С.Қ. ҚҰлманов мемлекеттік тілді дамыту институтының



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата02.12.2022
өлшемі141,73 Kb.
#54367
1   2   3   4   5
Байланысты:
Kulmanov0513

үкімет, Москва – Мәскеу, книга – кітап, документ – құжат және т.б. Жекелік сәйкестік
барлық жанрдағы аударма мәтіндеріне тән деуге болады.
Көптік сәйкестік түпнұсқа бірлігін аударуда мәнмәтін мазмұнына байланысты орын
алады. Мұндай жағдайда нұсқалық сәйкестіктің әрқайсысы бастапқы бірліктің мағынасын
жартылай, ішінара береді. Бұл турасында ғалым А. Алдашева: «Екі тілдің лексикалық
единицаларын салыстыру кезінде түпнұсқадағы сөздің лексикалық мағынасына
аударылатын тілдегі сөздің бірнеше семантикасы сәйкес келген жағдайда ішінара
сәйкестік пайда болады. Қазақ тіліндегі жүрдек деген сөздің орыс тілінде бірнеше
мағынасы бар: быстроходный, скорый, резвый. Тәржіма ісінде түпнұсқадағы тілдік
бірліктің қандай сөзбен тіркесімге түсіп тұрғандығын ескере отырып, осылардың бірін
таңдау – контекстуалды сәйкестікті, функционалды сәйкестікті іріктеп алу деген сөз»,
деп тұжырымдайды [3, 30]. Көптік сәйкестік көркем, публицистикалық шығармалардың
аудармаларында көп кездескенімен, ісқағаздары, ғылыми-техникалық аудармаларға
негізінен тән емес. Дегенмен, ісқағаздары аудармаларында кейбір сөздердің нұсқалары
кездесетіндігін айта кетуіміз керек. Мысалы, «назначение сөзі мәні, пәні, қолданысы деген
нұсқаларда аударылып жүр. Расында, назначение сөзі мақсаты болып аударуға
жақындайды. Ал мақсаты цель ұғымына жақындайды, сондықтан бұл қолданыс мақсаты
дегеннің ұғымын білдіретіндіктен, қолданысы деп алған орынды. Ал мәні немесе пәні деп
алынған тұстар шартты алынған тілдік тұлғалар болып саналады», [4, 125] дейді Е.


Әбдірәсілов. Дегенмен, қолданыс сөзінің де употребление деген баламасы болғандықтан,
қазіргі кезде назначение сөзі арналымы деп аударылып жүргендігін айта кетуге тиіспіз.
Сәйкестіктерді жоғарыдағыдай түрлерге бөлу, ең алдымен, лексикалық және
фразеологиялық сәйкестіктерге қатысты. Ал грамматикалық бірліктердің сәйкестігінің
сипаты басқаша болады. Грамматикалық мағыналар жалпылама сипатқа ие екендігі
белгілі және олардағы ақпарат нақтыланып, тиісті грамматикалық тұлғаларды иеленетін
лексикалық бірліктердің мағынасымен тығыз байланысты болады. Аудармада
грамматикалық тұлғаларды таңдау түпнұсқаның грамматикалық бірліктерін таңдаумен
ғана анықталмайды, жалпы сөйленімдегі берілетін ақпараттың ұйымдасуына байланысты
болады [5].
Аударма сәйкестігін сипаттауда, әдетте, екі тілдегі бір деңгейдің (лексикалық,
фразеологиялық, грамматикалық) бірліктері сәйкес келеді. Алайда сөйленімдер тілдің
әртүрлі деңгейлерінің негізінде құрылатындықтан, аударма процесінде де түпнұсқаның
белгілі бір бірлігі аудармада қандай құралдармен берілетіндігін алдын ала анықтау қиын.
Сондықтан деңгейаралық аударма сәйкестігі болатын жағдайлар кездесуі мүмкін.
Мысалы, ... орыс тіліндегі предлогі бар зат есімдер қазақ тіліне сын есім түрінде беріледі:
девушка из города – қалалық қыз; человек с характером – мінезді адам т.с.с. Орыс тілінен
қазақ тіліне аударғанда сөйлем мүшелері «ауыстырылуы» мүмкін: Книга прочитана мною
Мен кітапты оқып шықтым (толықтауыш бастауышқа ауыстырылған); В комнате
стояла жара – Бөлме қапырық болып тұр еді (пысықтауыш бастауыш түрінде
аударылған) [6, 12]. 
Сәйкестікті түпнұсқадағы бірліктің орнына аударма тілдегі бір бірлікпен механикалық
түрде орын ауыстыру ретінде түсінуге болмайды. Сәйкестік ұғымы аудармада қандай да
бір бірліктің сәйкестігін таңдауды немесе белгілі сәйкестікті пайдаланудан бас тартып,
аударманың басқа да тәсілдерін іздестіруді айқындайтын лингвистикалық және
жағдаяттық мәнмәтін ұғымымен тығыз байланысты. Лингвистикалық мәнмәтін қандай
да бір бірлік мәтінде қолданылатын тілдік «қоршау» болып табылады. Ал оның ішіндегі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет