С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет71/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Қан айналу органдары. Құстардың жүрегі төрт бөлімнен тұрады. Оның жоғарғы екеуін жүрекше, ал төменгі екі бөлімін қарыншасы дейді. Өкпеде тотыққан қан өкпе денасы арқылы сол жүрекшеге, одан сол қарыншаға құйылады. Сол қарынша-дан жалғыз оң жақ қолқа шығып, өз тарапынан екі атсыз артерияға тарамдалады, ал қолқаның негізгі бөлімі оң жақтағы бронханы айналып, дененің арқа бөліміне қарай созылып барып, одан ішкі органдардағы артерияларра тарамдалады да омыртқа жотасының астыңғы жарын қуалай отырып, арқа қол-қасына айналды. Сегізкөз тұсына барғанда арқа қолқасынан сан және шат қос артериялары тарамдалып шығады да, қолқаның өзі кішкене құйрық артериясына айналады және ол құйрықтың ұшына барып бітеді. Диаметрі қолқадан кеңірек болып келетін, өте үлкен атсыз артериялар, бас бөліміне қан апарушы — ұйқы артериясына (күре тамыр) алдыңғы аяқтарына (қанатына) баратын бұғана асты артериясына және өте үлкен кеуде еттеріне баратын көкірек артериясыяа тарайды. Жүректің оы, жақ қарыншасынан бір ғана сабақпен басталатын қолқа келешекте екі өкпе артериясына тарамдалады (30-сурет).
Құйрық венасы екі бүйрек қақпа веналарына жіктеледі. Бі-рақ бүйрек қақпа жүйесінің капиллярына қанның барлығы түтас енбейді. Қанның біразы бүйрек денесіндегі арнаулы тү-тіктермен өте шығады. Бүйректен шыққан қан тамырлары сан веналарымен қосылып мықынның қос веналарын құрайды. Бұл.

30 - с у р е т. Көгершіннің қан айналысы
1 —шықшыт венасы, 2—күре тамыр, 3 — бұғана асты веналар, 4 —иық венасы, 5 —өкпе веналары, 6 — иық артериясы, 7 — Ішкі органдарға қан әкелгіш артерия, 8 — құрсақ қолқасы, 9 — буйрек артериясы, 10 — шонданай артериясы, 11— бүйрек артериясы, 12— мықын артериясы, 13— мықын венасы, 14 — ортаңғы құйыршық артерия, 15- құйрық венасы; 16—пуденда венасы, 17 — құйыршық-шажырқай венасы, 18 — төменп қуыс вена,19—шарбы венасы, 20 — кақпа венасы, 21 — бауырдың қақпа системасы, 22 — оқ жақ венасы, 23 — сол жақ венасы, 24 — төменгі қуыс вена, 25 — өкпе артериясы, 26 — кеңірдек венасы, 27 — көкірек венасы, 28 — жоғарғы қуыс вена, 29 — бұғана асты артерня
152
екі қан тамыры қосылып, дененін, артқы бөлімінін, негізгі вена сабағына — артқы қуыс венаға айналады. Ішкі органдардан жиналған вена қандары құйрық — шарбы венасына әкеліп құ-йылады. (V. соссуgео — теsепtегіса), ал дененін. құрсақ бөлі-мінің—ішкі жақ қабырғасынан қан ішек — үсті венасына (V. еріgаstгіса) келіп құйылады. Бұл екі веналар бауырдын, қақпа венасына қосылады. Бауырдан шыкқан қан бауыр вена-ларымен (V. һеріtiса ағып артқы қуыс венаға келіп құйылады. Сонымен денесінің артқы бөлімінен жиналып келген вена қаны артқы қуыс вена арқьпы жүректің оң жүрекшесіне келіп құйылады.
Шықшыт веналары бұғана асты веналарымен қосылып ал-дыңғы қос қуыс венаға айналады. Бас жақтан жиналған қан осы веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады.
Құстарда артерия және вена қан тамырларының өз алдына жіктелуінің нәтижесінде барлық органдары артерия қанымен қамтамасыз етіліп отырады. Осы жағдайға сәйкес және қан ағысының тездігіне, ал онымен бірге зат алмасуының жеделді-гіне байланысты құстардың денесшің температурасы жоғары болады (42°).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет