С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет84/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

Айқын түсті ара (Ага) деген түрі оңтүстік Америкада, айдар-лы какаду (Сасаtuіпае), Австралияда, Африкада — сұр жако (Рsittacus), Жаңа Зеландияда — жапалак, тоты (Stгіngорs) мекендейді. Олар ұша алмайды, тіршілігі жерде өтеді. Жапалақтар сияқты күндіз жасырынып, тасада қонақтап отырады. Нестор (Nеstог) деген тоты құс бұрын насекомдармен қоректенетін, ал 1875 жылдан бастап Жаңа Зеландияға қой өсіре бастағаннан бері, бұлар жыртқыш бола бастады. Ең алдымен қойлардың үстіне қонып, жүнінің арасынан насекомдар теріп жеген, ал одан кейін терісін және етін шұқып жейтін болған.
16. Отряд. ЕШКІЕМЕРЛЕР (САРRNULGIfОRMES)
Ешкіемерлер сырт жағынан сұр қарлығаштарға ұқсайды, үл-кендіктері орташа, насеком қоректі, түн қүстары. Аузының көлемі өте үлкен және аузының жиегінде орналасқан қатты қылтандары бар. Тұмсығы керісінше кішірек келеді. Қанаты ұзын және үшкір болады. Қауырсындары сирек, жапалақтардікі сияқты жұмсақ, түсі тіршілік еткен ортасына сай сүр-қоңыр болады.
181
Қонақтап немесе жерде отырған ешкіемерді байқау қиын, өйт-кені түсі ағаштың немесе жердің түсіне ұқсас болады.
Ешкіемерлер — түн, я іңір құсы. Ұшып жүрген насекомдар-дың дыбысынан байқап, ұстап қоректенеді. Қорегін ұстауға кең аузынын, және оның, жиегіндегі қатты қылтандарының маңызы үлкен. Бұлар суық жақта ғана болмайды. Бізде құрғақ орманды жерлерде — кәдімгі ешкіемер (Саргіmulgіs europaeus) кездеседі. Бұлардың топырақ шұңқырына салған ұясында 1—2 жұмыртқа болады.Балапандарын атасы да, анасы да бірдей күтеді. Ешкіемерлер өте пайдалы құс.
17. Отряд. ҰЗЫН ҚАНАТТЫЛАР (АРОDІҒОRMЕS)
Бұл отрядқа сұр қарлығаштар және колибрилер жатады. Олардың қанаттары ұзын және сүйір болады, сондықтан тез бұрыла, ұша алады. Қаңқасы мен ішкі органдарының құрылысында өзіндік өзгешеліктері болады.
Сұр қарлығаштар сыртқы пішіні және тіршілік ету тәсілі жа-ғынан қарлығаштарға ұқсайды. Бұл ұқсастығы систематикалық жақындығынан емес, конвергенцияның нәтижесі екендігін салыстырмалы анатомия көрсетіп отыр. Олар ұшып бара жатып ұсақ насекомдарды қағып жейді. Өйткені, аяқтары қысқа, төрт саусағының барлығы да алдына қарай бағытталрандықтан жер бетімен жүре алмайды. Бұлар ұяларын ағаштардың қуысына, жартастардың жарығына, үйлердің жапсарларына салады. Бізде кәдімгі сұр қарлығаш (Сурsеlus арus) кең тараған. Малай архипелаг аралдарында сұр қарлығаштардың ерекше түрі салангандар (Соllосаlіа)мекен етеді. Ұяларын сілекей бездерінен шыққан, жабысқақ және тез қататын шырындарымен салады, Бұны жергілікті халық “қарлығаш ұясы” деген атпен тамақ есе-бінде пайдаланады.
Колибрилер — ұсақ және өте ұсақ, ерекше құстардың тобы. Ірі колибрилер қарлығаштай, ал ұсағы түкті араның үлкендігін-дей болады. Түсі ашық, жарқырауық келеді. Олар өте тез ұша-ды, қанатын өте жиі қағатын болғандықтан тіпті оның пішінін байқау мүмкін емес. Барлық түрлері де ағашты, бұталы жерлерді мекендейді. Олар гүлдердің нектарымен және гүлдегі ұсақ насекомдармен қоректенеді. Бұлардың көпшілігінің тұмсығы ұзын, аздап төмен қарай иілген, нектарды соруға бейімделген болады. Бұтақтарға ұялайды. Ұясында 2 жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз, аналары өздерінің аузынан нектарларын кейін шығарып, балапанының аузы арқылы өңешіне құяды. Колибрилердің көпшілігі өсімдіктерді тозаңдандырады. Жалпы 600-дей түрі белгілі. Оңтүстік және Солтүсті к Америкада мекендейді. Солтүстік Американың батыс жағалауынан, солтүстікке — Алясканың оңтүстігіне дейін тараған.
182
18. Отряд. ТОҚЫЛДАҚ ТӘРІЗДІЛЕР (РІСІҒОMЕS)
Тоқылдақ тәрізділердің. көлемі ұсақ және орташа болады, өздері ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген құстар. Бұлар үяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады.
Т у к а н д а р н е м е с е б ұ р ы ш ж е у ш і л е р (Rһаmр-һаstedае) — Оңтүстік және орталық Американың тропикалык ормандарын мекендейді. Бұлар өте ашық түсті, тұмсығы өте үлкен, жиегінде тісшелері болатын организмдер. Жеміспен, кейде құстармен және олардьң жұмыртқаларымен қоректенеді. Тукандар ағаштың қуысына ұялайды.
Тоқылдақтар (Рісedае) — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Бағыттаушы қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, онын, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді.
Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын сала-ды. Ұясында 3—5 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын атасы да, анасы да басады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз келеді.
Біздің фауналарда тоқылдақтардың оннан аса түрі белгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ (Dгуосорus mаrtіus), үлкен ала тоқылдақ (Dепdгосорus mаjог), кіші ала тоқылдақ (D. mіпог), жасыл тоқылдақ (Рісus vігіdis), үш саусақты тоқылдак, (Рісоіdеs tгіdасtуlus) т. б.
Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қаты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді. Пайдаланылып болған бүршік қабығын жерге түсіреді. Тоқылдақтардың жаңғақтарды апарып бекітіп қойып, ішінен дәнін
183
алып жейтін жерін “дүкен” деп атайды. Мұндай “дүкендердің” астында қарағайдын, бірнеше мыңдаған тұқымы алынған бүрлері үйіліп қалады. Тоқылдақтардың келтіретін аздаған осындай зияндарынан, олардың пайдасы аздаған көп. Сондықтан да халык “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды.
19. Отряд. ЖАПАЛАҚТАР (PASSERFОRМЕS)
Жапалақтар сыртқы белгілеріне қарағанда, күндізгі жырт-қыш кұстарға ұқсас болғанымен, систематикалық жөнінен олардан анағүрлым алыстау тұрады. Олардың арасындағы кейбір ұқсастықтар тіршілік жардайларының үқсас болуының нәтижесінен келіп шыққан.
Жапалақтың қауырсындары қалың және жұмсақ, қопсып тұ-рады. Сондықтан да ұшқанда дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздеп табады. Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген. Құлақ қуысының алдыңғы жағында, дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпары орналасқан. Бұлардың көзі үлкен, сондықтан жапалақтар түнде де жақсы көреді. Басын өте тез қозғап, 270 градусқа бұра алады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды.
Күндізгі жыртқыш құстардан айырмашылығы, жапалақтың жемсауы болмайды. Бұлар көп жерге тараған құс, 200-ге жуык, түрлері бар. Ал бізде соның 20-дай түрі кездеседі. Балапанда-ры әлсіз, көп уақытқа дейін ұяларында болады.
Ақ жапалақ (Nусtеа sсаndіаса) ірілігімен және ақ түсімен ажыратылады. Тундрада ұялайды. Қыста оңтүстікке ұшып келеді. Ақ жапалақ күндіз қорегін жақсы аулай алады.
Үкі (ВиЬо ЬиЬо) жапалақтардың ішіндегі ең ірісі. Ол бізде тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Ұяларын жерге, жартастарға, кейде ағаштарға салады. Ұяларында 2— 3 жүмыртқа болады. Жемін түнде аулайды. Жер жағдайына және жыл маусымына қарай, қоректерінің түрлері өзгеріп тұрады. Орта Азияда қыста негізінен 'құстармен қоректенеді (үйректер, қасқалдақтар т. б.). Оңтүстікте жаз кезінде қояндармен, қосаяқтармен және кірпілермен қоректенеді.
Құлақты. жапалақ (Аsіо оtus) аса ірі болмайтын, жақсы да-мыған “құлағы” бар құс. СССР-дің оңтүстігінде және қоңыржай өңірде кеңінен тараған. Бұлар көбінесе аралда және орманның ашық жерлерінде болады. Ұяларын ағаштардың қуысына, басқа қүстардың ескі ұяларына немесе жерге салады. Ұясында 3— 7 жұмыртқа болады. Қорегін түнде аулайды. Негізгі қорегі тышқан тәрізді кемірушілер, кұстар, кейде насекомдар болып есептеледі.
Байғыз (Аthеnе, GІаисidium)—ұсақ жапалақтар. Басы үлкен, “құлағы” болмайды.
184
Сұр неясыть (Sігіх аlисо) — кәдімгі біздің жапалақтардың бірі.Үлкендігі қарғадай, құлақ айналасындағы қауырсындары болмайды. Олар Европаның, Сибирьдід, Кавказдың және Орта Азияның орманды жерлеріне тараған. Отырықшы, баяу қозғалатын құс. Олар ұяларын ағаштарға, ағаш қуыстарына салады. Жемін түнде аулайды. Тышқан сияқты кемірушілер, насекомдар, құстармен қоректенеді. Жапалақтардың тағы бір пайдасы, басқа жыртқыш құстар түнде ұйқыда болған кезде жемін аулайды.
20. Отряд. ТОРҒАЙ ТӘРІЗДІЛЕР (РАSSЕRІРОRМЕS)
Торғай тәрізділерге қазір тіршілік ететін құстардың жарты-сынан көбі жатады. Оныд 5000-ға тарта түрі белгілі. Сыртқы пішіні мен дене мөлшері алуан түрлі болады. Ең ұсағы королек, оныңсалмағы5—6 г болады, ал ірісі қарға салмағы 1100—1500 г болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі бұталы, орманды жерлерді мекендейді. Торғай тәрізділердің ішінде нағыз су құстары болмайды. Барлығы да болжыр балапанды құстар. Ұясын өте ұқыпты жасайды. Кейбір түрлері жылына екі рет балапандайды. Торғай тәрізділер үш отряд тармағына бөлінеді.
1. Үншіл торғай тәрізділердің (Сіатоtогеs) дыбыс еттері симметриясыз орналасқан қарапайым құстар. Тропиктік ұсақ орман құстары. 1000-ға тарта түрі белгілі, 11 тұқымдасқа топ- тасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет