Педагогикалық жағдаят №11 Қоңырау уақытында үшінші сыныптың екі баласы біріне-бірі мініп ойнап жүр.
- Мұндай жағдайда Сіз не істейсіз?
Педагогикалық жағдаят № 12 Өзіңізді Білім және ғылым министрі деп елестетіңіз. Білім сапасын жақсарту үшін қандай іс-әрекеттер жасар едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №13 Сіздің Педагогикалық мамандықты таңдауыңызға не әсер етті?
Педагогикалық жағдаят № 14 Мұғалімдер күніне Сізге педагог антын дайындау тапсырылды. Сіздің ойыңызша ол қандай болуы керек?
Педагогикалық жағдаят № 15 Сіздің мамандық таңдауыңызға кімнің ықпалы зор болғаны жайлы айтып беріңіз.
Педагогикалық жағдаят №16 Өзіңіздің сүйікті мұғаліміңіз жайлы айтып беріңіз. Оның бойында қандай қасиеттер бар?
Педагогикалық жағдаят № 17 Сіздің ойыңызша болашақтың педагогы қандай болуы қажет? Сіздіңше, қазіргі мұғалімдердің қайсысы осындай сапаларды меңгерген?
Педагогикалық жағдаят № 18 Сізге «Қоғамның қазіргі даму сатысында білім беру жүйесінде, мектепте, мұғалімде қандай қиындықтар (мәселелер) бар?» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?
Педагогикалық жағдаят № 19 Сізге «Мұғалімдік мамандықтың болашағы» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?
Педагогикалық жағдаят № 20 Мұғалім тұлғасы, еңбек сапасы мен өнімділігі көп жағдайда оның өз білімін жетілдіру әрекетіне байланысты екендігін дәлелдеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 21 Сізге Педагогикалық мамандық жарнамасының тұсаукесерін, сценарийін даярлау тапсырылды.
- Сіздің материалдарыңыздың мазмұны қандай болады?
- Педагогтың сөздік портретін жасаңыз.