3-класс тармағы. ШЕМІРШЕК-СҮЙЕҚТІЛЕР (Сһопdгоstеі) Бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сү-йектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйекті балықтар көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген.
Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балыктардың мына белгілері сақталған: рострумының, болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, ішегінде қатпарлы қақпақшалары және жүрегінің, артериялды конусы болады: Сонымен қатар кей-бір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезек қақпақшаларының болуы, желбезек
34
аралық перделерінің жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қатты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы т. б.
ШЕМІРШЕКТІ-СҮЙЕКТІ БАЛЫҚТАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ
МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ
Қазір тіршілік ететін шеміршекті сүйекті балықтардың бекі-ре тәрізділер деп аталатын бір ғана отряды бар. Соның екі тұ-қымдасына тоқтап кетейік.
Бекірелер тұқымдасының (Асірепsегісіае) рострумы үшкір, аузы кішкене, ересектерінің тісі болмайды.
Орыс бекіресі (Аsірепsег guldепstаdti) — Қара теңізбен Кас-пий теңіздеріне тараған. Біздің солтүстік өзендерде және мұзды мұхиттың өзен сағасында — сибирь бекіресі (А. Ьаегі) кездеседі, амур бекіресі (А. sсһгепki) Амур өзенінде тіршілік етеді. Қызыл балық (А. stеlіаtиs) — Азов теңізінде, Қара теңізде және Каспий теңізінде тіршілік етеді.
Бекірелерге ұқсас стерлядь (А. гиtһепиs) деген балық, Кас-нийдің, Қара теңіздің және Солтүстік мұзды мұхиттың өзенде-ріне тараған.
Бекірелердің ерекше бір туысы-қортпа (Ниsо һиsо) балық-тың екі түрі бар. Онын, біреуі — европалық қортпа Каспий теңі-зінде, Қара теңізде, Адриатика теңізінде мекендейді. Ұзындығы 9 м, салмағы 1400 кг-ға дейін жетеді. Екінші бір түрін калуга (Н. dаигісиs) немесе Қиыр Шығыс белугасы деп атайды. Ұзындығы 4 метрдей, салмағы бір тоннадан асатын, 100 жылдан аса тіршілік ететін балық. Бұлар Амур өзенін мекендейді.
Сырдария мен Амударияны ғана мекендейтін жалған қалақ-ша тұмсықтылар (Рsеиdозсарһігһупсһиs) деген ерекше түрі кездеседі. Олардың тұмсықтары жалпақ, ұзын болады. Ұсақ, салмағы бір килограмдай болатын, кәсіптік маңызы жоқ организм-