С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


-класс тармағы. ҚОС ТЫНЫСТЫ БАЛЫҚТАР (ВІРNОІ)



бет22/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   129
5-класс тармағы. ҚОС ТЫНЫСТЫ БАЛЫҚТАР (ВІРNОІ)
Қазіргі қос тынысты балықтардың үш түрі ғана белгілі. Тұ-щы суларда тіршілік ететін өзіндік ерекшеліктері бар балық-тар. Олар суда еріген оттегімен тыныс алумен қатар ауадағы оттегімен де тыныс ала алады. Әсіресе, олардың бір ерекшелігі — оттегіне тапшы суларда да тіршілік ете алатындығы. Дене мөлшері кейбір түрлерінде 2 метрдей болады. Денесі черепица тәрізді орналасқан циклоидты сүйекті қабыршақпен қапталған, Құйрық қанаттары дифицеркальды.
52
Хордалары бүкіл өмір бойы сақталады. Омыртқа желісі тіпті кетілмеген, сол сияқты жоғарғы және төменгі омыртқа доғала-рыда нұсқа түрінде ғана болады. Бас сүйектері аутостикалы болып келеді. Бас сүйегінің жамылғы сүйектен басқасы шемір-шектен тұрады. Жоғарғы жақ сүйектері болмайды. Жұп қанат-тарының скелеті шеміршекті және буын арқылы байланысқан бір қатарлы базалия элементтерінен және оған жалғаскан ра-диалиялардан тұрады. Құрылысы осындай жұп қанаттарды — бисериальды деп атайды.
Қос тынысты балықтардың прогрессивті белгілеріне алдын-ғы миының күшті дамуы жатады. Оның, үстіңгі беті эпителиальды клеткалардан емес, нерв клеткаларынан тұрады. Зәр шығару-жыныс системасы бір жағынан — шеміршекті балықтардікіне, екінші жағынан — қос мекенділердікіне ұқсайды. Шеміршекті балықтардағыдай ішегінде спираль тәрізді қақпақшасы, жүрегінде жиырылып жазылатын артериальдық конусы болады. Торсылдағы болмайды. Желбезегімен қатар өкпе арқылы да тыныс алатын болғандықтан, сыртқы танау тесігі болу-мен қатар ішкі танау тесігі (хаоны) де болады.
Қан өкпеге алып кеткіш желбезек артериясының төртінші парынан кететін арнаулы қан тамырлары арқылы келеді. Ал өкпеден арнаулы кан тамырлары шығып, қанды жүрекке алып барады. Сондықтан өкпеге келетін қан тамыры — өкпе артериясына, өкпеден кететін — өкпе венасына сәйкес келеді. Жүрекшеде оны оң және сол жартыға бөліп тұратын кішкене перде болады. Сол жартысына өкпе венасынан, ал оң жартысына кювьеров ағысынан және артқы қуыс венадан келетін қан құйылады. Қуыс вена (көп қанаттылардан басқа) балықтар класс тармағында болмайтынын атап өтуге болады. Ол жер бетін мекендейтін омыртқалыларға тән. Қуыс вена кардинальдық венаның тарамдануынан пайда болған.
Қос тынысты балықтар девон дәуірінің орта кезінде, пөле-зойдың аяғында пайда болып, мезозойдын. бас кезінде кедінен таралған. Қазіргі кезде екі отрядқа жататын үш тұқымдас және үш туысы сақталған.
1-отряд. БІР ӨКПЕЛІЛЕР (МОNОРNЕUМЕS)
Nеосегаtоdіиs деп аталатын бір туысы және Сегаtойіdае деп аталатын бір тұқымдасы ғана белгілі. Өкілі неоцератод (N.fозtегі). Бұл ұзындығы 175 сантиметрге жететін осы кездегі қос тынысты балықтардың ең ірісі Солтүстік Шығыс Австралиядағы Квинсленда өзенінде тараған. Өкпесі айқын екі бөлімге бөлінбеген бір өкпе қапшығынан тұрады. Желбезектері жақсы дамыған. Неоцератод бір мезгілде өкпесімен де желбезегімен де, немесе әрқайсысымен жеке тыныс ала алады. Сондықтан олар басқа балықтар тіршілік ете алмайтын, өсімдік өте қалын, өскен
53
суларда да тіршілік ете алады. Жазда су тартылып, оның ішін-дегі өсімдіктер шіріп, судағы оттегі мейлінше азайған кезде, не-оцератодтар тек қана өкпесімен тыныс алады. Ол кезде балық судан басын жиі шығарып, ауа қабылдайды. Күзде олардың мекендеген суларына жаңа сулар қосылған кезде өкпенін, қыз-метін желбезек атқарып, қанның тотығуы желбезек арқылы орындалады. Олар құрғап қалмайтын суларда тіршілік етеді де, ұйқыға жатпайды. Су түбіне жақын қабатта, көбінесе су тубінде кездеседі. Шаян тәрізділермен, моллюскалармен және құрттармен қоректенеді. Көбінесе сентябрь мен октябрь айла-рында көбейеді. Жұмыртқасын су өсімдіктерінің арасына сала-ды. Шабақтары ешбір өзгеріссіз дамиды, олардың сыртқы желбезектері болмайды.
2-отряд. ҚОС ӨКПЕЛІЛЕР (DІРNЕUMONЕS)
Қос өкпелілердің бір-біріне өте жақын екі тұқымдасы бар. Оның бірі — тропиктік Африкаға таратн протоптерилер. (Ргоtорtегіdае), екіншісі — Оңтүстік Американың Амазонка өзенін-де тараған лепидосирендер (Lеріdоsігепidaе). Бірінші тұқымдасына — протоптерус (Ргоtорtегиз) туысының бірнше түрі, екіншісіне бір ғана туьгс лепидосирен (Ьеріdозігеп) жатады. Қос өкпелілерге тән белгілері: өкпесінің екеу болуы, желбезектерінің аздап редукцияға ұшырауы және қос қанаттарының нашар дамып, жіңішке талшық түріне айналуы. Неоцератодтарға қарағанда ұсақ келеді. Лепидосиреннің, ұзындығы —125 см, ал протоптерус — 140 см болады.
Бұлар өзендерде және тайыз суларда, кейде мүлде құрғап қалатын шалшық суларда да тіршілік етеді. Протоптерустың тіршілік еткен суы құрғаған кезде, олар су түбін казып шал-шыққа еніп, капсуламен қоршалады. Лепидосиреннің денесінің сыртына капсула пайда болмайды. Сөйтіп жазғы ұйқысы бес айға созылады. Протоптерусты қолдан ұйықтатқанда 3—4 жылға дейін тіршілігі жойылмаған. Ұйықтаған кезде тек қана өкпесімен тыныс алады. Жауын көбірек жауған мезгілде ояна-ды. Су түбіндегі омыртқасыздармен, көбінесе өсімдіктермен қоректенеді. Уылдырықтарын шұңқырларға немесе су түбіндегі індерге шашады. Дамуы метоморфозды. Личинкаларында сырткы желбезегі болады. Ол рудимент түрінде ересектерінде де сақталған.
Қос тынысты балықтардың онша кәсіптік маңызы жоқ. Оларды жергілікті халықтар пайдалану үшін ғана аулайды. Бұл балықтардың ерекшелігі жер бетінде тіршілік ететін омыртқалылардың шығу тегі болмаса да, соларға ұқсас көпте-ген белгілері бар. Қос тынысты балықтардың құрылысын және тіршілігін зерттеу, балықтардың қос мекенділерге айналуын түсіндіруде дұрыс жол көрсетеді.
54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет