Ф-УК-01/067 АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БЕКІТЕМІН: Университет ректоры, ф.ғ.д. С.Р.Боранбаев __________________________ Ғылыми Кеңес шешімімен №____ хаттамасы "____ "____________________ 2018 ж.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ Дайындау бағыты– 6В017 Тіл мен әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау Білім беру бағдарламасының атауы – Қазақ тілі мен әдебиеті
Оқыту мерзімі: 2018-2022жж
Шымкент, 2018
Білім беру бағдарламасы Филология-педагогика факультеті «Филология» кафедрасында әзірленді, құрылған жұмыс тобының құрамы:
Құрастырған жұмыс тобы 1. Ы.Балқыбекова ф.ғ.к., доцент
2. Ф.Аймурзаев ф.ғ.к., аға оқытушы
3. Г.Танабаева ф.ғ.к., аға оқытушы
Жұмыс берушілер: Қ.Б.Саржанова -№50 А.Байтұрсынов атындағы
мектеп-гимназия директоры
Ж.Е.Саржанова -№15 Д.И.Менделеев атындағы
мектеп-лицей директоры
Ширтаева Н. Р -№31 В.Терешкова атындағы орта мектеп
-елдің ата заңына, дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, түркі тілдес халықтардың
құндылықтарына, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету, отан сүйгіштік рухында тәрбиелеу;
- әлемдік ғылымдардың жетістіктері мен жаңа технологияларды меңгерген және оны өмірде қолдана алатын кәсіби жағынан жетілген мамандар дайындау;
- қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың жаңа технологиясын жетік меңгеру және оны жұмыс барысында оңтайлы пайдалана білуге терең меңгерту;
- мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен техникалық жетістіктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету;
- ақпараттық технологияларды меңгеруге, жұмыс істеуге қабілетті, қажетті
ақпараттарды өз бетінше іздей, сұрыптай жəне талдай білетін мамандарды дайындау;
- оқу саласында іргелі білімді қалыптастыру, оларды ғылыми-зерттеу қызметінде, дағдыларында пайдалана алатын мамандарды дайындау.