4. Қыстап шығу — кезіндегі негізгі қиыншылық — тамақ та-бу жағдайының қиындап кетуі, тамақтың азаюы, тамақтың са-пасының нашарлауы. Мұндай қиыншылықтан құтылудын, ең қарапайым жолы тамақ іздеуде қозғалыс жылдамдығын арттырып, көп аймақты аралау. Осындай ерекшелікті көптеген жануарлардан — қасқырлар, түлкілер, жолбарыстар, барыс-тар; кемірушілерден — тиіндер, қояндар және түяқтылардың бірнеше түрлерінен байқауға болады. Сүт қоректілердін, кейбір түрлері қоректік азық іздеп, миграция жасамайды, олар қыстың қиыншылығын ұйқыда жатып өткізеді немесе қысқа қажетті тамақ қорын жинап алады.
Қысқы ұйқы сүт қоректілерде кең таралған құбылыс, бірақ ол кейбір отрядтардың өкіліне ғана тән ерекшелік. Қысқы ұйқыға клоакалылар, қалталылар, насеком жемділер, қол қа-наттылар, мүкі тістілер, жыртқыштар, кемірушілер' отрядының өкілдері жатады.
Қыскы ұйқы ұйықтау дәрежесіне қарай үшке бөлінеді.
1. Қысқы немесе факультативті ұйқы. Қысқы ұйқы кезінде жануарлардың организміндегі зат алмасуы, температурасы, тыныс алу құбылыстары төмендейді. Аюлар, жанаттар, жанат тәрізді иттер, борсықтар ұйқысынан мезгілі болмай-ақ оянады. Қоңыр аюлар қыста жер апандарда немесе құлап жатқан ағаштардың астында немесе шырша түбірлерінің астында ұйықтайды. Қара аюлар, жанаттар — ағаш үңгірінде, жанат тәрізді иттер — саяз індерде немесе жиылған шөптің ішінде ұйықтайды, ал борсықтардың індері терең және күрделі құ-рылысты болады. Ұйқыға жату немесе одан ояну мерзімі андар-дың тіршілік еткен жағдайларына тікелей байланысты, мысалы, қоңыр аю Сибирьдің солтүстігінде октябрьден бастап май айына дейін ұйқыда болса, Европаның солтүстігінде олар ноябрьден апрель айына дейін, Кавказ тауларының оңтүстік беткейінде декабрьден февральға дейін ұйықтайды, ал Закавказьеде кейбір жылдары аюлар тіпті ұйқыға жатпайды.
2. Н а ғ ы з ұ й к ы — кезінде температура төмендеп, тыныс алу жиілігі бәсеңдейді. Алайда кыс ортасында күн жылы болған күндері қысқа мерзімге мезгіл-мезгіл ояна алатын қабілеті бар жануарлар жарқанаттар, шұбар тышқандар, аламандар жатады.
3-Нағыз маусымдық үздіксіз ұйқыға жататындар — кірпілер, жарқанаттардың кейбір түрлері, сар-шұнақтар, суырлар, қосаяқтар болып саналады. Бұлар терең ұйқыға кетеді де, температурасы бірден төмендеп, тыныс алуы баяулап, өлі организмге көбірек ұқсайтын болады.
Үйқыға жатқан организмде зат алмасуы өте төмендегенмен де бүтіндей тоқтап қалмайды. Бұл кезде олар өзінің денесіндегі
273 тканьдері мен май корларын пайдаланады. Нағыз ұйқы қыста ғана емес жазда да болады. Ол — әсіресе саршұнақтарға тән құбылыс. Мысалы, солтүстіктегі теңбіл саршұнақ (С. sиslіса), август айында ұйқыға кетеді. Жартылай шөлді облыстарда тіршілік ететін кіші саршұнақ (С. руgmаеиs) июль айында ұйқыға кетсе, ал Орта Азиядағы саршунақтар (С. fиlvиs) июнь мен июль айларында ұйқыға кетеді. Жазғы ұйқының себебі; өсімдіктердің қурап кетіп, организмнің қалыпты тіршілік әрекетіне қажетті суды ала алмауынан болады.
Қысқы ұйқы, сол сияқты нағыз ұйқы да тіршілікке қолайсыз жағдайларды өтеудегі организмнің бейімделуі болып саналады. Бұл көрсетілген екі түрлі құбылыстарда тіршілік жағдайының нашарлау дәрежесі жануарлардың түрліше бейімделуіне себепші болады.
Тамақ қорын жинау. Жыл мерзімдерінде қоректік азықтар-дың болмай қалуынан сақтанудағы жануарлардың бейімделуі. Бұл әсіресе кемірушілерге тән ерекшелік.
Біздің оңтүстік далалы жерді мекендейтін қорған салушы тышқандар (Миs mиsсиlиs һогtuгаnas) жерден үйіп, құмырс-қаның илеуі сияқты биіктігі 10—80 см, аумағы 50—200 см (ірге жағынан) етіп қорған салады. Сыртынан қарағанда ол төбешік секілді болып көрінеді. Оның ішінен күрделі торапталған жол-дар қазып, ішін бірнеше бөлікке бөледі де, олардың ішіне мәдени дақылдардың және жабайы өсімдіктердің дәнін жинайды. Әдетте мұндай қорғандардың ішіне жиылған дән 5—7 кг болады. Ал кейде 15—16 килограмға дейін дән табылғаны туралы мәлімет бар. Олар азықты 20—25 күннің ішшде август — октябрь айларында жинайды. Жиылған азық — қорларын тышқандар күзде, кыста және көктемнің басында пайдаланады.
Даланың кішкене экономка деп аталатын — сұр тышқаны (Місгоtиs оесопотиs), өзінің ініне дақылды азықтың дәндерін, ағаштың, шөптің тұқымдарын, құрғақ шөптерді және өсімдік тамырларын жинайды, оның ініне жинаған азық қорының мөл-шері 10 килограмнан астам болады. Осы сияқты азық қор-ларын цокорларда (Муозраіах туозраіах), соқырларда (Sраlах mісгорһаlmиs) індеріне жинайды. Орта Азияда кездесетін кемірушілердің көпшілігі өсімдіктің вегетативтік органдарынан қор жинайды. Мысалы, үлкен құм тышқаны (RһоmЪоmуs аріmиs) және кепкен шөпті індеріне жиятын ысқырғыш, немесе шөптергіш тышқандар (Осһоtопа). Дала тышқандарының көпшілік түрлері шөптің биіктігін 35—45 см етіп, ал көлемі — іргесінен өлшегенде 40—50 см болатын шөмеле етіп жинайды. Қыста ұйқыға жататын Шығыс Сибирьдің ұзын құйрық саршұнақтары (Сіtеlus ипdиlаtиз), шұбар тышқандары, аламандары да қор жияды. Тиіндер санырауқұлақты ағашқа іліп, кептіріп қояды.
Жыртқыштардьщ да біразы қорек қорын көп жинаса (қоңыр
274
күзендер, гіоркалар), ал аю, түлкі және сусар сияқтылары кор-ды аз жасайды.