Педагогикалық жағдаят №29 Анасы баласына жаңа аяқ киім (кеды) сатып алып береді. Бірақ біраз күннен кейін бала үйге аяқ киімсіз келді. "Жаңасын алу керек дейді ол анасына "
- Менің аяқ киіміммен балалар үзілісте футбол ойнап, қайда тастағанын білмеймін, барлығымыз іздедік бірақ таппадық, - дейді.
Анасы баласын осы үшін жазалайды.
- Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №30 10 жастағы бала мектепке әрдайым дене жарақатымен келеді. Педагог сұрағына, анасы: бұл жастағы балалар әрдайым әр нәрсеге ұрынып жүреді сол себептен деп жауап береді. Педагог сұрақты қайта қойғанда анасы «Бұл менің жеке өмірім, оған ешкімнің араласуға құқығы жоқ» - деп жауап берді.
- Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №31 Екі ата-ана балалары жайында әңгімелесіп отыр. Біреуі мақтана қызына компьютер сыйлағанын айтты. Ал екіншісі оның дұрыс емес екенін айтты: "Бекер алып бердіңдер, енді компьютер алдында сағаттап отыратын болады, көруі нашарлайды, өмірге бейімделмеген, жан жақты болмайды", - деп кесіп айтты.
Сұраққа жауап таңдаңыз:
Қазір компьютерсіз жүру мүмкін емес.
Компьютер ол ақпарат көзі.
Компьютер баланың денсаулығына зиян.
Компьютер бала психологиясына әсер етуі мүмкін.
Компьютер дұрыс пайдаланса өте пайдалы құрал.
Сіздің шешіміңіз
Компютердің пайдасы мен зияны туралы өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №32 Көшеде сізге тоғыз жасар кішкентай қыз келіп, жылап анасы оған 500 теңге беріп нанға жұмсағанын, ал дүкенге барар жолда ақшасын жоғалтып алғанын айтады. Қыз сізден оған ақша беруін өтінеді, себебі, анасы оған қатты ұрсатынын айтады.
Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:
Бас тартамын, бұл жағдай оған сабақ болып, келесі жолы ақшаға немқұрайлы қарамайтын болады.
Баланы аяп, оған ақша беремін.
Балаға оның анасына бірге баруды ұсынамын және бұл жағдайды ақылмен шешуге тырысамын.
Полицияға телефон шалып, мұндай жағдайда өзімді қалай ұстау керектігі жөнінде ақыл сұраймын.