С Ө з д І к мағыналас фразеологизмдер



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата03.03.2017
өлшемі429,52 Kb.
#6666
1   2   3   4   5

7.ҚУАНҒАН КЕЗДЕ –

Алтын тапқандай қуану   

Әйелі ұл тапқандай /қуану/

Әкесі базардан келгендей

Бойын қуаныш билеу

Бөркін аспанға ату

Екі езуі құлағында //екі езуі құлағына жету

Есі ету*(қорыққанда)

Жадырап сала беру

Жайраң қағу

Жерден жеті қоян тапқандай

Жүрегі атша тулау

Жымың қағу*(күлу)

Кеудесі тасу

Көңілі атша тулау

Көңілі судай тасу

Көзі шырадай жану*(рахаттану)

Қиын қуану (диалект)

Қуаныштан жүрегі жарыла жаздау

Қуанышы қойнына сыймау

Қуанышын жасыра алмау

Қуанышын ішіне сыйғыза алмау

Қуанышында шек жоқ

Өлгені тіріліп, өшкені жану
55


Тұла бойы алып ұшу

Төбесі көкке екі елі жетпеу //тимей қалу//

Төбесі көкке жеткендей

Тұла бойы алып ұшу
8. УАЙЫМДАҒАНДА –

Кеудесі өртену

Көкірегі шерге толу

Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылу 

Құса болу //құсаға шалыну

Санамен сарғаю

Сары /сар/ уайымға //салыну// түсу

Шер жұту

Шер көкірек

Іш құса болу

Іші күю
9.ҚОРҚУ –

Аза бойы қаза болу

Арқасы мұздап қоя беру

Асауға құрық салғандай шыңғыру*/қатты қорыққанда/

Екі көзі атыздай болу

Есі кету*(кейде қуаныштан)

Жаны қара бақайына кету

Жаны көзіне көріну

Жаны түршігу

Жаны тырнағының (мұрнының) ұшына келу

Жүрегі бүлк //солқ// ету

Жүрегі зырқ ете қалу

Жүрегі мұздап //суып// қоя беру

Жүрегі өрекпу //суылдау

Жүрегі тас төбесіне шығу

Зәре -құты қалмау

Зәре жоқ
56


Зәрезап болу

Зәресі //ұшу// кету //қалмау

Зәресі зәр түбіне кету

Зәресі қалпақтай болу

Зәресін алып, құтын қашыру

Иманы /ғасыл/ қасым болу 

Иманы ұшу

Көзі алақандай //атыздай// болу

Көзі шарасынан шығу

Көзіне қос көріну 

Қойнына жылан салып жібергендей

Қол-аяғы дірілдеу (қалтырап кету)

Селк ету /шошу /

Су жүрек 

Тұла бойы //түршігу//, //шымырлау//, //тітіркену//,сескену

Төбе құйқасы шымырлау

Төбе шашы тік тұру

Тілі байлану

Тілі таңдайына жабысып қалу

Тісі тісіне тимеу*(қатты тоңу)

Өлердей қорқу

Үрейі ұшу

Шыбын жаны шыға жаздау
10.ЕЛЕҢ  ЕТУ /бірнәрсеге/-

Құлағын тігу
11.АШУЛАНУ /ашуланған кездегі адамның кейпі/ -

Аузынан жалын атып тұру

Аузына келгенін айту

Ашу шақыру

Ашуға булығу

Ашуы алқымына тығылу

Бұрқан //бұлқан//-талқан болу
57


Боғын пышақтау /дөрекі/      

Ер тоқымын бауырына алып тулау   

Етін //түсін// сыртына тебу

Жанын шығару

Жауар бұлттай түнеру

Жыны //сайтаны қозу// ұстау 

Жүзінің жұдырығымен қарау

Заһар шашу

Зығырданы қайнау

Ит арқасы құрысу

Ит жыны келу

Кәрін төгу

Кәріне міну

Көзі шатынау

Көзін алайту //аларту

Көзіне қан толу

Көзінен от шашу

Күйіп кету

Күре тамырын адырайту

Кірпігінен қырау таму

Құйқа тамыры құрысу

Қағанағы қарс //тарс// айырылу// жарылу//

Қабағына қырау қату

Қабағынан қар  жауу //жауғандай//

Қаны бұзылу

Қанын ішіне тарту

Қанына қараю

Қатты келу / эвф. - сыпайылап айту /

Қаһарға міну

Қояншығы ұстау

Оқ жыландай ысқыру

Оқты көзімен қарау

Өті жарылу

Сақалын //шашын// жұлу//

Тұлан тұту
58


Танауы қусырылу

Терісі тарылу

Терісіне сыймау

Тиісерге  //ұрынарға// қара таппау

Тұлан тұту

Түгі сыртына шығу

Түсін бұзу

Шала бүліну

Шалқасынан түсу

Шап ете түсу

Шарасынан асу

Шорт, //морт //,  //сыну// кету

Шыж-быжы шығу

Шыныдай шытынау

Ызасы келу
12.ӨШІГУ –

Жүрегіне  //кеудесіне// қан қату

Кек көру //сақтау//

Көкірегіне кек қату
13.ЫҢҒАЙСЫЗДЫҚ –

Екі ортада шыбын өлу

Екі оттың ортасында қалу
14.РАХАТ СЕЗІМІ –

Анасынан қайта туғандай

Енеден екі туғандай

Көзі шырадай жану*

Көзі жарқ ете түсу*(қуану)
15. ӨКІНУ /бірнәрсеге/ -
59


Аузын ұстап қалу

Бармағын тістеу (шайнау)

Жер сабап қалу

Қап, әттеген- ай ! 

Қапы қалу

Опық жеу

Өзегі өртену

Өзегін тілу

Пұшайман болу

Санын соғу

Іші удай ашу

Ішін тырнау
16. БЕЙҚАМ –

Алакөл асығынан келмеу

Арқасын кеңге салу

Асқар тауды тобығымен өлшеу

Ешнәрседен //ештеңеден// хабарсыз

Жағасы жайлау, төбесі қыстау

Қаннен қаперсіз*

Қаперіне кіріп те шықпау

Ойына да келмеу

Сырдың суы //тобығынан//, //жұлығынан// сирағынан келмеу

Топан су тобығынан келмейтін

Түсіне де кіріп шықпау

Ұзын арқау  //арқан // кең тұсау
17. ШЫДАМАУ –

Жаны жай таппау

Жүрегі алып ұшу*(қуанғанда)

Қарар қылмау /көне/

Сабыры кету (біту)
60


Сабыр суы сарқылу (таусылу)

Тағат таппау

Төзімі //шыдамы// жетпеу

Шыдап отыра //жата, тұра// алмау
18.АНТ -СУ ІШУ ТУРАЛЫ –

Азар да безер болу

 Атым құрсын !

Аясам арам болсын! 

Безек қағу

Естісем құлағым керең болсын !

Қасам ішу /кәне/

Көрсем көзім шықсын !

Құдай ақы !

Құдай біледі !

Құдай сақтасын !

Құдайдың зарын қылу 

Мұрнымды //құлағымды// кесіп берейін !

Нан ұрсын !

Олда, білда !

Өліп кетейін !

Өтірік айтса /-м/ жаны /-м/ шықсын !

Саған бермегенім өзіме де бұйырмасын !

Сенен аяғанды ит жесін !
19.КӨЗІ ТИЮ –

Көзі өту

Сұғы өту

Тілі өту
20. ЖОРАМАЛ, ДОЛБАР ЖАСАУ-

Анық -қанығына көз жетпеу

Сыртынан тон пішу
61

21. САСҚАЛАҚТАУ –

Аузына сөз түспеу

Аңырып қалу

Бойын билей алмау

Дегбірі кету
22.НАМЫСТАНУ –

Шам көру

Шамына тию
23.ШОШУ/кенеттен/-

Астынан су шыққандай

Жамбасына мұз батқандай

Құйқа тамыры //төбе құйқасы// //тік тұру// шымырлау

Селк ету

Төбесінен суық су құйып жібергендей болу 
24. ҚОБАЛЖУ –

Бойына ас батпау

Жегені желім болу

Жүрегі май ішкендей болу

Көңілі күпті болу

Ішкен асы бойына тарамау*
25. ӨКПЕЛЕУ-

Өкпе арту

Өкпесін ала жүгіру

Өкпесі қара қазандай болу
26. ҒАШЫҚТЫҚ –
62


Ғашық отын жандыру

Ғашық оты күйдіру

Жанын өртеу

Жүрек қылыг шерту

Көңілі кету

Көңіліне құрт түсу

Көкірегіне от тастау //түсу

Көрмесе тұра алмау

Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылу

Ықыласы ауу

Ынтық болу

Ынтызар болу
27. ТҮСІНБЕУ (түсінбеген кезде) –

Аң -таң болу

Неге екенін кім білсін

Неге екені белгісіз
28.  ҚОРЫҚПАУ(біреуден) –

Айылын жимау /қарсы сөйлеу, қарсы әрекет ету/

Міз бақпау

Ойына кіріп те шықпау*(ештеңе ойламау)

Шыбын шаққан құрлы көрмеу /елемеу/
29.ЖЫЛАУ -

Ағыл- тегіл жылау

Бетін жырту /өлімде/

Бода -бода боп жылау

Боз інгендей боздау

Бордай егілу

Ботадай боздау

Боталаған нардай зарлау

Ботасы өлген нардай зарлау
63


Дауыс айту /салу /өлімге/

Еңіреп жылау

Еңірегенде етегі толу

Еңкілдеп жылау

Ебіл-себіл болу

Екі көзі бұлаудай

Жер бауырлап жату

Жоқтау салу/өлімде/

Зар жылау

Зар илеу

Зарлап қалу

Көз жасы көл боп ағу

Көз жасы сел болу

Көз жасын бұлау

Көз жасын сығу

Көз жасына булығу

Көзге жас алу

Көзден жасы бұршақтау

Көзін жас буу

Көзін жасқа толтыру

Көзінен жас кетпеу

Көзінің жасы кеппеу

Көзінің жасы көл болу

Көзінен //жанарынан// жасы парлау

Көзінен қанды жас ағу

Көзінен сорасы ағу

Көңілі босау /жыламсырау/

Қан жылау

Ой бауырымдау /өлімге/

Ойбай салу /дауыс көтеріп жылау/

Омырауы жасқа  малыну  //боялу

Өксіп жылау

Пора-порасы шығып жылау

Сора-сорасы шығып жылау
64

30. КҮЛУ –

Езу жимау

Езу тарту

Екі езуі құлағында

Етегін ашып күлу

Жаппай күлу

Жымың қағу

Жырқылдап күлу

Көзінен жас аққанша күлу

Күлкі құшақтау

Күлмең қағу

Күлім қағу

Қутыңдап күлу

Қыран жапқандай күлу

Қыран күлкі болу

Қыран -топан күлу

Миығынан күлу

Мұртынан күлу

Мырс ету

Сылқ-сылқ күлу

Тырқ-тырқ күлу

Ыржаң қағу

Ыржаң-ыржаң ету

Ыржалаң қағу

Ішегі қатқанша күлу

Ішек-сілесі қатқанша күлу

Ішін тартып күлу

Ішінен күлу
31.ҚҰМАР БОЛУ–

Аузының сілекейі ағу

Жаны құмар болу

Ішкен асын жерге қою
65

ІV.Адамның физикалық қалпын бейнелейтін мағыналас
фразеологизмдер
1.ӨЛІМ-ЖІТІМ ТУРАЛЫ-

Ажал аузында

Ажал жету

Ажал қармағын салу

Ажал нәубеті жету

Ақ кебінге орану

Әл /хал/ үстінде

Әлсіз жату

Басы кету

Басын беру/алу/

Басын жұлу \өлтіру\

Басын қағу

Басын қатерге тігу

Басын өлімге байлау

Басып салу (қарумен)

Бір аяғы көрде,бір аяғы жерде* /кәрілікке де қатысты/

Дәм -тұзы таусылу

Демі тоқтау /біту /

Дүние салу

Дүниеден аттану //кету// қайту//озу

Дүниеден баз кешу

Дүниеден //өту// көшу

Жағы түсіп өлу/ кәріліктен/

Жазатайым болу /оқыста/

Жазым болу/оқыста/

Жазым қылу/оқыста/

Жан алқымға таяну

Жан беру //үзілу

Жан тәсілім қылу / беру/ жасау/
66


Жан тәсілімге таяну

Жаны ұстараның //пышақтың//  //жүзінде// ұшында/

Жаны пида болу

Жаны/-н/ жаһаннамға //кету// жіберу

Жанын беру

Жанын құрбан қылу

Жастай кету

Жастығын ала жату/ұрыс,соғыста/

Желкесін қию

Жер қабу

Жер қойнына ену /кіру/

Жер жастану

Жүкке салу /ертеде көші-қон кезде жаса баланың шетінеу/

Жүріп кету

Жұлдызы сөну

Ит-құсқа жем болу/иен далада өлу/

Кебін кию

Кебіні киіндірілу

Келмеске кету

Көз жазып қалу */адасып қалу/

Көзі жұмылу

Көзін жою

Көзіне құм құйылу /дөрекі/

Көктей орылу /жас өлімге қатысты айтылады/

Көр аузында

Көр құшу

Көрге тығу /кіру/

Күні біту

Кірпігі зорға қимылдау

Қабір құшу

Қаза болу

Қаза кезегі келу

Қазаға душар болу

Қазаға тап болу

Қайтпас /жолға /сапар шегу
67


Қайтпас сапарға кету

Қаны мойнында кету /жазықсыз өлтіру /

Қанын жүктеу

Қанын ұрттау /ішу/ /өш алу/

Қара жер алу

Қара жер төсек болу

Құдай алу

Қыршынынан қиылу /оқыста/

Мәңгі ұйқыға кету /поэтикалық/

Мүрдем кету /оқыста/

О дүниеге сапар шегу /кету/

О дүниелік болу

Оққа байлау

Оққа ұшу

Олай -бұлай боп кету

Өлі мен тірінің арасында

Өлім алдында

Өлім аузында

Өлім жазасына кесілу

Өлім келу

Өмірін қию

Өңменін үзу

Үзіліп кету

Сағаты /уақыты/ біту

Сеспей қату

Топырақ жамылу

Тұяқ серіппеу

Түбіне жету

Тіл тартпай кету

Үнін өшіру

Шала жансар

Шейіт кету

Шетінеп кету /жас нәрестеге қатысты айтылады/

Шырағы сөну /поэтикалық /
68

2. ШӨЛДЕУ –

Аузы кебу

Ерні кезеру

Кенезесі  //ындыны//  кебу

Қақырығы  қан тату, түкірігі жын тату /фольклор/

Қаны кебу

Қаңырығы түтеу

Сусамыр болу

Таңдайы кебу

Таңдайы -таңдайына жабысу

Тілі аузына сыймау

Тілі таңдайына жабысу
3. ТЕРЛЕУ –

Қара суға  //түсу// түскендей

Қара сорпа болу

Қара сүмек болу

Қара тер болу

Пора-порасы шығып терлеу

Пұшпақтан тер ағу

Сел /сел-сел/ болу

Тер моншақтау

Тер одан да,  бұдан да кету

Терге шомылу
4. ЖҮГІРУ /жылдамдық 

Аяғы -аяғына жұқпау*/асығыс/

Аяғы //өкшесі// жерге тимеу

Бір аяғы анда,  бір аяғы мында*/асығыс/

Екі өкпесін қолына алып жүгіру

Құстай ұшу
69

5.ҚОЗҒАЛМАУ  -

Қаққан қазықтай

Қыбыр /тыбыр/ етпеу

Табан аудармай отыру
6. ҰЙЫҚТАУ –

Көз шырымын алу

Көз іліндіру /ілдіру/

Мызғып алу

Тұяқ серіппей ұйықтау
7. ҰЙЫҚТАМАУ –

Көзі ілінбеу

Кірпік қақпау

Таңды көзбен атқызу

Таңды таңға ұру

Түн ұйқысын төрт бөлу
8. ШАРШАУ –

Ақ табан болу /көп жүргеннен/

Аяғын алдырту /көп жүргеннен/

Әбден қалжырау

Болдырып қалу

Діңкесі құру

Жүйкесі босау

Қан жілік болу

 Қан сорпа болу

Қара сорпа болу*/терлеу/

Құр сүлдері қалу

Салдырап қалу

Сілесі қату 

Табаны/нан/ таусылу
70


Тақияда тамтығы қалмау

Титығы құру

Титығына жету

Титықтап қалу

Ілгері /алға /басқан аяғы кейін кету
9.ТОҢУ / МҰЗДАУ /-

Дірдек //бүрсек// қағу

Жағының  боздағы шығу

Жақ жүні үрпию

Жаураған торғайдай болу

Иегі иегіне тимеу

Иегін сақылдату

Қалш-қалш ету*/ашуланғанда/

Құты қашу* /қорыққанда/

Тісі тісіне тимеу
10.   АУРУДАН ҚИНАЛУ –

Бебеу қағу/ауруға шыдамау/

Жаны көзіне көріну*/қорқу/

Жанын қоярға жер таппау

Зар қақсау

Көзінен сорасы ағу*/жылау/

Қан сорпасы шығу*/терлеу/

Қол тигізбеу

Қолқасын суырып әкеткендей

Сай сүйегі сырқырау

Тұла бойы тітіреу
11. АҚЫРЫН,БАЯУ /жүріс туралы/-

Тасбақа жүріс

Өгіз аяң
71

12. ЕКІ ҚАБАТ ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ-

Айы- күні жақын/дау //болу

Айы -күніне жетіп отыру

Аузы - мұрнынан шығып отыру

Аяғы ауыр

Бойына бала біту

Құрсақ көтеру
13. ӘЙЕЛДІҢ БОСАНУЫ ТУРАЛЫ –

Жас босану

Қол аяғын бауырына алу

Тікенінен ажырау

Тікенегі сыртқа шығу
14. БЕТІ ҚЫЗАРУ /эмоцияға қатысты/ -

Балбұл жану

Нұр жайнау

Нарттай қызару
V. Адамның сөйлеу дағдысы туралы
1.КӨП СӨЙЛЕУ /адамның жағымсыз қасиеті туралы/-

Аузы сөзден босамау

Жағы тынбау

Көбік ауыз /жақтырмау/

Көк  /ала / мылжың /жақтырмау/

Көп сөйлеп, көбігін сапыру

Құлағының етін жеу

Құлақ сарсыту /жақтырмау/

Қу таңдай /мысқыл/

Қызыл өңеш

Қызыл тілін қырық орау

Малтасын езу
72


Миды жеу/жақтырмау

Сөз бермеу

Сөзге қонақ бермеу

Сөзді жүндей сабау /кекесін/

Тіл мен жағына сүйену /жақтырмау/
2. ДӨРЕКІ СӨЗ  / ДӨРЕКІ СӨЙЛЕУ –

Құлаққа түрпідей тию

Сөзі //тілі// қыршаңқы

Сөзінің бір кілтипаны бар

Сөзінің төркіні жаман*/күдікті/

Сөзі түйеден түскендей

Сұм тілді

Тоң мойын мінез, томырық сөз

Түйеден түскендей етіп сөйлеу
3. СӨЗДІ ӨСІРІП АЙТУ –

)

Көптіріп сөйлеу

Қара аспанды төндіру //жаудыру// суға алдыру*

Қосып жіберу

Қырық  /он екі/ саққа жүгірту

Құрыққа сырық жалғау*/өтірік/

Өңін айналдыру

Өтірікті судай, ақсақты тыңдай /етіп /айту

Түймедейді түйедей ету
4. ӨТІРІК АЙТУ –

Аузы -мұрны қисаймай

Бет аузы бүлк етпей

Жүзі жанбау
73


Құрыққа сырық жалғау

Өтірікті судай сапыру

Өтірікті судай, ақсақты тыңдай

Сөздің майын мың тамызу (алдап-сулап өтірік сөйлеу)
5.  ТӘН АЛМАУ –

Азар да безер болу

Аттан түссе де, үзеңгіден түспеу (жеңілісін мойындамау)

Байбалам салу

Бет бақтырмау
6.ӨСЕК СӨЗ, ӨСЕК АЙТУ –

Ағаш аттың басына /мінгізу/ шығару (өсектеу

Алып қашпа әңгіме

Артына сөз ілестіру

Артына шала байлау

Жаяу өсек

Күңкіл қылу

Қаңқу сөз

Қатын өсек

Қауесет хабар

Құйрығына шала байлау

Өсек аяңға үйір болу

Өсек басты болу

Өсек жайылу /гулеу

Өсек тасу /теру

Өсекке шалыну

Өсектің аяғы ұзын

Өсекті қарша борату

Сөз ерту

Сөз келтіру

Сөз қыдырту

Суық сөз*/жамандық хабар/

Сыпсың сөз
74

9. УӘДЕСІЗ –

Құрғақ уәде 

Өз сөзін аяқ асты қылу

Серттен таю

Сөзден айну

Сөзін бұзу

Сөзін сиыр құйымшақтандыру

Сөзінде пәтуа  //тиянақ//, //байлау// жоқ

Су аяғы құрдымға жіберу /батыру/

Уәдеде тұрмау
УӘДЕЛЕСУ

Атымды басқа қой /де/ (уәделескенде, серттескенде айтылады)

Кеуделеріне құран ұстау

Қол алып, төс соғыстыру

Қол соғысу

Құдай дескен

Сөз байлау /байласу/

Сөз беру

Сөзі сөз

Сөзінде /сертінде/, \уәдесінде/ тұру

Сөз ұстау
10.БЕЛГІСІЗ ЖАЙТ-/үміт ету/

Бәлен деуге болмайды

Бір құдайдың өзі білсін

Құдай //қаласа// бұйырса
11.ӘҢГІМЕЛЕСУ –

Әңгімеден әңгіме туу

Мұңын шағу
75


Сөзден сөз туу/шығу/

Шер тарқату

Шерін //басу// шығару
12.СӨЗДІҢ  ТОҚ ЕТЕРІ –

Жалпы мазмұны

Ұзын сөздің қысқасы //түйіні

Ұзын ырғасы

Шама шарқы
13.ШЕШЕН, ТАПҚЫР СӨЙЛЕУ –

Ағып тұрған /сөзге/

Аттыға сөз,  аяқтыға жол бермеу

Аяқтыға жол,  ауыздыға сөз бермеу

Қара сөзді қамшы қылу

Қызыл тілден май тамызған

Нақышына келтіріп сөйлеу

Орақ ауыз, от тілді

Өткір тілді

Сөз баққан

Сөзі мірдің оғындай

Сөзінің уыты бар

Су жорға 

Су жықпас шешен

Су төгілмес жорға

Сылдыр көмей,  жез таңдай

Топ жарған /шешен/

Топтан озған жорға

Топтан торғай шалдырмас

Тіл мен жағын безеу

Тілге бай

Тілге жүйрік //ұста
76


Тілдің майын тамызу //ағызу

Тілі мірдің оғындай

Тілін безеу

Тілінен бал таму

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет