Тіршілік жағдайлары және жалпы таралуы. Амфибилерге қарағанда рептилилер алуан түрлі орталықтарда тіршілік ету-ге бейімделген организмдер. Мұның негізгі себебі рептилилер амфибилерге қарағанда құрылысы күрделі, жоғары сатыдағы организмдер. Екінші бір маңызды себебі, рептилилер эмбрио-нальдық даму кезінде, сондай-ақ ересек кезінде де құрғақшы-лыққа төзімді болуында. Ересек организмдерде ол олардың эпидермис қабатының мүйізденіп кетуіне байланысты.
Рептилилердің құрлықта тіршілік етіп, көбею мүмкіндігі олардың тек қана жылы, дымқыл климатқа бейімделуіне мүм-кіндік беріп қана қоймай, ыстық, кұрғақшылық шөл жағда-йында да тіршілік етуіне себепші болған. Рептилилер Арктика мен Антарктидадан басқа жерлердің барлығында мекендейді. Рептилилердін, дене температурасы тұрақты емес. Сондықтан олар барынша температурасы жоғары, жылы ортада ғана тіршілік етеді. Мысалы, жыландар температура +10° болғанда активтігін төмендетеді, ал +6°, +8° болғанда қозғалмай қалады. + 2, +3 градуста ұйқыға кетеді. Денесі —4—6 градусқа дейін төмендесе тіршілігі жойылады. Сондықтан рептилилердің •тропикте түрі өте көп және жиі кездеседі. Мысалы, Индонезияның аралдарында олардың 150—200-ге тарта түрі кездеседі.
Бізде Орта Азияда 50 түрі, Закавказьеде 40-қа жуық, сол-
түстік Кавказда 28, Батыс Европанын, орта белдеуінде 12, Ев-
ропаның поляр шеңберіне дейінгі батыс бөлігінде екі түрі
(сүр жылан және тірі туатын кесіртке) кездеседі. Орталык,
Азия тауларының теңіз бетінен 500 ж-дей биіктікке дейінгі ден-
гейінен де бауырымен жорғалаушыларды кездестіруге болады.
Өте жоғары температурада рептилилерге күшті әсер етеді.
Температура жоғарылаған кезде кесірткелер індерге кіріп, ал
132
ағамалар бұталарға шығып сақтанады. Д. Н. Кашкаров Орта Азияның құмды даласында жазды күні түс кезінде 2 метрдей ағаш басындағы ауа температурасы, көлеңкелі жердің то-пырағының температурасынан 10° төмен, ал күн түскен жердің топырағының температурасынан 28° төмен болатынын анықтаған.
Жоғарғы температура рептилилердің тіршілігіне жанама жолмен керісінше әсер етеді. Жаз кезінде күн аса ысып, өсім-діктер күйіп кетуі дала тасбақасын ұйқыға кетуге мәжбүр ете-ді. Тропик жақта температураның аса жоғарылап кетуінің сал-дарынан су қоймалары кеуіп кетіп, крокодилдердің, кейбір жы-ландар мен тасбақалардың ұйқыға кетуіне себепші болады.
Су мен топырақта тұздың болуы рептилилердіқ тіршілік етуіне кедергі болмайды. Жылан мен кесірткелердің көптеген түрлері амфибилер тіршілік ете алмайтын тұзды топырақта тіршілік ете береді. Сол сияқты тасбақалар мен жыланның кейбір түрлері (мүйізді сауыты болмаса да) тұзды көлдер мен теңіздердің суларында тіршілік ете алады.
Осы заманда тіршілік ететін рептилилер жер бетінде, суда жартылай суда, ағаштарда тіршілік етеді. Тек қана ауада тір-шілік ететін түрлерін кездестіруге болмайды.
Қазіргі кездегі рептилилердің көпшілігі жер бетінде тіршілік ететін жануарларға жатады. Олар жер бетіндегі түрлі ортаның түрліше жағдайында тіршілік етеді. Оларды кұмды, топырақты, тасты шөлдерден, қалың шөптің арасынан, орманнан, батпақты т. б. жерлерден кездестіруге болады. Әйткенмен, көпшілігі күн көзі көбірек түсетін, қозғалысына кедергі келтіретін өсімдігі болмайтын ашық жерлерді мекендейді.
Рептилилердің қозғалу тәсілі де түрліше болады. Оның бір-қатары ғана жер бауырлап қозғалады да қалған түрлері денесін жер бетінен жоғары көтеріп қозғалады. Ондай рептилилерге крокодилдер, ешкіемерлер, басқа кесірткенің көптеген түрлері, тасбақалар жатады.Агама, игуандар және австралияның плащты кесірткесі (Сһlаmіdоsаигиs) артқы екі аяғымен біраз жерге жүре алады. Мұндай рептилилер мезозой заманында өліп біткен түрлердің ішінде көп болған.
Құмды шөлде тіршілік ететін рептилилердің, құммен тез қозғалына мүмкіндік беретін саусақтарында мүйізді өсінді тіс-шелері болады. Саусақтарындағы мұндай бейімделушілік ага-маларда, геккондарда кесірткелерде және игуандарда кездеседі. Геккондардың (Раlтаlоgесko гапgі) Оңтүстік Африканың құмды даласында мекендейтін бір түрінің саусақтарының арасында тері жарғақтары болады.
Рептилердің бірсыпырасы қалың шөптің арасымен тез қоз-ғалуға бейімделген. Ондай рептилилердің денесі жылан тәрізді ұзынша, сонымен қатар аяғы да болмайды.Мұндай ерекшелік жыландардан тіпті айқын байқалады, олардың аяқтарының ре-
133
дукцияға ұшырауымен қатар, артқы және алдыңғы белдеу сү-йектері де жойылып кеткен. Артқы аяқтарының қалдығы (рудименті) айдаһарларда, соқырларда (Турһіоріdае), маржан жыландарда (Jіуsіа) сақталған. Кесірткелердің ішінде аяқтары мүлдем жоқ түрлері де кездеседі. Оған мысал етіп бізде кезде-сетін веретеницианы айтуға болады. Ал сары бауыр жыландарда артқы аяқтарының рудименті сақталған. Сонымен қатар аяқтары өте нашар жетілген түрлері де бар. Ондай рептилилерге жалаңаш көз (Аbleрһаrus), халцидті (Сһаlсіdеs) жатқызуға болады.
Бірсыпыра рептилилер өмірінің бірқатарын жер астында өткізеді, енді бір түрлері басқа жануарлардың бос індерінде, жердің жарығына еніп тіршілік етеді. Жерді қазуға да түрліше бейімделген. Дала тасбақасы інді алдыңғы аяғымен қазады, ал кейбір түрлері алдыңғы аяғымен қазып, басымен топырақты итеріп шығарады. Құм айдаһарлары (Егіх) құмға тез сүңгіп, оның беткі қабатымен оңай қоғалады Жер_астында тіршілік ететін рептилилердің денесі ұзынша, аяғы болмайды және қабыршағы тегіс болады, немесе тіпті болмайды. Көзі нашар жетілген, немесе көз болмайды. Оған мысал ретінде соқырлар (Турһlорs) мен амфисбендерді (Аmарһізbаепісdае) айтуға болады.
Жұмыр басты көсірткелердің құмның астына енуінде өзін-дік ерекшелік бар. Олардың сүйірленген денесінің екі бүйірін-де тері қабыршақпен қапталған тері өсіндісі болады. Жаула-рынан қорғанған кезде олар жерге жабысып, денесін оңға және солға иген кезде сол өсінділер топырақты кесірткенің үс-тіне қарай шашып, оның денесін жасырады. Мұндай бейімделушілікті жыланның кейбір түрлерінен де (мүйізді сұржылан, эфа) байқауға болады.
Рептилилердің ішінде тік жартастарға, ағаштардың басына оңай өрмелеп шығатын көптеген түрлері бар. Гекконның көптеген түрлері жартастар мен ағаштарға саусақтарында болатын жапырақ тәрізді сорғыштарының көмегімен тез өрмелеп шығады. Ал кейбір түрлерінің құйрығында және денесінің бүйір бөлімінде сорғыштары бар. Рептилилердің екінші бір түрлерінің жақсы жетілген саусақтарында ұзын, иілген тырнақтары, үзілмейтін ұзын құйрығы болады. Ағашқа өрмелеп шыққанда құйрығын оған орап, денесіне тірек етеді. Хамелеондардың саусақтары қарама-қарсы қысқаш тәрізді орналасып, ағашты қысып алуға бейімделген. Бізде кездесетін кесірткелердің ішінде бұталарға жақсы өрмелеп шығатыны агама. Жыландардың ішінен де осындай қабілеті бар түрін кездестіруге болады.
Зонд аралдарын мекендейтін күрек құйрық гекконның (Ріусһохооп) басының, денесінің, құйрығының бүйірінде және саусақтарының арасында тері жарғақтары болады. 'Ағаш басынан секіргенде осы жарғағы едәуір жерге ұшып баруына кө-
134
мектеседі. Малай архипелагасының ормандарында мекендейтін ушқыш драконныц (Вгасо) денесінщ екі бүйіріндегі тері жар-ғақтарын жайып жіберуге 5—6 пар қабырғалары қатысады. Сондықтан да олар 20 м-дей жерге ұшып барып қонады. Ұшып бара жатқанда кейде насекомдарды да қағып алып, қоректенеді (25-сурет).
25 - с у р е т. Ұшқыш дракон.
Рептилилердің ішінде су орталығына бейімделген түрлері де кездеседі. Олардың сол ортаға бейімделуі де түрліше болады. Крокодилдер екі бүйірінен қысыңқы ұзын құйрықта-рының жәрдемімен жүзеді, аздап та болса аяғы көмектеседі. Ал, Галапагосс аралдарын мекендейтін теңіз игуандары (АmаЫугһупсһиs) тек қана ұзын құйрықтарының жәрдемімен жүзеді. Теңіз жыландары да құйрығын иіп-жазу арқылы жүзеді.
Жүзу органдарымен қатар рептилилердің денесінде басқа да бейімделушілік белгілері байқалады. Біріншіден, суға сүң-гігенде танау тесігін жауып, тыныс мүшелеріне суды жібермей қалатын жарғақтары болады. Екіншіден, нағыз су тасбақала-рының сүйекті және мүйізденген сауыты редукцияға ұшыраған. Өкпелері күрделі күрылысты және организмдегі газ алмасуын жақсы қамтамасыз етеді. Үшіншіден, су тасбақаларының және су жыландарының жұтқыншағында қан тамырларына бай ке-ңейген бөлімі болады да, ол ішкі желбезектің қызметін атқара-ды. Суда тіршілік ететін кейбір рептшшлердің артқы ішегінде көпіршік тәрізді өсінді — анальдық қалташық пайда болады, ол да судағы оттегімен қанның тотығуын қамтамасыз етуі мүмкін.