С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


-отряд. ҚҰЙРЫҚТЫ АМФИБИЛЕР (САUDАТА



бет41/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   129
1-отряд. ҚҰЙРЫҚТЫ АМФИБИЛЕР (САUDАТА
НЕМЕСЕ URODELA)
Құйрықты амфибилердің денесі бас, дене және құйрык бө-лімдеріне бөлінген. Құйрықтары жұмыр, немесе екі бүйірінен қысыңқы болып келеді. Қейбіреулерінің құйрығының үстіңгі жағында жал сияқты тері қатпары болады. Көбінің аяқтары жақсы дамыған. Алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындығы бірдей. Кейбір түрлерінің (сирендердің) артқы аяқтары бол-майды.
Омыртқалары амфицельді, немесе опистоцельді болады. Дене омыртқаларына қабырға жоралғылары бекиді. Құйрықсыздарға қарағанда бұлардың бас сүйектері айқын жіктелген. Маңдай және төбе сүйектері бірігіп кетпеген, бір пар сына тәрізді көз сүйектері болады. Бұғана сүйегі болмайды. Құйрықсыздан айырмашылығы кәрі жілік пен асықты жілік екі сүйектен (шыбық, шынтақ, асықты жілік және шыбығынан) тұрады.
Қан айналу системасы қарапайым құрылған. Тек қана жо-ғарғы сатыдағы кұйрықтылардың жүрекшесі толық пердемен бөлінген. Қолқаның төрт шеңбері де болады. Артқы қуыс венасының сақталуымен қатар, кардинал веналары да сақталған. Кейбіреулерінде желбезек өмір бойы сақталады. Көпшіліктерінде сыртқы, ал біраз ғана түрлерінде ішкі желбезек болады, терісі арқылы тыныс алуы басым болады.
Дабыл қуысы мен дабыл жарғағы болмайды. Көптеген кұй-рықтылардың амфибидің басқа отрядтарына қарағанда бүйір сызық органдары өмір бойы сақталады. Көздері тіршілік ететін ортасына қарай түрліше дамыған. Суда болатындарында қоз-ғалмалы кабағы болмайды.
Көпшілігінің ұрықтануы іште орындалады. Ұрықтанған уыл-дырықтарын салу, личинка, немесе тірі туу арқылы көбейеді. Бірқатар түрлерінің личинка кезінде де көбеюге қабілеті бола-ды. Мұны неотения құбылысы. деп атайды. Құйрықтылардың қазір 230-ға жуық түрлері белгілі.
С а л а м а н д р а л а р т ұ қ ы м д а сы (Sаlаmапdігіdіае). Дене пішіндері кесірткелерге ұқсайды. Ұзын құйрықтары жұ-
88
мыр, немесе екі бүйірінен кысыңқылау келеді. Аяқтары жақсы-рақ дамыған. Личинкалары сыртқы желбезекпен тыныс алады. ал ересектерінде желбезек болмайды — өкпесі және терісі арқылы тыныс алады.
Бұл тұқымдасқа Европада, Қавказда, Сибирьде және Орта Азияның кейбір жерлерінде таралған тритондар жатады. Өкіл-дері: жалды тритон (Тгіtігиs сгіstаtиs), кәдімгі тритон (Тгlt-гиз vиlgагіs). Бұлар жаз кезінде, шағын ақпайтын, немесе жай ағатын азды-көпті өсімдігі бар суларды мекендейді. Көбеюі мен личинкаларының дамуы су қоймаларында өтеді. Күзге қарай тритондар судан шығып, ағаштың түбіне, тастың астына, жердің жарығына паналайды. Қыста құрғақ түбірлердің, құлаған ағаштардың астында қыстап шығады. Көктемде, қар кете бастағанда қайтадан су қоймаларына оралады. Жануар текті заттармен коректенеді.
Кәдімгі саламандралардыц (Sаlаmаndга) бірнеше түрлері Орта және Оңтүстік Европа, Батыс Кавказда, Кіші Азияда жә-не Солтүстік Африкада таралған. Саламандралар негізінен: денесі үлкен, икемсіз, құйрық үстінде тері қатпары жоқ, әдетте теңбіл түсті болады. Тецбіл, немесе отты саламандра (S. sаlаmапdга) Европада, Кіші Азия мен Солтүстік Африканың дымқыл, қараңғы тоғайларында тіршілік етеді. Күндіз ағаш тамырларының, тастың астында және індерде болады. Түнде активті, күндіз тек қана жауынды күндері сыртқа шығады. Тритондарға қарағанда саламандралардың тіршілігі су орталығымен оншама байланысты емес. Дене мөлшері 18—28 сантиметрдей. Көпшілік жағдайда құрлықта ұрықтанады; бұл кезде еркегі мен ұрғашысы жақындасып, бір-біріне клоакаларын беттестіреді. Суда да ұрықтануы мүмкін, онда еркектері сперматофораларын қапшықшаларға салып, су астындағы заттарға іліп кетеді де ұрғашылары жоғарыда айтқандай оны клоакалары арқылы қабылдайды. Әдетте теңбіл сал^мандралар желбезектері бар ли-чинкалар туады. Личинкалардың метаморфозы суда өтеді.
Солтүстік Америкада амбистом (АmЬуstоmа) деген хүрі ке-ңінен тараған. Дене мөлшері 15—23 см болатын, қоңыр-сұр түо ті, теңбілі бар жануар. Қүйрығы жуан, тері өсіндісі болмайды. Неотения тәсілімен көбейеді. Личинкасын аксолотль деп атайды.
Солтүстік Америкада өкпесіз саламандралар (Ріеtһоdопtі-dае) тіршілік етеді. Бұларда өкпе болмайды, терісі және ауыз қуысының сілекей қабаты арқылы тыныс алады. Көпшілігі құрлықта, судан тыс жерде тіршілік етеді. Жұмыртқасын көбі-несе кұрлыққа, індерге немесе өсімдік тамырларының астына, ал кей-бір түрлері ағаштардың қуысына салады. Ұрғашылары жұмыртқасын көбінесе құрлыққа, індерге немесе өсімдік тамырларының астына, ал кейбір түрлері ағаштардың. қуысына салады. Ұрғашылары жұмыртқаларынан личинка шыққанша тастап кетпей, оның сыртына оралып жатады. Қейбір түрлерінің ли-
89
чинка дәуірі болмайды, жұмыртқаларынан желбезектері жоқ личинкалар шығады.
А м ф и у м д а р т ұ қ ы м д а с ы н а (Аmрһіиmііае) осы кездегі ең ірі амфибилердің бірі болып саналады. Кейбіреулерінің денесінің ұзындығы бір метрге жетеді. Аяқтары өте нашар дамыған, іс жүзінде жүруге жарамайды. Қабағы жоқ, өкпелерімен тыныс алумен қатар, ішкі желбезек арқылы да тыныс алады.
Ж а с ы р ы н қ а н а т т ы т ұ қ ы м д а с ы н а (СгуріоЬгап-сһМае) осы кездегі қарапайым құрылысты құйрықты амфиби-лер жатады. Ұрықтану оларда сыртта болады. Бұған мысалға Жапонияның гигант саламандрасын (МеgаІоЬаtгасһиs jаропі-сиs) алуға болады. Оның ұзындығы 150 сантиметрге жетеді.
Ол Ниппон аралының тау өзендерінде, Орта Қытай өзендерінде кездеседі. Бұл өзеннің су шайған жағалауларын, тастардың астын мекен етеді. Балықтармен, бақалармен, құрттармен қоректенеді. Жұмыртқасын суға, індерге, судың ағыны баяу бөліміне салады. Жапон саламандрасының еті жеуге жарайды, сондықтан да оларды көбірек аулайды.
Амфиумның (Аmрһішmа теапз) денесі 70—100 см болады. Рудименхті аяқтары денесін қозғауға жарамайды. Көпшілік өмірін суда, батпақты жерде, жай ағатын бұлақтарда өткізеді. Жұмыртқаларын су маңындағы дымқыл жерлерге салады. Ұрғашылары жұмыртқаларын денесімен орап алып, бүкіл даму мерзімінің аяғына дейін жатады. Личинкаларының үш ай бойы сақталатын, сыртқы желбезектері болады. Амфиумдар Солтүстік Американың оңтүстік шығыс облысында мекендейді.
П р о т е й л е р т ұ қ ы м д а с ы н ы ң (Ргоtеіdае) екі ғана түрі белгілі. Оның біреуі Балқан түбегінің жер асты суларын мекендейді. Протейлердің сыртқы желбезектері өмір бойы сақталады, соған қарағанда неотеникалы формаларының болуы мүмкін. Көздері терілерінің астында жатады. Аяқтары кішкене, жүруге жарамайды. Жер асты суларда тіршілік ететіндерінің түсі ақшыл, ал Солтүстік Америкадағы баяу ағатын суды мекен ететіндерінің түсі сұр немесе қоңыр нүктелері бар қоңыр түсті-болады. Денесінің ұзындығы 25—35 см болады. Ұрықтанған жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Сонымен қатар, Балқан протеялары тірі де туады. Тірі туу судың температурасы +15 градустан төмендегенде ғана байқалады.
С и р е н т ұ қ ы м д а с ы н ы ң (Sігепіdіае) Солтүстік Америкада кездесетін екі түрі бар. Сирендердің сыртқы желбезегі өмір бойы сақталады және ішкі желбезектердің рудиментті саңылаулары болады. Артқы аяқтары жоқ, алдыңғы аяқтары нашар дамыған. Көздері терімен қапталған. Денелері жалпы алғанда угор тәрізді, 60—70 см болады. Батпақты жерлерде түбірдің астын мекен етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет