С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


класс. БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР



бет47/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

4 класс. БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР
НЕМЕСЕ РЕПТИЛИЛЕР (RЕNТІLIА)
Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфибилер көбіне тіршілігі сумен тығыз байланысты, төменгі сатыдағы омыртқалылар болса, рептилилер, кұстар және сүт қоректі жануарлар құрлықта тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бұлардың ішінде тіршілігінің көп уақыты суда өтетін түрлері де бар, бірақ ол су ортасында тіршілік етуге бейімделген екінші белгі болып саналады. Оны палеонтологияның, эмбриологияның, және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.
Барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұрықтануы іште болады. Көбеюі құрылықта, кейбір тірі туатын түрлері (мысалы, кит тәрізділер) суда көбейеді. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың эмбриональдық дамуындағы бір ерекшелігі ерекше ұрық қабының пайда болуы. Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілер-де ұрық қабы бала жататын орынды немесе плацента құрауға қатысады. Оның өзі өсіп келе жатқан эмбрион мен аналық организмнің арасындағы органикалық байланысты түзеді.
Бір ұрық қабының амниотикалық деп аталуына сәйкес жо-ғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгі сатыдағы омыртқалыларда ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен арте-
102
риялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.
Әйткенмен рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылар-дың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14— 32° градустың арасында болады.
Амфибилерге қарағанда рептилилер көп алуан түрлі және кең таралған класс. Қазір рептилилердің шамамен 5000—5500-дей түрі белгілі. Олар 4 класс тармағына, 9 отрядқа бөлі-неді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет