С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет3/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Сыртқы түрі. Ланцетник — ұзындығы 5—8 *сж болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жән-дік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцет-ке ұқсас болғандықтан — ланцетник деп аталған; Арқа қанаты кұйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде жел-- безек қуысына шейін созылады.
Денесінің, құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплев-'ральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атериальдық тесікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы, бауыр жағында 10—12 пар қармалағышпен қоршалған, ас жолы басталатын ауыз алды тесігі болады.
Тері қапшыры. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұ-рады: сыртқысын — эпидермис, ішкісін — кутис деп атайды. Жоғары дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен, айырмасы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа қутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клет-.
9
калары — цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар, ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері бола-ды. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың ткань-дерден құралады (3-сурет).

3 - с у р е т. Ланцетникгің ұзынынан -жарып көрсеткендегі құрылысы:
/ — қармалағыштармен қоршалған ауыз алды тесігі; 2 — құйрық қанаты; 3—арқа қанаты; 4 — кұйрық асты қанаты; 5—метаплевральды қатпар; 6 — атриальдық тесік; 7—хорда; 8 — миомер (тек қана құйрық бөлімдегілері көрсетілген) 9 — миосепта; 10 — нерв түтіп, // — желкен, /2 —желбезек саңылаулары; 13—ішек; 14—ішектің бауыр өсіндісі; 15 — желбезек айналасындағы қуыс; 16 — эндостиль; 17 — жыныс бездері.
Ет системасы. Басқа хордалылар сияқты, бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет әсіресе денесінің арқа бөлі-мінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі — миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлер бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер тканьдермен шектеліп (бөлініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын 'көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері бір-бі-ріне тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде көлденең бағытта денесінің оңай иілуіне жағдай туғызады.
Хордасы негізінен каңқа қызметін атқарады. Хорда ланцет-никтің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорда клеткаларының шығарған заттарынан хорданың сыртын қаптап тұратын қабық пайда болады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуольдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан нерв түтігін қаптап тұ-рады. Бұл қапшықтан миосепталарға, тері астындағы дәнекер тканьдерге, өсінділер тарайды. Желбезек саңылауларының маңайында клеткасыз талшықты құрылысты тор бар. Ол тор тірек қызметін атқарады. Тор көзіне тығыз орналасқан қоймалжың тканьдер қанаттарын қозғауға сүйемелдейтін кұрал есебінде пайдаланылады. Ауыз алды бөлімінде орналасқан-қармалағыш түктерінің түбінде де тіректік қоймалжың заттары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет