С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет54/97
Дата02.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#64523
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға

1. Салыстырмалы шырай бір заттың сынын (я сапа-сын, түсін) екінші заттың бір тектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол салыстыратын белгілердің (түстердің) бір-бірінен я артық, я кем екенін білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалады. Ол қосымшалар а) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: үлкен-үлкенірек, ащы-ащырақ, биік-биігірек, жасыл-жасылырақ, қалың-қалыңырақ т.б.
ә) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: толық-толықтау, кіші-кішілеу, қоңыр-қоңырлау, ұзын-ұзындау т.б.
Бұл екі қосымша барлық сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасай береді. Сондай-ақ жекелеген сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын да жұрнақтар бар. Олар:
1) –ғыл,-қыл,-ғылт,-қылт, -ғылтым,-қылтым. Мысалы: ащқыл, ащқылтым, сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым, т.б.
2) –шыл,-шіл, -шылтым,-шілтім: мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшыл, көкшілтім, ақшылтым.
3)-ғыш, ілдір: Мысалы: сарғыш, көгілдір, бозғыш, т,б.
4)-аң,-қай,-ша,-ша. Мысалы: қуаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкше, ақша, сұрша, т.б.
2. Күшейтпелі шырай біркелкі сындардың бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі. Ол бір заттың бастапқы сынын (белгісін) күшейтіп, асыра көрсетіп тұрады да, күшейтпелі буын немесе өте, аса, ең, тым,нағыз, орасан, ыңғай, кілең, тіпті т.б. күшейткіш үстеулері арқылы жасалады:
а) қызыл-қып-қызыл, жас-жап-жас, ұзын-ұп-ұзын, қысқа-қып-қысқа, толық-топ-толық т.б. Тек ақ, көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде аппақ, көкпеңбек болып бірігіп жазылады.
ә) биік - тым биік, тәтті – аса тәтті, жақсы – ең жақсы, күшт - өте күшті т.б. Сондай-ақ кейде күшейтпелі (асырмалы) шырайға заттың ілік септікте, оның сындық белгісін білдіретін сапалық сын есім тәуелдік жалғау тұлғасында және жіктік жалғау (3-жақ нөлдік) формасында предикат қызметінде немесе сынның ілік септігінде жоне сол сынның қайталанып тәуелдік (3-жақ) тұлғасында предикат қызметінде қолданылуы да жатқызылып жүр: таудың биігі, жігіттің жақсысы, көзімнің қарасы және жүйріктің жүйрігі, жуанның жуаны, сарының сарысы т.б. (ҚТГ, І, 89). Бұндай конструкцияларда салыстыру, күшейтпелі мәннің болуын жоққа шығармасақ та, ілік септік пен тәуелдік және жіктік жалғаудың заттық, субстанттық және предикаттық мәні мен қызметін естен шығаруға болмайды. Сондықтан да ол шырай формасы бола алмайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет