Жылдық цикл. Амфибилердің құрлықта тіршілік етуге аз бейімделуі жыл маусымында болатын өзгерістерге сәйкес өзгеруге, икемделуге мәжбүр етеді. Олардың қалыпты тіршілік етуіне экваторлық зонада ғана толық жағдай бар. Ал кейбір жауын мен құрғақшылық алмасып отыратын облыстарда, олардың тіршілік әрекетінде үлкен өзгеріс болады. Құрғақшылық кезінде балшыққа көміліп, інге, тастың, басқа заттардың астына тығылып, ұйқыға кетеді. Біздің жердегі бақалар сентябрь айында ауа темпеартурасы 8—12 градус жылылықта ұйқыға дайындалады да, 3—5 градуста ұйқыға кетеді. Москва түбінде кейбір ересек формаларын октябрьдің жартысында да кездестіруге болады. Кейбір пікірлер қоңыр бақалардың су түбіндегі балшыққа көміліп жатпай, тастың астында, балдырлардың арасында қыстап шығатынын дәлелдейді.
98
Құрбақа, бақылдауық бақалар кеміргіштердің ескі інінде ағаш тамырының, тастың астында, подвалдарда қыстап шығады.
Тритондар мен саламандралар да топтанып немесе әрқайсысы өз бетінше мүктің арасына, ағаш тамырының, тастың астына, інге еніп қыстайды. Тритондар бақаларға қарағанда суыққа шыдамды келеді. Мысалы, олар — 1,5 градусқа шыдаса, бақалар — 0,5—0,8 градусқа ғана шыдайды.
Көктемде ұйқыдан ең алгаш апрельдің бас кезінде, кейде марттың аяқ кезінде коңыр шөп бақасы оянады. Жасыл бақа майдың бас кезінде, ал тритондар апрель айының басында оянады.
ҚОС МЕКЕНДІЛЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ
Ертедегі қос мекенділер Гренландияда жоғарғы девон қаба-тынан анықталған. Әзірше ондай жануарлардың бас сүйегі ға-на табылды. Ал толық скелеті тас көмір мен перм қабаттары-нан табылған. Бұл өте ертеде тіршілік еткен амфибилердің тобы — филлоспондилер (Рһуііоsропdуlі) отрядына топтасады. Бұлардың ең ұсақтарының (Вгапсһіоsаигиs) денесінің ұзындығы бірнеше сантиметр ғана болған. Сыртқы бейнесіне қарағанда, олар тритондарға ұқсайды. Ми сауытының басым көпшілігі сүйектенбеген, бірақ оның үстіңгі жағы тері тектес сүйекпен қапталып тұрады. Кейбір түрлерінде рудиментті желбезек қақпақшалары болған. Бас сүйегшің құрылысындағы кейбір элементтеріне қарағанда, бірқатарында личинка кезінде сыртқы желбезегі болғаны байқалады. Филлоспондилер отряды — амфибилердің ертеде тіршілік етіп, кейін құрып біткен, олардан қазіргі замандағы құйрықты және кұйрықсыздар отряды пайда болған болуы керек.
Амфибилердің екінші құрып біткен отряды — лабринто-донттар (LаЬугіпthоdопtіа). Олар тас көмір мен перм қабаттарынан және полезоц мен ерте мезозой дәуірінен белгілі. Бұл алуан түрлі өте көп жануарлардың тобы еді. Ертеде болған түрлерінің ұзындығы 60 сантиметрдей, бірақ көпшілігінің дене мөлшері ірі крокодилдердей болған. Жалпы бейнесі саламандраларға ұқсас, бірақ аяқтары нашар жетілген. Ми сауыты тері тектес сүйекті сауытпен қапталған. Кейбір түрлерінде сүйекті сауыт кұрсағында да болған, ол құрсақ бөлімін жер бетіндегі әр түрлі заттардың әсерінен қорғау қызметін атқарған. Бұл отрядтың ертедегі түрі еогиринус (Еоgигіпиs) тас көмір дәуірінде батпақты жерде тіршілік еткен су жануарлары. Кейін, карбон дәуірінің аяқ кезінде жер бетін мекендейтін аяғы жақсы жетілген түрлері пайда болған. Эволюциялық дамудың нәтижесінде ондай ам-фибилерден бауырымен жорғалаушылардың шығуы мүмкін.