С. М. Бахишева 2019ж «Келісілді»


Педагогикалық жағдаят №20



бет5/10
Дата16.09.2023
өлшемі128,5 Kb.
#108206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ped-sityasiya-0111000-kz

Педагогикалық жағдаят №20
Орта буын сыныптарындағы оқушылардың тәртіптерінің нашарлауы (үзілістегі қыз балалардың төбелесуі, сабақ үстінде әңгімелесіп отырулары) олардың үлгерімдеріне қатты әсер ете бастады. Сынып жетекшілері бірнеше сыныптағы балалардың мінез - құлқындағы өзгерістерді әлеуметтік педагогқа баяндады.


Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №21
Педагогтың: «Мен сенің әжетханада темекі шеккеніңді көрдім» деген сұрағына
Оқушы: «Сабақ үстінде емес қой. Негізінде әжетхана мектептің іші емес. Біз ол жерде не істесек те өзіміз білеміз»,- деп жауап қайтарды.


Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №22
Педагог ұялы телефон қолынан түспейтін оқушыға: Ұялы телефонды дыбыссыз режімге қойыңыз не болмаса өшіріңіз дейді. Оқушы болса – мен олай жасай алмаймын, себебі мен ватсапта отырмын. Мен ешқашан телефонсыз жүре алмаймын, ұйыктасамда телефонмен бірге ұйыктаймын дейді.


Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №23
Жартыжылдық қорытынды бақылау жұмысы кезінде оқушы әжетханаға сұранады. Мұғалім рұқсат берді - тек телефонды тастап кетуін талап етті. Оқушы «Жоқ тастамаймын, анам айтқан телефонды тастама деп, себебі қазір әртүрлі жағдайлар болып жатыр деген» - дейді.


Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №24
Сіздің сыныптасыңыз біреудің телефонын ұрлап алды. Сіз ұрлықтың куәгері болдыңыз.

  1. Көрмегендей кейіп танытам. Себебі, ол менен мықты, білсе соңы қиын болуы мүмкін.

  1. Ересектерге (мектеп директорына, мұғалімге) хабар берем.

  1. Сыныптасымның ата - анасына айтамын.

  2. Осы жағдайды сынып талқысына салам.

  3. Сыныптасыммен сөйлесіп, оның қылығының дұрыс емес екенін түсіндіріп, кешірім сұрай отыра телефонды иесіне қайтарып беруін сұраймын.

  4. Басқа шешім.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет