1. Бұталы-орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері жатады.
Бұл ортада көбірек мамандалған құстардың тобы — ағаш-та өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан, немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбінесе ұя-ларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің (тоқылдақтар) екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Ағаш бойымен өрмелегенде, серпімді құйрық қауырсындары тірек қызметін атқарады, мысалы тоқылдақтар. Ал тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады. Қоректену сипатына карай бүталы-орман қүстары: насеком жемділер, жеміс-тұқым жемділер, нектар жемділер деп бөлінеді.
Қоректерін әр түрлі тәсілмен табады: тоқылдақтар мыкты қашау сияқты түмсығымен ағаштардың қабығын тесіп, оның арасынан насекомдарды және оның личинкаларын тауып жей-ді. Пищухилар — шиқылдауықтар, өрмелегішторғайлар, дүпіл-дектер ұзын, әрі жінішке тұмсығының көмегімен ағаштың қабығының жарықтарынан, саңылауларынан насекомдарды және олардың личинкаларын теріп жейді.
Дәнмен қоректенетің орман құстарының тұмсығы қысқарақ, формасы түрліше болады. Чечеткалар, щеголдар, шымшықтар ұсақ дәндерді конус тәрізді сүйір және нәзік тұмсығымен шүқып алады. Емен тұмсықтылар қатты қабығы бар ірі түқымдармен қоректенеді. Өйткені олардың қысқа болса да ірі, әрі қуатты тұмсықтары дәнді дән жарнағынан шығарып қана қоймай, оның сыртындағы қатты қабығын уатуға да мүмкіндік береді.
Щуралар мен шыршаторгайлардың қылқан жапырақты ағаштардың бүрінен дәнін шығарып алуға бейімделген тұмсы-ғы болады. Мысалы, щуралардың түмсығы төмен қарай иілген, ал шыршаторғайдьщ үстіңгі және астыңғы жақтары бір-бірімен айқасып түрады.
Жеміспен қоректенетін құстардың тұмсығы өсімдік жемісін үзіп алып, дәнінің қабығын жаруға ыңғайлы ірі, көпшілік жағ-дайда ұзын болады. Мұндай тұмсықты тукандардан, мүйіз тұмсықтылардан т. б көруге болады.
189
Н е к т а р ж е у ш і л е р г е — колибрилер, Африканың нектарницалары, Австралия-малайлық бал сорушылары сияқты құстар жатады. Бұлардың тұмсығы гүлдің түбіне қарай ене алатындай ұзын, әрі жіңішке, көпшілік жағдайда аздап иілген түрде болады. Тілі нектар соруға бейім бір немесе екі түтік іспеттес. Құстың мұндай экологиялық тобына жататындары өте нашар ұшады. Бірақ, ағаштың вегетативтік органдарымен өте тез өрмелеп жүре алады.
Бұдан басқа орманда немесе қалың бұтада тіршілік етіп, ұя-сын ағашқа салғанымен қорегін ауада ұшып жүріп ұстайтын құстар да бар. Мысалы, шыбынқаққыш бұтақтарға қонып оты-рып, ұшып бара жатқан насекомдарды ұстап жейді. Олар үшып бара жатқан насекомдарды ұстау үшін өте тез ұшады және тез бұрылып ,әр түрлі қозғалыстар жасайды. Оны жеп болған соң, ағаштың бұтағына қайтадан келіп қонып, тағыда насекомдарды күтіп отырады. Қаршығалар да ағашта тығылып отырып, ұшып бара жатқан қүстарға тосыннан шабуыл жасап, ауада ұстайды. Шабуылынын. сәтті болуы олардың тез ұшуымен қатар, ауада тез, жеңіл бұрыла алуына да байланысты болады. Орманда және бұтада тіршілік ететін құстардын, кейбір түрлері қоректік заттарын ағаштан да, жерден де іздеп табады. Бірақ ұясын жерге салып, жерге қонақтайды. Бұған құрлар мен шілдер мысал бола алады. Жазда олар жемістермен, насекомдармен қоректенеді де, қыста қорегін тек қана ағаштан табады. Қыста меңіреуқұр қылқан жапырақты ағаштың бүрімен қоректенеді, ал шілдер қылқанды ағаштын, түқымымен, қайыңның бүршігімен, құрлар — қайыңның бүршігімен қоректенеді.
Сондықтан қысқа қарай мұндай құстардың саусақтарының жиегінде қатты мүйізді өсінділер пайда болады да, тайғақ, мұз. қатқан бұтақтарға нық отыруына мүмкіндік береді.
Орман құстарының көпшілігі орман ағаштарының өсіп-дамуы үшін алуан түрлі әрекет етеді. Насекоммен қоректенетін түрлері көптеген орман зиянкестерін жойып жібереді. Мысалы, тоқылдақтын, қарнын жарып карағанда, оның ішінен көптеген жапырақжемірлерін, слониктерді басқа зиянкестерді көрген.
Өсімдіктермен қоректенетін құстардың көпшілігі, өсімдіктер-дің жер-жерлерге тарауына себепші болады. Құстар өсімдік тердің жемісімен бірге олардың тұқымын жегенде тұқым олардың ас қорыту жолында өзінің өсу қабілетін жоймай, құс саңырағымен екінші бір жерге түсіп, өне бастайды. Кейбір құстар, мысалы, сойкалар мен кедровкалар майқарағайдық жаңғағын топыраққа көміп қояды т. б.
Нектар жеуші құстар өсімдіктердің айқас тозаңдануына се-бепші болады.