Педагогикалық жағдаят №25
Сіз – сынып жетекшісіз. Ата-аналар сыныпқа соңғы үлгідегі компьютер сыйлап, оқу жылының аяқталғанын атап өтуді ұсынды.
Осы жағдайда сіздің іс әрекетіңіз:
Сыйлықты қабылдап, шақыруға келісем.
Сыйлықтан бас тартып, бірақ шақыруды қабыл алам.
Бәрінен бас тартып, ата – аналармен әңгіме өткізем.
Шақырудан бас тартам, бірақ сыйлықты қабыл алам.
Сіздің шешіміңіз
Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №26
Жасы егделеу кондуктор жолаушының ақшасын алып жатып, сізге жақындау жерге 1000 теңгені түсіріп алды.
Сіздің осы жағдайдағы әрекетіңіз:
Ол өзінің ақшасы өзі көтерсін.
Кондуктор өзі түсірді, өзі алсын.
Әрине, көтерем
Басқа біреу көтергенін күтем.
Сіздің жауабыңыз.
Өзіңіз таңдаған жауапты негіздеп беріңіз.
Педагогикалық жағдаят №27
Оқу орындарына қабылдау емтиханына дайындық кезінде мектеп түлектеріне, олардың ата-аналарына бірнеше кеңес беріңіз...
Педагогикалық жағдаят №28
Ата-анаңыз үйде жоқ кезде сіз өзіңіздің сыныптас достарыңызды үйге шақырдыңыз. Кешке үйде ақша жоғалғандығы анықталады. Сіз өзіңіздің ақша алмағаныңызды білесіз. Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:
Ата - анаңызға үйде қонақта сыныптас достарың болғанын және нақты кім екенін айтасыз.
Үндемейсіз, бірақ кейін өзіңіз ақшаны кім алғанын анықтайсыз.
Сынып жиналысында сыныптастарыңызды айыптайсыз.
Өз жауабыңыз.
Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №29
Сіздің сыныбыңызда математика мұғалімі сабақ барысында үнемі дауыс көтереді, балағаттайды, ал ккейбір оқушыларды ұрып та жіберуі мүмкін.
Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:
Басқа сыныптастарыңыз сияқты үндемей көз жұма қарайсың.
Бұл жайлы сынып жетекшісіне, директорға немесе ата – аналарға айтасыз.
Мұғалімнің бұл әрекеттерін ұялы телефонға түсіріп, интернет желісіне саласың.
Мұғалімнің әрекетіне қарсы шығып, ескерту айтасың.
Өз жауабыңыз
Жауабыңызды негідеңіз
Достарыңызбен бөлісу: |