1- жалпақ тұмсықты акула; 2-ара тұмсықты акула; 3-майшабақ тәрізді акула; 4 — теңіз періштесі. ЖАЛПАҚ ТҰМСЫҚТЫ АКУЛА ТҰҚЫМДАСЫ
Осы кезде тіршілік ететін бір-ақ түрі бар. Олардың дене тұр-қы ұзын болады және 6 — 7 жұп желбезек саңылаулары бар. Рострумы жоқ, арқа қанаты біреу ғана болады. Жалпақ тұм-сықтылар Атлантика мен Тынық мұхиттардың терен, жерлерін мекендейді. Кәдімгі акула тұқымдасына (сагсһагііdае) 60-қа
30
жуық түрлері жатады. Бұлардың басты өкілдері Жерорта теңі-зінің көк акуласы мен кунья акуласы болып есептеледі. Ара тұмсықты акула (ргіstіорһогиs jаропісиs) рострумы ұзын және жалпақ келеді. Рострумдарының сыртқы жиектерінде араның тісі сияқты бұдырлары бар. Мұндай құрылысты тұмсықтарының маңызы үлкен: біріншіден, жауынан қорғануда қару есебінде пайдаланады; екіншіден, өздерінің қорегі болып саналатын балықтарды екпінімен барып соғып, өлтіріп немесе әлсіретіп ұстап жейді. Кейбіреулерінің қанаттары жалпақ, скаттарға ұқсайды. Денесінің ұзындығы 1—2 м болады. Ол Жапония мен Австралия жағалауларында көбірек кездеседі.
Теңіз періштесі (sqиаtіпіdіае sqиаtіпа) — акулалар мен скат-тардың арасындағы аралық форма болып есептеледі. Денесі жалпақтау, көкірек және құрсақ қанаттары үлкен, құйрық қа-наты кішірек болады. Бір ғана түрі Атлантика мен Тынық мұ-хиттың қоңыржай және тропикалық суларында мекендейді. Тіршілігінің көпшілігін судың түбінде өткізеді деуге болады. Судың беткі және терең қабатын мекендейтін акулалардың барлығы да жақсы жүзеді. Ұрланып келіп, яки қуып жетіп балықтарды ұстап жейді. Біразы ғана омыртқасыздармен қоректенеді. Негізінен олар теңіздерді мекендейді, бір аз ғана түрі өзендерге шығады. Көпшілігінің ұрықтануы ішінде орындалады. Майшабақ акулалардың бірқатары, ноготница деген түрі — Мурманскіде, Қара теңізде, Қиыр Шығыстың суында болатын түрлері кұрсақта жұмыртқадан шабақтар шығару арқылы көбейеді. Акулалардың жұмыртқалары көп болмайды. Жұмыртқаларының сырты қатты қабықпен қапталған және су түбіндегі заттарға бекінетін жіпшелері болады.
Тірі туатын түрлерінің жұмыртқасының сыртында қатты қа-бығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолында дамығанда, ұрықты анасының денесімен тығыз байланыс-тыратын “сары уыз плаценттері” болады.
Акулалардың экономикалық маңызы шамалы. Кейбір жер-лерде акулаларды “балық шагрені” деген терісі және құрамында “Д” витамині болатын майын пайдалану үшін аулайды.
2-отряд. СКАТТАР (ВАТОІDЕІ). Бұлардың денесі арқасынан құрсағына қарай қысылып ба-рып бітеді де, қанаттары өте жалпақ болып көкірек қанаттары бас бөлімімен жалғасып кетеді. Осының нәтижесінде желбезек саңылаулары мен танау тесіктері, басының құрсақ жағына орналасқан. Құйрық және арқа қанаттары кішкене болады. Скаттар — жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар. Акулалар мен скаттардың аралық формасы болып саналатын шеміршекті балықтардың, барлығын жоғарыда келтіргенбіз, мысалы, ара тұмсықтылар. Олардың ұзын-
31