Алғашқы рептилилер. Котилозаврлар — тас көмір дәуірінің үстіңгі қабатынан белгілі болған ертеде тіршілік еткен репти-лилер.
Мұның көптеген белгілері стегоцефалдарға жақын екенін көрсетеді. Мысалы, көпшілігінде сегізкөз омыртқасы біреу ғана,
23-сурет. Қотилозаврлар (1, 2, 3) және псевдозухи (4):
1 —перейазавр (перм дәуірінің үстіңгі қабатынан табылған, 2 — жобалап салынған парейазаврдың суреті; З-сеймурия (жобасы), 4- псевдозухи. 127
мойын бөлімі нашар жетілген, балықтарға тән иық белдеуінде тері тектес сүйек — клейтрум болады. Ми сауыты сүйек қорабынан тұрады да онда көз, танау, төбе органының ғана тесіктері болады. Аяқтары қысқа, маманданбаған (23-сурет).
Котилозаврлардың көпшілігі өсімдіктермен, кейбір түрлері моллюскалармен қоректенген.
Котилозаврлар перм дәуірінің орта кезінде жақсы дамып, оның аяқ кезінде азайып, ал триас дәуірінде мүлдем құрып біткен. Бұлардың орнын котилозаврлардың жоғары ұйымдасқан және маманданған группалары басқан.
Рептилилердің бұдан кейінгі эволюциялық дамуы өзін қор-шаған ортаның алуан түрлі жағдайына сәйкес бейімделіп қа-лыптасты. Көпшілік группаларының скелеті берік, әрі жеңіл бо-лумен қатар, қозғалғыш қасиет пайда болған. Олар бірте-бірте түрлі қоректерді пайдалана бастайды. Осыған байланысты аяқтарының, омыртқа жотасының және ми сауытының құрылысында өзгерістер болған. Көпшілігінің аяқтары ұзын, жамбас сүйегі екі және оданда көп сегізкөз омыртқаларына бекіген. Иық белдеуіндегі клейтрум сүйегі жойылған. Бүтін ми сауыты аздапта болса редукцияға ұшыраған.
А л ғ а ш қ ы к е с і р т к е л е р (Ргоsаигіа). Ми сауытында екі бет доғасы болатын рептилилердін, өте қарапайым группасы.Тісі амфибилердің тістері сияқты, тек қана жақ сүйегінде ғана емес таңдайында да болады. Омыртқасы амфицельді. Бұлар сырт қарағанда ірі кесірткеге ұқсайды. Алғашқы кесірткілердің қалдықтары перм дәуірінен табылған. Триас дәуірінде тұмсық бастылар (Rhупсһосерһаlіа) пайда болған. Оның гаттерия (Зрһепосіоп рипсШиз) деген түрі осы кезде Жаңа Зеландияда кездеседі.
П с е в д о з у х и л е р (Рsеиdоsисһіа). Алғашқы кесірткелермен бір түбірден тараған болу керек. Олар триастың басында пайда болған. Тістері терең ұяшықтарға орналасқан. Артқы аяғы алдыңғы аяғынан жақсы жетілген. Осының салдарынан жам-бас Сүйегі және артқы аяқтарының төменгі бөлімдері ұзарып кеткен. Көпшілігі ормандарда тіршілік еткен.
Мысалы, орнитозухилар, крокодилдер, динозаврлар (Dіпо-sаигіа) және птерозаврлар (Ріегоsаигіа) осы псевдозухилардан дамуы мүмкін.
К р о к о д и л д е р (Сгосоdilіа). Триас дәуірінің аяқ кезінде пайда болған. Юра дәуіріндегі крокодилдердің қазіргі крокодилдер-ден ерекшеліктері; олардың кәдімгі сүйекті таңдайы болмаған және ішкі танау тесіктері таңдай сүйектерінің аралығына ашылған. Омыртқалары әлі де амфицельді болған. Бор дәуірінде екінші ретте пайда болған таңдай сүйектері бар және омыртқалары процельді крокодилдер тіршілік еткен. Бұлардың көпші-лігі тұщы суларда тіршілік еткен, ал юра дәуірінде тіршілік ет-
128
кен крокодилдердің ішінде теңізде тіршілік еткен формалары да бар екені белгілі болған.
Қ а н а т т ы к е с і р т к е л е р (Рtегоsаигіа). Қанатты кесірт-
келер —мезозой заманындағы рептилилердің ішіндегі ұшуға бейімделген жануарлар. Олардың алдыңғы аяқтарының төртінші ұзын саусағымен екі бүйіріндегі жарғақтары үшу қызметін атқарған. Жалпақ төсінде құстардағыдай қырлы төсі болады, бас сүйектері жас кезінде-ақ бірігіп кеткен. Көптеген сүйектерінде ауа қуысы болады. Тұмсық тәрізді жақтарында тістері болған.Құйрығының ұзындыры мен қанатының формасы алуан түрлі.Кейбір түрлерінің ғана қанаты ұзын, жіңішке құйрығы ұзын болған. Басқа түрлерінің құйрығы қысқа, қанаты жалпак болған. Птерозаврлардың қазба қалдықтары тұзды су қоймаларының орнынан табылуы, олардың су жиектерінде тіршілік еткенін дәлелдейді. Олар шағалалар сияқты балық аулап, қоректенуі мүмкін. Дене мөлшері бірнеше сантиметрден бір метрге дейін, одан да ірі болған.
Динозаврлар (Віпоsаигіа). Триас дәуірінің басынан бор дәуірінің соңына дейін тіршілік еткен динозаврлар псевдо-зухилардың соңғы бұтағы болып саналады.
Динозаврлардың ішінде ұзындығы бір метрден кемірек және 30 метр болатын алып түрлері де болған. Бүлардың бір түрі тек кана артқы екі аяғының көмегімен. ал екінші бір түрі төрт аяғының жәрдемімен қозғалған. Денесіне қарағанда басы әлде қайда кішірек болған, ал жұлынының сегізкөз маңындағы бөлімі кеңейіп, оның көлемі мидың аумағынан артып кеткен.
Динозаврлар псевдозухилардан шыққан олар келешекте өз алдына қатар дамыған екі тарамға бөлінген. Олардың бір-бі-рінен айырмашылығы — сүйектерінің құрылысындағы ерекшеліктерінде. Осыған сәйкес" оларды: кесірткежамбастылар (Sаигіsсһіа) және құсжамбастылар (Огпііһізсһіа) деп атаған.
Кесірткежамбастылар артқы аяғыньвд көмегімен секіріп қоз-ғалатын үсақ организмдер болған. Денесіне ұзын құйрығы ті-рек болған. Кейін өсімдікпен қоректенетін, төрт аякпен козғалатын ірі формалары пайда болған. Оған денесінің ұзындығы 26 м болатын — диплодок, 20 м болатын бронтозаврлар жатады. Осындай кесірткежамбасты гигант организмдер шырынды су өсімдіктерімен қоректеніп, жартылай суда тіршілік етуі мүмкін. Динозаврлар бүкіл жер шарына тараған. Олар ағашты, батпақты жерлерде, ал кейбір түрлері (траходонттар) суда тіршілік еткен. Мезозой дәуірінде құрлықта тіршілік еткен рептилилердің көпшілігі динозаврлар болған. Олар триас дәуіріңде пайда болып, бор дәуірінде аса көбейіп кеткен. Бор дәуірінің соңғы кезінде динозаврлар өліп біткен (24-сурет).
Қабыршақтылар (Sqиаmаtа). Бұлардың өте ертеде тіршілік еткен түрінің қалдығы перм дәуіріндегі жер қыртысының арасынан табылған. Кесірткелер жоғары юрада пайда бол-
129
24 - с у р е т. Динозаврлар:
1- цератозавр;2-бронтозавр; 3 - диплодок; 4 - игуанодон; 5 - стегозавр;6 — трицератопс.
ған, бірақ бор дәуірінде ғана бұл отрядтың алуан түрлі болға-нын байқауға болады. Жыландар басқа рептилилерден кейіні-рек дамыған. Олар бор дәуірінде кесірткелерден дамыған бүйір тармағы болып саналады. Басқа рептилилердің көпшілік топтары өліп біткен соң ғана қабыршақтылар үшінші дәуір кезінде дами бастаған.
130
Тасбақалар (Сһеіопіа). Тасбакалар котилозаврлардан (Eоtilоsаигіа) шыққан болуы мүмкін. Олардың тегі перм дәуі-ріндегі еунотосаурус (Еипоtоsаигиs) деп болжайды. Олар ке-сіртке тәрізді қабырғалары қысқа, әрі жалпақ арқа сауыты си-яқтыны құрайды. Құрсақ сауыты болмаған. Тістері жақсы же-тілген. Нағыз сауыты бар нағыз тасбақалар триаста пайда болған.
Алғашқы тасбақалардың басы мен аяғы толығынан сауы-тының ішіне ене алмайтын. Әйткенмен жағында мүйізді қабы, таңдайында тісі болған. Мезозой заманыидағы тасбақалар құрлықта жер қазып тіршілік ететін организмдер болған. Бері келе бірнеше топтары суда тіршілік етуге көшіп, мүйізді сауыт-тарының жойылуына себепші болған.
Тасбақалар триас дәуірінен біздің заманымызға дейін та-биғаттың түрлі қиындықтарын бастарынан өткізіп, оған шы-дап, сақталып келген.
И х т и о з а в р л а р (Ісһtһуоsаигіа). Толығынан суда тіршілік етуге бейімделген бауырымен жорғалаушылар. Ихтиозаврлар ұзын тұмсықты денесі ұршық тәрізді организмдер. Олардың аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтарымен жамбас белдеуі жетілмеген. Терісі жалаңаш, денесінің ұзындығы 1— 14 метрге дейін болған. Ихтиозаврлар тек кана суда тіршілік етіп балықтармен кейде омыртқасыздармен қоректенген. Бала-ларын тірі туатындығы анықталған. Триас дәуірінде пайда бо-лып, бор дәуірінде өліп біткен. Туыстық жөнінен қандай репти-лилерге жақын екендігі анықталмаған.
П л е з и о з а в р л а р (Рlеsіоsаигіа). Теңіздерде тіршілік етуге бейімделген рептилилердің екінші түрі. Плезиозаврлар денесі кең, қысқа құйрықты организмдер. Басы кішкене, мойы-ны жақсы жетілген. Дене мөлшері 50 сантиметрден 15 метрге дейін болады. Су жиегінде тіршілік етіп, балықпен, моллюска-. мен қоректенген.
Плезиозаврлар триас дәуірінің бас кезінде пайда болып, бор дәуірінің соңғы кезінде өліп біткен.
А ң т ә р і з д і к е с і р т к е л е р (Тһегоmогрһа). Аң тәрізді кесірткелерден сүт қоректілердің алғашқы өкілдері шыққан. Аң тәрізділер тас көмір дәуірінің соңында пайда болып, перм дәуірінде көбейіп алуан түрі тіршілік еткен. Отряд болып бөлінген, қарапайым құрылысты пеликозаврлар (Реlусоsаигіа) котилозаврларға өте жақын болған. Өйткені екеуінің де омырт-қалары екі жағынан ойылыңқы және кұрсақ қабырғалары сақ-талған. Тістері альвеолда орналасқан. Басқа рептилилерде болмайтын, самай сүйектерінде ояздары болған. Сырт пішіні кесірткелерге ұқсас, дене ұзындығы 1—2 м болатын организм-дер.
Перм дәуірінің орта кезінде пеликозаврлардың орнына олардан гөрі жақсы дамыған, аңтістілер (Тһегіоdопtіа) пайда . 131
болған. Олардьщ тістері азу, күрек, шошоқ тістерге жіктелген, екінші реттегі сүйекті таңдай қалыптасқан. Шүйде сүйегі екіге бөлінген, төменгі жағы негізінен тістер бекитін сүйекке айнал-ған. Шынтақтары артына қарай иілсе, тізелері денесінің алдына қарай иілген. Мұның өзі аяқтарын құрсағының астына жинап алуға мүмкіндік туғызады. Басқа рептилилерде мұндай ерекшелік кездеспейді. Сөйтіп, скелетінде сүт қоректілерге ұқсас көптеген бёлгілер пайда болған.
Аң тәрізділердің көпшілігі жыртқыш, мысалы иносгранце-вия (Іпоstгапsеvіа аlехапdгоvі). Ал, кейбір түрлері өсімдіктер-мен және жануар тектес азықтармен қоректенген. Циногнатус (Супоgпаtһиs) деген түрлерінің денесінде бірнеше прогрессив-
ті белгілер болған.
Триас дәуірінде аңтістілер көп тараған, бірақ жыртқыш ди-
нозаврлар оларды қырып жіберген.
РЕПТИЛИЛЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ