14.АЙТПАУ /ҮНДЕМЕУ-
Аузына маржан салу
Аузына құм құйылу
Дабыра //қылмау// етпеу
Жақ ашпау
Жұмған аузын ашпау
Жұртқа жаймау
Жабулы қазан жабуымен қалу
Мал құлағы саңырау
Пәлен демеу
Сыр шашпау
Тіс жармау
Тіс жарып сөйлемеу
15. ЖАУАБЫН ҚАЙТАРУ/әрекетке байланысты/ -
Алдына келтіру
Қаруын қайтару
Қарымтасын қайтару
Өз табағын өзіне тарту
16. АЙҚАЙ /қатты түрі/-
Дауысы құлақ жару
Жан даусы шығу
Жер көкті басына көтеру
Құлында құлыны шығу
Құлындағы дауысы құраққа шығу
Құлындай шырқырау
77
17.АЙТУ МӘНЕРІ /ойды, сөзді/-
Ағынан жарылу
Алдына жайып салу
Ашығын айту
Барын //салу// төгу*/қолы ашық/
Майдан қыл суырғандай /анықтап айту/
Майын тамызу/әсерлі етіп айту/
Құлағына құю*/түсінікті етіп айту/
Қолмен қойғандай етіп айту
Өнерін салу*/барынша тырысу/
Судай сөйлеу /басқа тілде/
Таңдайы тақылдау
Тақырлап айту /диалект/
Тілін безеу
18.СӨЙЛЕСУ, АЙТУ –
Ауызба - ауыз айту
Ауызекі сөйлесу
Беттесіп сөйлесу
Жата-жастана сөйлесу
Жалпақ тілмен айту
Сөз қату
Үн қосу
19.ӨТКІР ТІЛ –
Орақ ауыз, от тілді*/шешендік/
Өткір тілді
Тілі мірдің оғындай*/ шешендік/
20.СӨЗІН ЕЛЕМЕУ -
Қаперіне /-де/ алмау
78
Сөзі аяқ асты болу /сөзін аяқ асты ету/
Сөзі далаға кету
Сөзі жерде қалу
Сөзі зая болу
Сөзін бит шаққандай көрмеу
Сөзіне құлақ аспау
VІ. Адамның жеке басына қатысты қасиеттері туралы айтылатын
мағыналас фразеологизмдер
1. МІНСІЗ –
Жерден пішіп алғандай*/шеберлік/
Молдан ойып алғандай
Қолмен қойғандай
Қыздың жиған жүгіндей
2. САБЫРЛЫ –
Ақпан соқса да өлмейтін, тоқпан соқса да өлмейтін /шыдамды/
Етінен ет кессе де мыңқ/былқ/ етпу
Жер жылыжыса жылжымау
Жер қозғалса да қозғалмау
Үстінен түйе өтсе де былқ етпеу
3. АҚ КӨҢІЛ-
Аузын ашса көмекейі көрінетін
Кеудесінде инедей кірбеңі жоқ
Қулық - сұмдықты білмейтін
Терісі кең
4. БАТЫРЛЫҚ –
Жүрегінің түгі бар
79
Жүрек жұтқан
Жылан жұтқан
Көзсіз батыр
Көкжал бөрі
Қасқыр жүректі
Табаны жаудан таймаған
5. ШЕБЕР –
Ағаштан түйін //түйме// түю
Балды бармақ
Бармағынан бал таму
Бес аспап
Бит қабығынан биялай тоқу
Жердің жарығын бітеу*/тынымсыз, еңбекқор/
Қолы епті /жүйрік/
Қолынан мөрі таму
Он қолы он кісі, қара басы бір кісі
Он саусағынан //қолынан//, //бармағынан// өнері тамған
Темірден түйме түю
Ісмер адам
6. ЖОМАРТ –
Кең пейіл
Қолы ашық
7. АДАЛ –
Аққа құдай жақ
Біреудің ала жібін аттамау
Судан тұнық, сүттен ақ
Сүттей ақ, судай таза
8. МЕРГЕН –
80
Атқан оғы айнымау
Атқан оғы далаға кетпеу
Иненің көзінен өткізу
Құралайды көзге ату
Мергеннің мергені
Сұр мерген
Шидің шетіне қонған шегірткені атып түсіру
9. ЕПТІ –
Жұғымы бар \адам\
Жүзіктің көзінен өткендей*/сүйкімді/
Жібі //сөзі// ширақ*/пысық/
Қолы жүйрік
Қолы қолына жұқпау
Оңқай асықтай жылдам
10. СЫПАЙЫ -
Қыз мінезді
Қыздай сызылған
Сөзі майда
Тойған қозыдай*/сүйкімді/
Ізет /әдеп/ сақтау
11. ЖАЛҒЫЗ АДАМ ТУРАЛЫ –
Қарақан қу басы
Қу тізесін құшақтау
Құт қара басы
Соқа басы
Сопайған соқа басы
12.НИЕТІ ЖАҚСЫ АДАМ –
Көңілі түзу
81
Ниеті мақұл //ақ//, //жақсы//, //түзу// дұрыс
Сәлемі түзу
Ықыласы түзу
13.ЖУАС –
Қой аузынан шөп алмайтын
Қойда-н/-й/ жуас
Қойдан қоңыр, жылқыдан торы
Мұрнын тескен тайлақтай
14.АШ КӨЗ –
Құдай құлқынын алу
Құлқыны ашылу
Құлқыны жаман
Құлқынының құлы
15.МАҚТАНШАҚ АДАМ –(қасиеті, кейпі туралы)
Айдарынан жел есу
Ауызбен айды алу
Ауызбен орақ ору
Жел өкпе
Кеппе кеуде
Көбік өкпе
Көнектей болу
Күбідей ісіну
Қызыл сөзден бал жағу
Мақтанның құлы
Танауы шелектей болу
Ісіп - кебу
16.ПАРА БЕРУ ТУРАЛЫ –
Алақанына қыстыру
82
Артқы есікпен жүру
Аузын алу
Бара берме,пара бер
Бармақ басты, көз қысты
Жауырды жаба тоқу
Жең ұшынан жалғасу
Көз жұмбайға салу
Көмейін босату
Көмейін бітеу
Көмейін тығындау
Көмейіне бірдеңе өткізу
Құлқынына тығу
Малды шашу
Мұртын майлау
Ішкізіп, жегізу
17.САРАҢ –
Аузын қу шөппен сүрту
Жер жастанып, су сүйеніп отыру
Жеті атасын мал өлтіру
Жұмыртқадан жүн қырыққан
Қарабайдай сараң
Қолы қатты
Қолы тар
Қу бастан қуырдақ алған
Құнанын құдайындай, тайын тәңіріндей көру
Тас болу
Шық бермес Шығайбай
18.ОПАСЫЗДЫҚ –
Дастарханын аттау
Дәмін арамдау
Дәм-тұзын аттау
Күле кіріп, күңірене шығу
83
Құдай сүйер қылығы жоқ
Су ішкен құдыққа түкіру
Тамағын ішіп, табағына т...у /дөрекі/
19.ҚЫЗҒАНЫШ –
Жарылып өлу/қызғаныштан/
Көре алмау
Өзегі өртену
Өзегіне //шоқ // құрт түсу*/ғашықтық/
Іш тарлық жасау
Іші әлем –жәлем болу*/өкініш/
Іші жарыла жаздау
Іші күю
Іші у жалағандай болу*/өкініш/
Ішіне қыл //шынашақ//, //пышақ// айналмау
20.БАТЫЛСЫЗДЫҚ
Батылы //дәті// бармау
Жүзі //беті// қайту
Жүрегі дауаламау
Жүрегі //көңілі// шайлығу
21.БЕРЕКЕСІЗ ІС –
Әр нәрсенің басын бір шалу
Басы бапан, аяғы сапан
Кенеуі кету
Қалай болса, солай
Қоярға жер таппау /бірдеңені /
Сәні кету
22. УӘДЕШІЛ –
84
Аяғы сұйылып кету/уәденің\
Әзір асқа аяғын ала жүгіру*/жалқау/
Әзір асқа тік асық*/жалқау/
Басы таудай, аяғы қылдай /уәденің\
Қашпаған қашардың //сиырдың// уызы */дәмету/
Құрғақ уәдеден қуырдақ қуыру
Сиыр құймышақтану /-ып/ кету/
Сөз /су/ аяғы құрдым
Сөз бұйдаға салу
Сөзі екі ұшты
Уәдеге күпті болу
23. ЖАЛҚАУЛЫҚ –
Ай қарап, жұлдыз санау
Айдабол, ас ішкенде пайда бол! /әжуа/
Ас ішіп, аяқ босатар /жақтырмау/
Жатып ішер
Жұмысқа қолы бармау
Кежегесі кейін тарту
Керенау тарту
Көк жалқау
Көк желкесінен тарту
Қазан үстінен күн көру
Қол қусырып қарап отыру
Қолынан боқ та келмеу /менсінбеу/
Құр нан соғар /жақтырмау/
Мойны жар бермеу
Омалып отыру
Он /мың/ салса бір баспау
Тұяғы қимылдамау
Тышқан мұрнын қанатпау*/сараңдық/
Шошқа тағалау /мысқыл, әжуа/
Шөптің //бұрау//, //қурайдың// басын сындырмау
24. ТҮСІНБЕСТІК –
85
Ақылға сыймау
Көңілге қонбау
Миға кірмеу
Миына қонбау
Мұрнына иісі келмеу
25. БОС БОЛБЫР АДАМ –
Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсу
Бос белбеу
Қамшысын алып беруге жарамау /жақтырмау/
Қуыс /қурай/ кеуде /жақтырмау/
Орнына қуыс қурай /кекесін/
Сиырдың жас боғындай /дөрекі, мазақ/
Су мұрын /жақтырмау/
Сүйегі жасық /менсінбеу/
Түйе үстінен ит қапқан*/икемсіз/
Тірі өлік /жақтырмау/
26. ЫНТЫМАҚСЫЗ –
Басы бір қазанға сыймау
Басы бірікпеу
Сыйыса алмау
27. ТҰРАҚСЫЗ –
Әр нәрсенің басын бір шалу
Не болса соны айту*/мылжың/
Табаны тайғақ
Табанының бүрі //бұдыры// жоқ
28.СҰҒАНАҚ –
86
Қасапшының пышағындай //итіндей// жалаңдау
Сумаң қағу
Сұғанақ көз
Өліп кете жаздау*/ашкөз/
29. САЛАҚ, ЛАС –
Боғы ботқа, сідігі сірке /дөрекі/
Қазанына қаспақ қатқан
Қазанының қаспағы бес елі
Қалай болса, солай*/берекесіз іс/
Майлы қолтық, салпы етек /әйел/
Нас басқанды бит басқан
30. ПЫСЫҚ –
Атқа мінер
Аттыға //аяқтыға// жол, ауыздыға сөз бермеу
Аузының //қолының// ебі бар
Есіктен шықса тесіктен, тесіктен шықса есіктен келу
Жанып тұрған от /сүйсіну/
Жүзіктің көзінен өту*/сүйкімді/
Қолды - аяққа тұрмау /тұрмайтын/
Майлығы мен сулығына бірдей/Майлық пен сулыққа бірдей
Өз тасын төрттен қою (өз пайдасына шешу)
31. МЕЙІРІМДІЛІК –
Алпыс екі тамыры ию
Ет-жүрегі елжіреу //езілу
Жаны ашу
Мейірі //көңілі// түсу
87
32. МЕЙІРІМСІЗ –
Кесіп алса қан шықпау
Көн көңілді
Тас бауыр
Тезі қатты
33. ҚАТАЛ –
Без бүйрек
Бет бақтырмас
Жаннан безген
Кесіп алсаң қан шықпайтын жан*/сараң/
Қатты кісі
Құдайдан безген
Сегіз кессе де сіркедей қан шықпау*/ сараң
Тас бауыр*/мейірімсіз/
Тастан қатты
34. ҰРЫ ТУРАЛЫ –
Баукеспе ұры
Көк тақым ұры
Қан шелек
Қанды балақ қарақшы
Қолының сұғанақтығы //жиендігі//, //жымысқысы// бар
Сары тоқым
Суық қолын сұғу
Іліп /қағып/ кеткіш
35. ҚЫҢЫР –
Кер езу
Қияңқы мінез
Қыңыр мойын
88
Сыңар жақ /езу/
36. ЖАЛТАҚТЫҚ –
Жалтаң көз болу
Жаутаң қағу
Көген көздену
Күні қараң
Қолына қарау
Табанының бүдірі болмау/жоқ/
37. АҚЫЛСЫЗ –
Ақылы алқымынан аспау
Ақылы ауу //ауып кету//
Ақылы к...інен аспау/дөрекі/
Ақылдан кенде болу
Ақылдан шайнам жоқ
Ақылы //тапшы// келте
Есектің миын жеген
Тауықтың миындай ми жоқ
38. БАҚЫТСЫЗ, СОРЛЫ-
Маңдайының соры бес елі
Соры арылмау
Соры қайнап, сорпасы төгілу
Соры қайнау
Соры сопақ астаудай
39. ҚАНЫПЕЗЕР АДАМ –
Қанға жерік
Қан құйлы
Қаны бұзық
Қара ниет //көңіл//
89
40. МЕНМЕНДІК –
Бақайына келтірмеу
Жеңімен //жең ұшымен// сәлем беру
Жер-суға сыймау
Кердең басу /мысқыл/
Кеуде көтеру //көрсету
Кеудесін қағу*/мақтаншақ/
Көшеге сыймай жүру /кекесін/
Құдайын ұмыту/жақтырмау/
Құлақ аспау
Мұрнынан есек құрты түсу*/мысқыл/
Мүйізі шығу
Түкірігі жерге түспеу
Ханға сәлем бермеу
41. ЖАЛПЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТУРАЛЫ –
Ақылы азық, сөзі сусын
Аузы /сөзі/ дуалы
Аузына қарату /елді, жұртты сөзі мен ісімен/
Әдеп /тәрбие/ көрген
Қара жаяу емес /әр нәрседен хабары бар/
Құйма құлақ
Құр алақан емес
Сөз ұстар /ұстаған/
42. ҚУ, АЙЛАКЕР
Биттің ішіне қан құйған
Бір тасы қойнында жүру
Ит к...нен ине алған
Жер құртқан
Жыланның аяғын көрген
Қырық қалталы
Мүйіз ішінде жасырыну (жамандығы ішінде)
90
Тырнағын көрсетпей сыйпау (қулығы ішінде)
VІІ.Адамның қоғамдағы әлеуметттік жағдайы, орны, тұрмысына
қатысты фразеологизмдер
1. ЕРЕКШЕ БОЛУ /КӨРІНУ /-
Елден ерекше
Көзге шыққан сүйелдей /жек көру, ұнатпау/
2. АТАҒЫ ШЫҒУ –
Атадан асып туу
Атағы жайылу
Атағынан ат үркетін
Атаққа ие болу
Даңқы шығу
Дүрілдеп тұру
Ел аузына іліну
Көзге түсу
Мыңнан озған, жүзден жүйрік
Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар
3. АБЫРОЙЛЫ БОЛУ –
Беделі көтерілу //арту//
Мерейі /мәртебесі/ үстем болу
Шоқтығы биік болу
4. БАСТЫҚ БОЛУ –
Дәурені жету //келу
Дәуірі жүру
Дүниенің тұтқасын ұстау
Жіліктің майлы басын ұстау /пайдалы қызмет/
Заманы келу
Қазанның құлағын //тұтқасын/ ұстау
91
5. ЖОҚТЫҚ –
Ағаш ерге жіп ұйысу
Ит мініп, ирек қамшылау
Қолы қысқа
Тапқаны тамағына, жұтқаны жұмырығына/-н/ жетпеу //артылмау
6.БІРГЕ ӨСУ–
Бірге өсіп, біте қайнау
Жұбын жазбай бірге өсу
Құлын -тайдай тебісіп бірге өсу
7. СҮЙЕУІ ЖОҚ –
Байпағынан басқа сүйенері жоқ
Еш бір арқа сүйері жоқ
8. ТЕҢ КЕЛМЕУ /біреуге, бірнәрсеге салыстырмалы түрде
менсінбегенде айтылады/ -
Астар бола алмау
Басқан ізіне тұрмау /менсінбеу/
Жіп те есе алмау
Садаға кетсін! /менсінбеу/
Тұяғына тең келмеу /менсінбеу/
Тырнағына тұрмау /қорашсыну/
Ширегіне тең келмеу
9. ДӘРЕЖЕСІ ТЕҢ БОЛУ-
Есіктегі басы төрге жету
Қатарға қосылу
Санатқа ілігу //қосылу
Таразысы тең
Терезесі тең болу
92
Өз аяғына мініп кету
10.ЖАСЫ ҮЛКЕН АДАМДАР–
Ақ сақал, қара сақал
Арқа сүйеу/таяныш
Бір көйлек бұрын тоздырған
Жолы үлкен
Кәрі //көне// құлақ
Кәрі шөңге /айласы көп/
Көне көз
Көпті көрген
Сөзі өтімді*/кейде жасқа қарамай беделге қатысты айтылады/
Ыстық суықты көрген
11.СЫРТҚА ТЕБУ-
Адам қатарына қоспау /менсінбеу/
Алыс /бөтен,//жат/, санау /көру/
Арам без көру
Далада қалу
Ел қарасын көрмеу /көрсетпеу
Елеусіз қалу
Кеудесінен итеру
Көзге ілмеу
Қиыр жайлап, шет қону
Санаттан шығару /елемеу/
Санда бар, санатта жоқ
Сыртқа тебу
Шет қақпай болу
Шетке қағу
Шетке шыққан саяқтай кету
Шіріген жұмытқа*/бас тарту/
12.КЕДЕЙЛІК ТУРАЛЫ-
93
Асқа бағу (жарымай отыру
Ата - бабасынан түк көрмеу
Аузы аққа жарымау
Ауы атқа, аузы асқа жарымау
Биті балағына түсу
Битін қуырып жеу
Битін сығып, қанын жалау
Жұрдай болу
Ері мойнына кету
Ер тоқымын арқалап қалу
Иті үрмей, түндігі ашылмай қалу
Кедейдікі көзеде
Кедейдің аузы аққа тисе мұрны қанайды
Кедейдің жеті қаңтаруы бар
Кедейдің терісі қалың
Кедейге келер жеті қырсық бар
Келте тон
Қалтасы жұқа/ тесік/
Қара қасқа кедей
Қара сирақ кедей
Қара табан
Қолы қысқа
Қызыл сирақ кедей
Маңдайында түгі жоқ
Негізі жарымау
Сыйпай жалақ болу (тоймай, жарымай қалу)
Сіңірі шыққан кедей
Сирағы шыққан кедей
Тақия тамтығы қалмау*/бір нәрсенің соңында ұзақ жүру/
Тақыр кедей
Тап -тақыр жарлы
Тапқаны тамағына, жұтқаны жұмырына жетпеу
Тесік өкпе
Тышқақ лағы жоқ
Үрерге иті, сығарға биті жоқ
94
Шыр бітпеген кедей
Шілдесінде шырақ көрмеу
Ындыны жарымау
Ыңыршағы шыққан кедей
13.ЖОЛЫ БОЛУ –
Айдарынан жел есу
Асығы алшысынан түсу
Екі дүние – бір қадам
Жалғанды жалпағынан басу/кекесін/
Жұлдызы жоғары
Қайығы желге өрлеу
Маңдайының бес елі бағы бар
Сырдың суы тобығынан келмеу/мысқыл/
Тасы өрге домалау
Ырысы кере қарыс
14.БАЙЛЫҚ –
Ақшаны күреп алу
Ас та түк, сый құрмет көру
Асқан мен тасқан
Аузынан ақ май ағу
Дәулет біту
Дәулетіне сәулеті сай
Дүниені шайқап өту
Кекірік ату /байлықтан/
Кенеліп қалу/аяқ астынан/
Кекірік ату
Көйлегі көк, тамағы тоқ болу
Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ*/уайымсыз/
Мал біту
Малға бөгу
Не ішіп, не жеймін демеу
Төрт құбыласы түгел
95
Төрт түлігі сай
Ұрттап ішіп, шайқап төгу
Ұрты мен мұрты бідей май болу
Үлде мен бүлдеге орану
Шайқап төгіп, үріп ішу
Шайқап өту
Шаш етектен малыну
Шен алып, шекпен кию*/мансап/
Шен құмар болу*/мансап
Шілденің сары қоңызындай түлеу/арам жолмен байлыққа жету/
Ішкені алдында, ішпегені артында
15. МЫҚТЫ ЕМЕС-
Аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ*/жақтырмау/
Ешкімнің пікірі /пірі/ емес*/менсінбеу/
16.МОЛШЫЛЫҚ-
Ағаштан бал, шөптен сүт ағылу
Ақ түйенің қарны жарылу
Ат көпір
Байлығы тасу
Ит басына іркіт төгілу
Шаш етектен олжаға бату
17. МЕНСІНБЕУ-
Адам /кісі/ құрлы көрмеу
Адамға санамау
Артын да /к...ін де / сүртпеу /дөрекі/
Бойына тоғытпау (менсінбеу)
Дөнен итше кергу (менсінбеу)
Кеудесі /ноқаласы/ өсу
Көзге ілмеу
Көзінің көлеңкесін қиғаш түсіру (менсінбеу)
96
Қонышына теңгермеу
Қор тұту
Мұрнын шүйіру
Пысқырып та қарамау
Санақта бар, санда жоқ */елемеу/
Таяқ //шыбық//, //шырпы//, //шыбын//, //бұйым// құрлы көрмеу
Тоқалдан туған*/кемсіту/
Төмен санау
18. СЫЙЛЫ, ЕЛЕУЛІ, АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ АДАМДАР
ТУРАЛЫ-
Айта қаларлықтай
Алаштың азаматы
Анау мынау емес
Асылдың сынығы, шұғаның қиығы
Атағы дардай
Ауыз толтырып айтарлықтай
Ауылды аузына қаратқан
Бетке ұстары
Екінің бірі емес
Ердің ері, егеудің сынығы
Ноқта ағасы
Қасқа мен жайсаңы
Қой ішіндегі марқа /марқасқа/
Мүйізі қарағайдай
Ортан қолдай
Пір тұту
Сайдың тасындай
Сен тұр мен атайын
Сорпаға //сорпаның бетіне// шығары
Сөзі өтімді
Сүт үстінде қаймақ
Халқының қалаулысы, елінің елеулісі
Ығай мен сығай
97
19. ҮЗДІК /ОЗЫП ШЫҒУ-
Алдына жан салмау
Бәйгені шаппай алу
Елден ерен //ерекше// шығу
Жеке дара
Жұрттан ала бөтен
Маңдай алды болу
Топ жару
Топтан озу
VІІІ.Адамның сыртқы түр әлпеті, жас мөлшері туралы
1.ЖАС МӨЛШЕРІ /бала, бозбала шағы/
Ана сүті аузынан кеппеу /кетпеу/
Ақ жұмыртқа сары ауыз
Балақ жүні жетпеу //жетілмеу
Басының дымы кеппеу (жас)
Бесіктен белі шықпау
Бесік табы арқасынан кетпеу
Бойы //қабырғасы//қатып, буыны бекімеу
Буыны бекіп, бұғанасы қатпау
Ернінен енесінің емшек сүті кетпеу
Жаңа //жас// өспірім
Жарда ойнаған лақтай кезі
Жас түлек
Жас уыз//Уыздай жас
Жұдырықтай бала
Көген көз
Көгендегі төлдей
Көк қауырсын
Көк өрім
Қанаты қатпау
Қара сирақ //қара борбай// бала
Қаршадай //қарғадай// бала
98
Қаршадай басынан
Қарын шашы алынбаған
Қызылқарын жас бала
Қызыл шақа
Мұрнынан сорасы ағып жүрген
Өрімдей жас
Сары ауыз
Сары қарын, жас бала
Ши борбай
2.ЕРЖЕТУ- (сипаты)
Ат жалын тартып міну
Жақсы -жаманды ажырату
Ересек тарту
Кемеліне келу
Мұрты тебіндеу
Мұртына ұстара тию
Оң қол, сол қолын тану
Оң мен солын тану //айыру
Оң мен солына қарау
Ой тоқтату
Өз атының басын өзі алып жүру
Өз қолы өз аузына жету
Өлер жерін білу
Сақалы шығып жат болу
3. ЖАС МӨЛШЕРІ-/орта жас/
Ер ортасы жасқа келу
Жасы жер ортасына келу
Көк сақал
Орта жасқа келу
Самайын қырау шалу
99
Сары қарын /әйелдерге қатысты айтылады/
Шашына қырау түсу
4. ЖАС МӨЛШЕРІ-/кәрілік/
Ажары кету
Ақ сақалды, сары тісті
Ақ сөңке
Жер таянған шақ
Кәрі құлақ
Кәрі тарлан
Кәрі шөңге
Кексе тарту
Көз жанары суалу
Көзінің нұры таю
Көк сақал
Сақалы бурыл тарту
Сары жілік
Сары тіс,сары сақалды
Тарлан тарту
Ыстық-суықты көп көру
5. АДАМ ТУРАЛЫ –
Жұмыр басты пенде
Тірі жан
6. СҰЛУЛЫҚ, СЫМБАТТЫЛЫҚ –
Адам айтқысыз / айтып болмас
Адамнан асқан сұлу
Айдай аузы, күндей көзі бар
Алтын асықтай
Атқан таңдай
Ауызға үріп салғандай
Ауызбен айтып жеткізе алмау
100
Жаңа туған ай/дай/ секілді
Жаяу жатып, атты түсіп қарағандай
Келбетті келген
Киіктің асығындай
Көз сүріну
Көргеннің көзі тойғандай
Қараса көз /жан/ тоймау
Қаса сұлу
Құланның құлынындай
Құлын мүшесі бұзылмаған
Қырдың қызыл гүліндей
Қырмызыдай ажарлы
Оймақ ауыз
Он төртінде туған тайдай
Сағағынан үзілген
Сүмбідей әдемі
Тілмен //ауызбен// айтып жеткізе алмау
Үріп ауызға салғандай
Хордың қызындай
Бел – білек
Ақ білек
Белі қылдай
Бұраң бел
Жұмыр білек
Қынай бел
Қыпша бел
Құмырысқа бел
Бет (ажар) -
Алма бет
Аршыған жауқазындай //жұмыртқадай
Ай қабақ, алтын кірпік
Ақ құба
Ақ торғын
101
Ақша бет /маңдай
Атқан таңдай
Екі беті алмадай
Мөрі таймаған*/жас кезіндегі сұлулық/
Қызылы қызыл, ағы ақ
К
ө з -
Айна көз
Ай десе аузы, күн десе көзі бар
Бадана көз
Жәудір көз
Көзі қарақаттай
Күлім көз
Қарақат көз
Қой көз
Құралай көз
Оймақ ауыз, күлім көз
Тана көз
Қимыл
- қылық сұлулығы
Ақ сазандай бұлықсып /ауыз әдебиетінен/
Жүйрік аттай ойқастап
Кер марадай керілген, бір басарға ерінген
Құнан қойдай бой тастап
Толған айдай толықсып
Томағасын алдырған ақ сұңқардай
Тотыдайын тараған, сұңқардайын сыланған
М
ү сін –
Аққудың көгілдіріндей
Алтын асықтай
Құланның құлынындай
Сымға тартқан күмістей
Сырдың құба талындай
Мойын -
102
Алма мойын
Аққу мойын
Т
ө с -
Аршын төс
Түр, келбетке қатысты қимылдар
Ақ саусақ (әйелге қатысты )
Ақ алақан (әйелге де ерлерге де қатысты)
Жігіт сұлулығы
Арыстандай айбатты, қабыландай қайратты
Бұлшық еті тоқпақтай
Диірменнің кесек тасындай
Жұдырығы қолағаштай
Жас емендей
Жарқ еткен найзағайдай /қимылы/, /көз жанары/
Екі иығы қақпақтай
Күзен бел
Қаршығадай алғыр кескінді
Қаршығадай бойы бар
Қаршыға көз
Қас батырдың пішіні
Қапсағай денелі
Қызылшыл қырандай
Лашын құстай түйілген
Мұрты қияқтай
Найзағайдың отындай жарқылдаған /қимыл/
От шашқан өткір көз
Тауда өскен қарағайдай /бойы /
Сыйықсыз келбет
Атан түйедей өңкиген
Бас терісі келіспеген
103
Денесінен // құлағынан күн көрінетін
Жалақ ерін
Жіпсік көз
Ит кемірген асықтай
Кебеже қарын
Кескен томардай
Түрген тайынша мұрынданған
Қаба сақал
Қабағы қалың
Қу борбай
Қырма сақал қырқылжың
Шақша бас
Ұры көз
7. ҰҚСАС-
Аузынан түсіп қалғандай
Бір судың тамшысындай
Егіздің сыңарындай
Сойып қаптап қойғандай
8. ҰҚСАМАУ –
Айырмасы жер мен көктей
Үш қайнаса сорпасы қосылмау
ІX. Уақыт, кеңістік, өлшемге негізделген мағыналас
фразеологизмдер
1.ТЕЗ, ШАПШАҢДЫҚ /іс, әрекет жағдайдың жылдамдығы
туралы/ -
Апшысын қуыру
Ауыз жиғанша //жимай жатып// //жимай
104
Аяқ астынан * /кенеттен/
Аяқ қолы жерге тимеу
Ә /а/ дегенше
Әні-міне дегенше
Әйт дегенде
Әп сәттің арасында
Бол-болдың астына алу*/асықтыру/
Дем //сәтте// арасында
Ел көшті, жау жетті*/асықтыру/
Жоқ жерден
Жұлдыздай //сынаптай// \оқтай\ ағу
Жұлып алғандай
Көз ілеспеу
Көзді ашып жұмғанша* /кенеттен/
Күтпеген жерден
Кірпігін айқастырғанша
Қабақ //кірпік// қаққанша* /кенеттен/
Қабақ қақпай* /кенеттен/
Қас қағымда
Қас пен көздің арасында
Қара құйындай /өте шығу/
Қолды-аяққа тигізбеу
Қолма - қол
Лып еткізу
Ойда жоқта
Ойламаған жерден
Салып ұрып
Сол-ақ екен
Сол сәтте //бойда// мезетте
Тізгін ұшымен
Үш ұйықтаса ойында жоқ /кенеттен/
Ізі суымау
Іле-шала
2.КЕНЕТТЕН /іс әрекет, оқиғаның кенеттен болуы/-
105
Ақай жоқ, тоқай жоқ
Аяқ астынан
Әй-шайға қарамау
Жоқ жерден
Күтпеген жерден
Ойда жоқта
Ойламаған жерден
Сайтанның сапалағындай сап ете қалу
Сау /сап ете түсу //қалу/
Тілге келмеу*/өліп кету/
Төбеден түскендей
Үш ұйықтаса ойында жоқ
3.СӘТІ ТҮСУ –
Абырой болғанда
Зәуімен келу
Құланның қасынуына мылтықтың басылуы
Сұрағанға тілеген
Іздегенге сұраған
4.КҮНІ БОЙЫ–
Ертеден қара кешке дейін
Күн ұзақ
Ұзынды күн
5. ЖАҚЫН ЖЕР /салыстырмалы ара қашықтық /-
Бөрік тастам жер
Бір қадам
Иек артым жер
Иек астында
Қамшы салым жер
Қарға адым жер
106
Қарыс аттам жер
Қозы көгеніндей жер
Қол созым
Оқ жетер жер
Сідік шаптырым жер /дөрекі/
Таяқ тастам жер
6. АЛЫС ЖЕР /салыстырмалы қашықтық/-
Айшылық жер
Адам аяғы баспаған
Жер мен көктің арасындай
Жер мойны қашық
Жер түбі
Жеті дарияның ар жағы
Жеті қабат жер асты
Жеті қабат тау үсті
Жеті қырдың асты
Ит арқасы қиянда
Ит жеккен жер
Ит өлген жер
Көз көрмес, құлақ естімес жер
Қиыр шет
Қиырдың қиыры
Су аяғы құрдым
Түйенің тұяғы /түскен/ түсетін жер
7. ҚАЛЫҢ –
Адам аяғы баспаған жер* /қашықтық/
Адам өтпес, аң өтпес
Ат құлағы көрінбеу
Ит тұмсығы батпайтын жер
8. ТЫНЫШТЫҚ /сәті/-
107
Аспандағы құс ұшуын, жел есуін тоқтату
Құлаққа ұрған танадай
Сілтідей тыну
Тырс етпеу
Шыбынның ұшқаны естіліп тұру
9.ТУҒАН ЖЕР-
Ата мекен
Кіндік кесіп, кір жуған жер
Кіндік қаны тамған жер
Қара орман
10.ДАЛА-
Байтақ дала
Елсіз құла дүз
Ен дала
Қу медиен дала
Құлазыған қу дала
Құлан жортпас қу дала
Мидай дала
11. БИІКТІК
-
Аспанмен таласу
Көкпен тілдесу
Тақия жерге түспеу*/тар жер/
Шырқау биік
12.АЗАЮ, ТАУСЫЛУ-
Жер теңгедей, аспан тебінгідей болғанда /фольклор/
Темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебендей қалғанда /фольклор/
13.ӨТЕ КӨП, МОЛ / заттың көптігі/-
108
Ат көпір
Аузы мұрнынан шығу
Аяқ алып жүргісіз
Бықып жату
Бырдай болып жату
Есеп жоқ
Жыртылып айырылу
Иттен де көп
Құмырсқадай құжынау
14.ОРЫН ЖОҚ/ тар жер/-
Ине шаншар жер жоқ
Қан базар /ығы-жығы, адамның көптігі/
Тастаған тақия жерге түспеу
15.КӨП (адам, әскер) -
Жер қайысу
Қара нөпір
Қара құрымдай /қаптау/
Қисабына көз жетпеу
Қисап жоқ*/көп/
Құмырысқадай қаптау
Самсаған сары қол
16.КЕҢ МОЛ /салыстыру/-
Жерден пішіп алғандай
Молдан ойып алғандай
17.АЗ-
Ат төбеліндей
Бір түйір
Бір уыс
109
Бір шайнам
Бір үзім
Жоқтың қасы
Жұмырына жұқ болмау /тамақ/
Қасқалдақтың қанындай*/тапшы зат/
Саусақпен санарлықтай
18.ҚЫМБАТ-
Атасының құнын сұрау
Бағасы аспандап тұру
Бағасы удай
Бағасы күйіп тұру
19.АРЗАН-
Айтуға тұрмау
Арзан алдап соғар
Арзанның бояуы тез оңар
Бес тиынға тұрмау
Жілігі татымау
Жылап кету
Су тегін
20.КЕШКІ УАҚЫТ, ЫМЫРТ-
Ақ пен қызыл арасында
Апақ- сапақта
Екі кештің арасында
Ел орынға отыра
Кешкі зауал шақ
Көз байланар, байланбаста
Көз байланған кез
Күн ұясына кіру /кірерде/
Қара көлеңке
Қараңғы түсу
110
Қас қарайғанда
Қызыл іңірде
Шам жамырау
Ымырт қараңғысы
Ымырт жабылу
Іңір қараңғылығында
21.ҚАРАҢҒЫ ТҮН-
Ай қараңғы
Жеті қараңғы түн
Көзге түртсе көрінбейтін
Көрдей қараңғы
22.ТАҢ АТУ-
Ала таңда
Құлқын сәріде
Таң алагеуімде
Таң ата
Таң белдеуленіп атып келе жатқанда
Таң бозарғанда
Таң /білінерде/ білінербілінбесте
Таң құлан иектенгенде
Таң қылаң бергенде
Таң сазарып атқанда/сарғайғанда/
Таң сәріде
Құлқын сәріде
Таң сыз/саз/ бергенде
X. Тамақ, киім, денсаулыққа байланысты мағыналас
фразеологизмдер
1.ТАМАҚ /дәмі/-
111
Ауыздан дәмі кетпеу
Дәмі жоқ, татымы жоқ
Су тату
Сылдыр су
Таңдайды жұлып бара жату
Тілді суырып әкету
Ішіп жалағандай (дәмді етіп әзірлеу)
2.ТАМАҚ ІШЕ АЛМАУ –
Аш өзегіне түсу
Тамағынан ас өтпеу
Тамаққа зауқы жоқ
Тамақтан қалу*/ауырғанда/
Тәбеті шаппау
3.ҚАТТЫ ТОЮ –
Аузы-мұрнынан шыққанша жеу
Аузы тамақтан босамау
Аузы тыным таппау*/көп сөйлей беру /
Кекірігі азу
Кекірігі ату
Қарны сыздау
Қарны шеңбірек ату
Лық тою
Сылқия тою
Сыпыра соғу
Ықылық ату
4.ТОЙМАУ, АЗ –
Араны ашылу
112
Аузы жарымау
Аш құрсақ
Битін салып жеу /әзіл/
Жалаң (-қ) қағу
Қарнына //жұмырына// жұқ болмау
5.ТАМАҚ ІШУ –
Аузының дәмін алып жеу /сүйсіну/
Жүрек жалғау
Жыланның басын қайыру
Ішіне //ауылға// ел қону /қондыру/
6.АШ –
Аузына бұдыр // бүдір/ салмау (ештеңе салмау, жемеу)
Аузына дәм алмау
Аш құрсақ жүру
Аш өзек
Дым татпау
Жақ айқастырмау
Жел өбу
Жүрегі қараю
Жүрегі сазу
Қарны қабысу
Нәр сызбау
Оразасын ашпау
Өзегі талу
Іші ит жалағандай болу*/өкініш/
Іші ұлу
Ішегі шұрқырау
7. АРЫҚ /адамға, малға қатысты/ -
113
Арқа еті арша, борша еті борша болу
Арса-арсасы шығу
Етке шықпау /малға қаратып айтылады/
Жағы суалу
Жағына пышақ жанығандай
Жілік майы таусылу /татымау/
Ине жұтқан иттей /малға қатысты/
Инеге шаншар еті жоқ
Инеліктей қатқан
Көк бақа /мал/
Қабырғасы ырсию
Қабырғасынан күн көріну
Қатпа қара
Қоң еті таю
Құлағынан тартып тұрғызғандай
Құм жілік болу
Құр сүйегі // сүлдері/ қалу
Қырып алар (аларға) қызыл жоқ /мал/
Мойнынан жалы кету /мал/
Тарамысына іліну
Терісі тарамысына іліну
Ши борбай /арық адам/ /менсінбеу/
Шыр бітпеу
8. ЖАҢА КИІМ КИЮ –
Бір киер
Ине-жіптен жаңа шыққан
Судай //су// жаңа
Өңі түзу //бүтін//
Шыттай //мұздай/ киіну
Іліп алар
Ескі киім-
Қырық жамау
Өңі түскен
114
9. ЖҮДЕУ –
Арқасы пышақтай
Қан жоқ, сөл жоқ
Қан сөлден айырылу
Қаны қашу
Қасық қаны жоқ
Құлағынан күн көріну
Құр шыбыны //жаны// ғана бар
Мойны ырғайдай, биті торғадай /фольклор/
Өңі жүдеу //сынық//
Сүзектен тұрғандай
Ыңыршағы шығу
10. АУРУ –
Айналдырған ауру (ұзаққа созылған)
Басы ауырып, балтыры сыздау
Өкпесін сүйретіп жүру /емделмей жүре беру/
Сары жамбас болу (ұзақ ауру)
11. АУРУДАН ЖАЗЫЛУ –
Аурудың беті бері қарау
Ауырып тұрдың, аунап тұрдың! /жұбату, көңілін аулау/
Аяғына міну
Әбден сауығу
Құлан таза айығу
Сақайып кету
12.СЕМІЗДІК –
Басы табақтай, қарны қабақтай /дөрекі/
Бес биенің сабасындай /жақтырмау, дөрекі/
Жардай болып семіру /жақтырмау/
115
Май басу /жақтырмау/
Үрген қарындай /әжуа/
13.ДЕНСАУЛЫҚ –
Ағы ақ, қызылы қызыл
Аяқ-қолы балғадай /сүйсіну/
Беті шиқандай /қызыл/
Екі бетінен қаны тамған
Екі иығына екі кісі мінгендей/сүйсіну
Нарттай қызыл
14. ЖЫҒЫЛУ (КЕНЕТ), АУЫРЫП ҚАЛУ -
Баудай құлау //түсу// /бірінен соң бірі ауру/
Жалп ету
Күрт құлау
Қалпақтай ұшу //түсу/
Мұрттай түсу //ұшу/
Сылқ ете түсу
XІ. Табиғат құбылыстары, ауа райына қатысты жасалған
мағыналас фразеологизмдер
1.ЫСТЫҚ КҮН -
Аспан айналып жерге түскендей
Аспан аптап, күн шыжу
Құс қанаты күйгендей
Қырық күн шілде /жаздың ең ыстық күндері/
Ми қайнатар ыстық
2.БОРАН -
116
Ақ боран
Ақ түтек боран
Ақ түтек үскірік
Алай-түлей боран
Қара боран
Тас боран
Шұнақ боран
3.СУЫҚ , АЯЗ-
Ақ қар көк мұз
Қызыл шұнақ сары аяз
Қыстың /қыс/ көзі қырау /да/
Сақылдаған сары аяз
Сары //шұнақ// аяз
Түу деген түкірігі жерге түспеу*/менмен, өктемдік/
XІІ. Тілек-бата, ырым, садақаға байланысты айтылатын
мағыналас фразеологизмдер
1.ҚҰДАЙҒА ЖАЛБАРАНУ ТҮРЛЕРІ –
Алла сақтасын!
Жаратқан жаппар құдай!
Жасаған ием!
Қорасанға қой айту
Құдай басқа салмасын
Құдай бермесең де, бергеніңді алма!
Құдай бетін көрсетпесін
Құдай қаласа!
Құдай қуат берсін!
Құдай сақтасын!
Құдайдан мойнына бұршақ салып сұрап //тілеп// алу/ перзентсіз
болғанда /
Құдайдан қайтсын!
117
2.САДАҚА –
Жеті нан құдайы
Жеті тиын садақа
Құдайға ақ сарбасын айту
3. ТІЛЕК ТІЛЕУ /түрлері/-
Ақ пұш! Ақ сиырдың сүтін іш! /кісі түшкіргенде айтылады/ /әзіл/
Ақ қас! Жәрекім алла, жарылқай гөр!/ түшкіргенде айтылады/
Ата бабаңның аруағы қолдасын!
Бағы жансын !
Бергенінен жазбасын!
Жұптарың жазылмасын! /жаңа отау тіккендерге/
Игілігіңе ки! /жаңа киім кигенде/
Игілігіңе ұста!/тұт/, /жұмса/ /жаңа зат алғанда/
Көш көлікті болсын!/көшкен кезде/
Күні көкте жүзсін!
Қосағыңмен қоса ағар! /үйленгендерге/
Құрбандығың қабыл болсын! /рамазан кезінде айтылатын тілек/
Қырман қызылды болсын! /егін орып, қырман бастырғанда
айтылады/
Қырман тасысын!
Қырқар көбейсін! (қой қырыққанда айтылатын тілек)
Ораққа береке берсін!
Өзің киіп, өзің тоздыр! /жаңа киім кигенде айтылатын тілек/
Өзің тоба, кимің тозсын! /жаңа киім кигенде/
Өмірің озғақ, киімің тозғақ болсын! /жаңа киім кигенде/
Саудаңыз күсет болсын! (Саудасы жақсы жүрсін деген тілек)
4. БАТА /түрлері/-
Ата бабаңның аруағы қолдасын!
Бергенінен жазбасын!
Жасыңа жас, басыңа бас қосылсын! /наурыз батасы/
118
Жұбың жазылмасын! / жаңа отау тіккендерге/
5. ЖОЛАУШЫ ҮШІН –
Жолдасың қыдыр / қызыр/ болсын!
Жолын оңғара гөр!
Жолынан жарылқасын!
Жолы /ң/ болсын!
Жолың (сапарың) оң болсын!
Жолыңа гүл бітсін!
Жортқанда жолың болсын!
XІІІ. Еңбек, өмір, тағдыр, дүние туралы айтылатын мағыналас
фразеологизмдер
1.ЕҢБЕГІ ЕШ БОЛУ –
Босқа бейнет ету
Еңбегі //істегені// далаға кету
Желге кету
Зая кету
Құмға сіңген судай
Құр босқа кету
Құр далаға кету
Күйіп кету
2.ӨМІР /ДҮНИЕ-
Бар ғалам
Бес күндік дүние /көне/
Дүние қолдың кірі
Дүниенің төрт бұрышы /көне/
Жер жаһан (жүзі)
Он сегіз мың ғалам /көне/
Опасыз дүние /поэтикалық/
Санаулы күн
119
Сегіз қиыр шартарап /көне/
Сұм жалған /кітаби, поэтикалық/
3.ЖЕҢІЛ, ЖАҚСЫ ӨМІР СҮРУ –
Жамбасының астынан жеп жату
Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен
Жіліктің майлы басын ұстау /кітаби/
Қолын жылы суға малу
Майдай жұғып, судай сіңу
Сайран салу
Ішкені алдында, ішпегені артында
4.ТАҒДЫР
Маңдайына жазғанын көру
Пешенесінен көру
Тағдырдың жазғаны /салғаны/
Тағдырдың уын ішу /поэтикалық/
5.АҚША
Ақша бізде көп емес, керегінде жоқ емес,
Келедеі де кетеді, керегіне жетеді
Ақша сөйлеген заман
Ақша – су
Ақша – тілмаш
Ақша шашу/көп жұмсау д.м./
Ақшаға шайтан да қызмет етер
Ақшаның жүгені жоқ
Ақшаң болса қалтаңда, базарға барып талдаңда
Ақшаң болса қалтаңда, қызмет етер сайтан да
Тиын-тебен тілсіз-ақ жол табар
Шіркін ақша, жерде жатса
І4. Отбасы, үйлену, туыс, дос, жолдас туралы айтылатын
мағыналас фразеологизмдер
120
1.ЖАҚЫНЫ, ТУЫСЫ –
Екі көзінің ағы мен қарасы
Екі туып, бір қалғаны
Ет /-ене/ жақын /туысы/
Жан -/р дегенде жалғызы*/жалғыз бала/
Көзінің ағы мен қарасындай
Көңіл жетер ағайын
Қаны бір
Туыс-жегжат
2.ПЕРЗЕНТ –
Бір жаманы бар /табу,эвфемизм/
Жар -/н дегенде жалғызы*/жалғыз бала/
Киімді бала /асырап алған/
Көзінің ағы мен қарасы
Құдайдан сұрап алған жалғызы /жаманы/
Өзегін жарып шыққан
Іштен шыққан шұбар жылан /жағымсыз жағдайда қимастықпен
айтылады/
3.ТҰҢҒЫШ БАЛА –
Көзін ашып көргені, аузын ашып сүйгені /поэт/
Отының алды, суының тұнығы
Тұла бойы тұңғышы
4.ҮЙЛЕНУ –
Ұ
л
ғ а-
Аяғын шырмау
Әйел /қатын/ алу
Қолына қондыру
Құсын қондыру
Қыз айттыру
Қыз алып қашу
121
Қыз
ғ а-
Басы байлаулы /бала кезінен айттырып қою/
Біреудің етегінен ұстау
Күйеуге шығу /тию/
Қолдан беру /қызды ұзату/
Оң жағына қондыру
Тұрмыс құру
Құтты қонысына қону
Қызы қияға қону
екеуіне-
Аяғына тұсау түсу
Басын қусыру
Бас құрау
Бір түндік астында түтін түтету
Бірге от жағып, түтін түтету
Жар сүю
Көңіл қосу
Отау тігу
Ошақ құру
Түтін түтету
Үй болу
5.ОТБАСЫЛЫҚ –
Қара қазан, сары бала
От басы, ошақ қасы
Үй іші
6.ТУҒАН-ТУЫСЫ БАР (АҒА, ІНІ)-
Көңіл жетер ағайын
Қанатымен ұшып, құйрығымен қону /поэт/
Қарға жүнді қаттас, үйрек жүнді оттас
Қу бауыр /қимастық көңілмен айтылады/
Құйрық жалы бар /поэт/
Құйысқаны берік /туыс, қолдаушысы көп/
122
7.ДОС –
Жан аяспас
Жан жолдас
Көңіл қимас
Көңіл сүйер
Қыл өтпес
Тонның ішкі бауындай
Ыдыс-аяғы араласқан
8.ЖОЛДАС –
Дәмдес-тұздас болу
Үзеңгі //үзеңгілес// //дос// жолдас
9.ІШІМДІК ІШУ /маскүнемдік/–
Ақылын ішу
Алқаш болып кету
Арақ құмар
Атау кересін ішу
Бөтелкемен жолдас болу /кітаби/
Жынды суға құмар болу /поэт./
Көк суға салыну
Көк шөлмектің мойнына міну
Қызып алу /жүру/
Маскүнемдікке салыну
Өңешін босату
Ішімдікке салыну
10.АРАҚ-ШАРАП ТУРАЛЫ
Ақ жорға /поэт/
Ақмағамбет
123
Асу көк
Жынды су
Тентек су
Автор туралы мәлімет
Смағұлова Гүлдархан Нұрғазықызы Қазақстан Республикасы,
Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
профессоры, филология ғылымдарының докторы.
Ғылыми зерттеу саласы: қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы, мәтінтану.
Ғылыми басылымдар:
1.Фразеологизмдердің варианттылығы (оқу құралы). Алматы,1996ж. 7,0
б.т.(баспа табақ)
2.Казақ тілі.Фразеологизмдер арқылы елтану (оқу құралы)
Алматы,1997ж. 9,5 б.т.(орыс тілінде).(серіктес автормен бірге)
3.Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері.
(монография) Алматы, 1998.12,6 п.л.
4.Мағыналас фразеологизмдер сөздігі.Алматы, 2002ж. 9,4 б.т.
5.Мәтін лингвистикасы. Алматы, 2002ж. 8,0 б.т.
6.Фразеологиялық калькалар (оқу құралы) Алматы, 2005ж. 7,6 б.т.
(серіктес автормен бірге)
7.Шешендік сөздердің дискурсы. Оқу әдістемелік кешен. Алматы,
2005ж.3.0 б.т.
8.Парсы және қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің жүйесі (оқу құралы)
Алматы,2006ж. 9,0 б.т.(серіктес автормен бірге)
9.Көркем мәтін лингвистикасы (оқулық) Алматы, 2007ж. 10,0 б.т.
124
10.Шешендік сөздердің дискурсы (оқу құралы) Алматы, 2008.10 б.т.
(серіктес автормен бірге)
11.Тіл білімінің тарландары Алматы, 2009, 12 б.т.
12.Фразеологизмдердің семантикалық категориялары. Алматы, 2009, 10
б.т.
125
Document Outline - 1.Адамдардың жағымды, жағымсыз қимыл әрекеттері
- 25. ТҮСІНБЕУ
- ІІІ. Сезім жағдайына қатысты жоғары эмоциялы фразеологизмдер
- V. Адамның сөйлеу дағдысы туралы
- 2. САБЫРЛЫ –
- Соры сопақ астаудай
Достарыңызбен бөлісу: |