С.Қ. ҚҰлманов мемлекеттік тілді дамыту институтының



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата02.12.2022
өлшемі141,73 Kb.
#54367
1   2   3   4   5
Байланысты:
Kulmanov0513

сөз мәнмәтіні дегеніміз – осы сөз қолданылған сөздердің, грамматикалық тұлғалар мен
құрылымдардың жиынтығы.
Мәнмәтін ғылымда тар мәнмәтін (микромәнмәтін) және кең мәнмәтін (макромәнмәтін)
болып бөлінеді. Тар мәнмәтін – осы бірліктің сөйлем шегіндегі қоршауын құрайтын сөз
тіркестері немесе сөйлем болса, кең мәнмәтін дегеніміз – осы бірліктің сөйлем аясынан
шығып кететін тілдік қоршауы: бұл – мәтіндік мәнмәтін, яғни шектес сөйлемдердегі тілдік
бірліктердің жиынтығы. Кең мәнмәтіннің шекарасын белгілеу мүмкін емес, бұл сөйлемдер
тобы, азатжол, тарау немесе тіпті бүкіл шығарма (мысалы, әңгіме немесе роман) болуы
мүмкін. Тар мәнмәтінді синтаксистік және лексикалық мәнмәтінге бөлуге болады.
Синтаксистік мәнмәтін – қандай да бір сөз, сөз тіркесі немесе бағыныңқы сөйлем
қолданылатын синтаксистік құрылым болса, лексикалық мәнмәтін осы бірлік қоршауында
қолданылатын лексикалық бірліктердің, сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы
болып табылады.
Жағдаяттық (экстралингвистикалық) мәнмәтін сөйлемде айтылатын жағдай, уақыт
және мекен, сондай-ақ сөйлеушіге (аудармашыға) сөйленімдегі тілдік бірліктер жайлы


білімін дұрыс жеткізуге көмектесетін ақиқат болмыстағы кез келген факті [1, 105].
Біздіңше, аудармашы бір тілден екінші тілге аудару барысында екі тілдегі бірліктердің де
аталған мәнмәтін түрлерінде жұмсалу ерекшелігін басты назарда ұстауы керек.
Аудармашының шеберлігі түпнұсқа бірлігіне бірнеше сәйкестікті іздеп тауып, оның
ішінен мәнмәтінге сәйкес келетін нұсқасын таңдауынан байқалатындығы белгілі. Алайда
түпнұсқа тілдегі бірліктің бір немесе бірнеше аударма сәйкестігінің болуы осындай
сәйкестіктің кез келген аудармада міндетті түрде болатындығын білдірмейді. Кейбір
жағдайларда тілдік бірліктің мәнмәтінде қолданылу шарты аудармашыны жүйелі түрдегі
сәйкестікті пайдаланудан бас тартуға және түпнұсқа тілдегі бірліктің осы мәтіндегі
мағынасын барынша дәл беретін нұсқасын табуға мәжбүрлейді. Түпнұсқа тілдегі бірлікті
осы мәтінге ғана жарамды, жүйелі емес, ерекше аудару тәсілі окказионалды сәйкестік
немесе мәнмәтіндік ауысым деп аталады [1, 107]. Бұл сәйкестік түріне көркем әдеби,
публицистикалық шығармалар аудармаларынан көптеп мысалдар келтіруге болса да,
ісқағаздарында көп кездеспейтіндіктен, оларға тоқталуды жөн санамадық. Осы ретте
аудармашы кейбір жағдайларда сөздің окказионалды стилистикалық құрылымын ғана
емес, осы сөзге автор берген образды да өзгертуге мәжбүр болатынын [7, 41] да айта
кетуіміз керек.
Аударылатын тілде жүйелі сәйкестігі болмайтын түпнұсқа тілдегі бірліктер баламасыз
деп аталады. Баламасыз лексика неологизмдер арасында, ерекше ұғымдарды және ұлттық
реалийлерді атайтын сөздер арасында, танымал емес есімдер мен атаулар арасында
кездеседі. Проф. А. Алдашеваның пікірін келтірсек: «Сәйкестіктердің болмауы деген
терминнің аясына екі тілдегі баламасыз лексика (мысалы, Африка елдерінің тілдерінде
қар – снег деген сөз жоқ), ұлттық реалий атаулары (мысалы, шаңырақ, сәукеле), кісі
есімдері енгізіледі» [3, 30]. Мұндай баламасыз лексемалармен қатар жекелеген
морфологиялық тұлғалар, синтаксистік құрылымдар да баламасыз болуы мүмкін.
Баламасыз бірліктер екі тілдің (түпнұсқа және аударма) біреуіне ғана қатысты болып,
түпнұсқа тілдегі аударма тілге қатысты баламасыз бірліктердің басқа тілдерде жүйелі
сәйкестігі болуы мүмкін.
Аударма процесінде аудармашы аталған сәйкестіктер түрін қолдануда немесе
баламасыз бірліктерді аударуда және т.б. да көптеген жағдайларда қателіктер жіберіп
жататындығы шындық. Осы мәселені зерттеу нысаны еткен В.Н. Комиссаров бастапқы
мәтіндегі мағынаны берудегі аудармадағы қателіктердің сипатын төмендегіше жинақтап
көрсетеді:
1) түпнұсқа тілді жеткілікті түрде меңгермеу;
2) когнитивті тәжірибесінің, яғни бастапқы мәтінде сипатталатын ақиқат шындық
болмыс туралы білімінің жеткіліксіздігі;
3) бастапқы мәтіндегі мағынаға баса назар аудармау немесе автордың ойын түсінбеу;
4) бастапқы шығарма авторының жеке стилінің ерекшеліктерін ажырата білмеу [8, 94].
Бұл жіктемені негізге ала отырып, аудармадағы қателіктердің сипатына тереңдей
үңілсек, мұндай қателіктердің әртүрлі жағдайларға байланысты болатындығына және
оның жалпы аударма сапасына әсер ететіндігіне көз жеткіземіз. Мысалы, түпнұсқа




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет