Ақпараттық  және  қаржылық  ағындармен  байланысты  логистикалық  
операцияларға материалды ағын туралы ақпаратты жинау, құрастыру, сақтау 
және беру; жүк, жүкті жіберушілер  және жүкті алушылар туралы ақпаратты 
қабылдау  және  жіберу;  тауарларды  жеткізушілер  және  сатып  алушылармен 
жасалатын есептеулер және т.б. жатады.  
Логистикалық  жүйе  (ЛЖ)  –  материалды  және  басқа  ағындарды 
басқаруды  бір  үрдісте  байланыстыратын  буынның  элементтерінен  тұратын 
күрделі,  ұйымдастырылуы  аяқталған  экономикалық  жүйе.  Бұл  жүйе  белгілі 
функционалдық байланыстар орнатылған модульдер жиынынан тұрады.  
 «Логистикалық  жүйенің  буыны»  (ЛЖБ)  терминімен  өзінің  жергілікті 
қызметін  атқаратын  логистикалық  жүйенің  талдаудың  қойылған  есептері 
шеңберінде  кейінгі  декомпозицияға  жатпайтын  жүйенің  функционалды 
негізделген  объектісі түсіндіріледі.  ЛЖ модулі ретінде фирма-өндірушілер, 
ресурстарды жеткізушілер, сауда делдалдары, дайын өнімді сатып алушылар 
және т.б. қарастыруға болады. 
Логистикалық 
жүйемен 
логистикалық 
тізбек 
(ЛТ) 
ұғымын 
байланыстырады – логистикалық операциялардың белгілі терілімін талдау не 
жобалау  мақсатымен  материалдық  ағын  бойынша  сызықтық  реттелген  ЛЖ 
буындар жиыны. ЛТ-де алушыға тауарды жеткізу үрдісін жүзеге асыру үшін 
белгілі  логистикалық  операциялардың  жүзеге  асырылуы  қажет:  тапсырыс 
туралы  ақпаратты  алу  және  өңдеу,  өнімнің  қажетті  мөлшерін  тасымалдауға 
дайындау,  алушының  өнімді  қабылдауы,  тауарлық-көліктік  құжаттарды 
толтыру және т.б. Егер бір логистикалық операциялар ЛЖ әртүрлі модульдары 
мен  буындарымен  орындала  алса, бірнеше  нұсқалардың  ішінен  таңдау  және 
оларға  логистикалық  операцияларды  бекіту  есебі  пайда  болады.  Бұған  қоса 
есеп  минималды  жалпы  шығындар  критерийі  бойынша  шешіледі.  Әрбір 
логистикалық  операциямен  ЛЖ  нақты  буындарының  жасайтын  шығындары 
бірге  жүреді.  Сондықтан  жалпы  шығындар  тұжырымдамасын  логистикалық 
канал түсінігімен байланыстырады. 


 
11 
 
Логистикалық  жүйеге  жүйелік  тәсілдемеге  талдау  және  жобалауына 
қолдануға  мүмкіндік  беретін  белсенді  күрделі  жүйелердің  негізгі  қасиеттері 
тән:  
- күрделілік; 
-иерархиялық; 
-бүтінділік; 
-құрылылымдылық. 
Логистикалық  жүйе  құрамына  кіретін  элементтер-буындардың 
ерекшеліктері келесідей болады:  
-меншіктің  әртүрлі  формалары  және  ұйымдастырушы-құқықтық 
формалар; 
-қызмет ету сипаты мен мақсаттарындағы айырмашылық; 
-өндірістік 
қуаттылықтағы, 
өндіріс 
шоғырлану 
деңгейіндегі, 
тұтынылатын ресурстардағы айырмашылық; 
-үлкен  аймақта  техникалық  құралдардың  және  еңбек  ресурстарының  
таралуы;  
-көлік құралдарының  экстерриториалдығы және жоғары мобильділігі; 
-қызмет  резервтерінің  сыртқы  факторлар  және  көршілес  буындардың 
мөлшерінің көптігіне тәуелділігі. 
Мұнда  модульдердің  көбісі  өзінің  ұйымдастырушы-функционалдық 
құрылымы  және  қызмет  етуді  оңтайландырудың  локальді  критерийлері  бар 
логистикалық  басқарудың  субъекттері  мен  объекттерінің  синтезі  болып 
табылады, олар жалпы жағдайда ЛЖ мақсатына сәйкес болмауы мүмкін. Бұл 
логистикалық  жүйеде  басқаруды  қалыптастыруды  қиындатады  және 
логистикалық жүйенің объекттерінің координациясы және интеграциясы үшін 
жоғары логистикалық басқару мүшесін құру қажеттігіне алып келеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет