әдетте, таза лингвистикалық негіздемесі болады және ол бір ғана ұғымды білдіруге
арналған құралдарды таңдаудағы тіларалық асиссемметрияға байланысты. Ал
«бостықтың» (пропуски) табиғаты басқаша және негізінен аудармашы білімінің
жеткіліксіздігінен туындайды [2]. Аудармашының
когнитивтік тәжірибесінің
жеткіліксіздігінен туындайтын мұндай қателіктерді негізінен көркем және
публицистикалық шығармалар арқылы көрсетуге болғанымен, олар негізгі белгілердің
бірі ресмилік, нақтылық болып келетін ісқағаздары және ғылыми-техникалық
аудармаларда ұшыраспайды.
Аудармадағы қателіктерді талдау аударма процесінен тыс, бірақ түпнұсқа мәтінді
аудармамен салыстыру арқылы оның нәтижесін бағалауға қабілетті қандай да бір сыртқы
«сыншы» тұрғысынан қарауға алып келеді. Осы сыртқы «бақылаушы» аударма
операциясының нәтижесін не трансформация ретінде, яғни «дұрыс», не деформация, яғни
«қате» аударма ретінде бағалауы мүмкін. Айырмашылық олардың негізділігінде ғана.
Аудармашының түпнұсқа мәтінді аударма мәтінге айналдыратын қандай да бір әрекетінің
негізділігі аудармашылық іс-әрекеттің дұрыстығына сын айтуға, аударма жұмысының
сапасын бағалауға мүмкіндік беретін басты критерий болып табылады [9]. Басқаша
айтқанда, бастапқы мәтіннің аудармаға айналуы сыншы үшін оның «кодталған ойы»
аудармашы ойымен сәйкес келгенде трансформация болады. Керісінше, егер
аудармашының мәтінді түсіндіруі (ойы) мен сыншының түпнұсқа мәтін мен аударма
мәтінді салыстырудан туғындаған түсінігі (ойы) сәйкес келмесе, онда сыншы аударманы
мәтінді деформациялау деп түсінеді. Сонымен, аударма сынында түпнұсқаның теріс
бағаланатын кез келген бұрмалануы деформация деп аталуы мүмкін. Алайда
аудармашының «кемшіліктері» барлық уақыт саналы түрдегі деформациялаушы әрекет
ретінде бағаланбауы керек. Өйткені мұндай әрекет көбінесе
cтилистикалық қателіктерге
қатысты болады және «аударма қателіктері» аталатын ұғымның шегінде қарастырылуға
тиіс.
Аталған қателік түрлеріне жол бермес үшін аударма
теориясында қалыптасқан
аудармаға, аудармашыға қойылатын талаптар ғалымдар еңбектерінде түрліше көрінеді
және ғылым дамыған сайын толықтырылып, жетілдіріліп отырады. Осы орайда біз Р.Н.
Тұмбаеваның іскери хатты аудару барысындағы талаптар мен аударма сапалы шығуына
қатысты ұсыныстарын келтіре кетуді жөн көрдік:
«Біріншіден, түпнұсқадағы тілдің жасалу жолдары мен әдістерін білу керек. Аудару
барысында қолданылған әдістер қиылыспай жатқанда, лингвоэтникалық түзетулер
енгізуге тура келеді. Бұған бір мысал ретінде орыс тіліндегі «Министерство юстиции»
деген атау қазақ тілінде «Әділет министрлігі» деп беріліп жүр, ал егер оны сөзбе-сөз
аударса, студенттің қателескені болып саналады. Жалпы кез келген тілде іскери хат әдеби
нормаға сәйкес аударылады. Бұл жерде эмоционалды сөздерді қолданудан аулақ болу
қажет, ол тек қана белгілі бір дәстүр шеңберінде қолданылады.
Екіншіден, аудармашы мәтін жөнінде жалпы түсінік ала отырып, оптималды жолмен
жүруі керек, ол дегеніміз мәтіннің байланысу формулаларын, кеңселік клишелерін,
қалыптасқан сөз тіркестерінің стилін т.б. қолдану ерекшеліктерін жете білумен
түсіндіріледі.
Сөзбе-сөз аудармай, бірыңғай эквиваленттер бірлігінің көмегімен,
айқындалған жолмен қажетті әдіс арқылы бару керек: байланысу формуласын дәстүр мен
әсерге бағыт жасай отырып, трансформация көмегі арқылы; концелярлық стильді –
әртүрлі варианттардың көмегімен; терминдерді – бірыңғай эквиваленттердің
сәйкестілігімен беру керек.
Үшіншіден, аударманы бітірген соң аудармашы мәтінді қайта тексеріп, аударманың
стильдік бірлігін түпнұсқамен салыстыруы және редакциялауы керек. Бұл үшін де
редакциялау техникасынан хабардар болу керек.
Аударманы редакциялау арқылы
аудармашы жіберілген қателеріне анализ жасап, сол арқылы аударма әдістерін меңгереді,
өзі үшін қорытынды жасай алады» [10, 403-404]. Сілтемені ұзақ келтіріп отырғанымыздың
себебі – бұл талаптар тек іскери хатты ғана емес, жалпы ісқағаздарын аударуға
қойылатындығында.
Жоғарыда айтылғандардан ісқағаздары аудармасында сәйкестіктердің барлық түрі
ескерілуге, аударма барысында қателіктер жібермеу үшін немесе мұндай қателіктерді
жөндеу үшін жалпы аудармаға, оның ішінде ісқағаздары аудармасына қойылатын
талаптар қатаң сақталуға тиіс деген тұжырымға келеміз.
ӘДЕБИЕТ
1
Паршин А. Теория и практика перевода. 2000. –189 с.
http://teneta.rinet.ru/rus
2
Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с русского языка на английский:
Учебное пособие. 2-е изд., испр. и доп. –М.: Изд-во УРАО, 2000. – 208 с.
3
Алдашева А. Аударматану ғылымының басты ұғым-түсініктері туралы
//
Аударматану. –Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. –21-30-бб.
4
Әбдірәсілов Е. Ісқағаздарын аудару тәжірибесінен // Аударматану. –Алматы: «Тіл»
оқу-әдістемелік орталығы, 2008. –122-126-бб.
5
Құлманов С. Аудармада грамматикалық құралдарды таңдаудағы құрылымдық және
когнитивтік мәселелер // Materiály IX mezinárodní vědecko – prakticka conference «Aktuální
vymoženosti vědy – 2013». Díl 11. Filologickě vědy: Praha. Publishing House «Education and
Science» s.r.o. –S.58-62.
6
Жақыпов Ж. Аударма процесіндегі трансформалау әдісі // Аударматану. –Алматы:
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. –12-21-бб.
7
Калабекова Л.Т. Способы языкового означивания лингвокультурологической
составляющей в переводе // Materialy VI Międzynarodowej naukowi-praktycznej konferencji
Europejska nauka XXI powiek-2010. Volume 11. Filologiczne nauki.: Przemyśl. Nauka I studia.
–Pp. 38-41.
8
Комиссаров В.Н. Современное переводоведение. Учебное пособие. – М.: ЭТС. 2004. –
424 с.
9
Алексеева И.С. Введение в переводоведение. –М.: Изд. Центр «Академия», 2004. –347
с.
10
Тұмбаева Р.Н. Студенттерге жазбаша аударманың негізгі принциптерін үйретудегі
бағыт
// ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері,
филология ғылымдарының докторы,
профессор Нұржамал Оралбайдың 85 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи
филологиялық ғылымдар» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
материалдары. –Алматы, 2013. –403-404-бб.