С. С. Абдуллаев, Ғ. Б. БақЫТ


 Полимерлі материалдармен бӛлшектерді қаптау



Pdf көрінісі
бет30/135
Дата20.12.2023
өлшемі9,99 Mb.
#141665
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   135
Байланысты:
ТЕПЛОВОЗ ТЭ33А устройство, назначение на каз.язе

8.3.5 Полимерлі материалдармен бӛлшектерді қаптау 
Бӛлшектерді пластмассамен қалпына келтіру қарапайым, ҥнемді және 
жеткілікті дәрежеде сенімді. Олармен қҧрастыру және жӛндеу кезінде 
қосылыстар тартымын жасау ҥшін қабаттарды ӛсіруге, жарықтар мен 
ойықтарды бітеуге, кез келген бӛлшектегі тесіктерді сенімді жабуға, тіпті 
қиын қолжетімді орындардағын да жабуға болады. Желімді қоспалар мен 
пластмассалар кей жағдайларда пісіруді және балқытуды, хромдауды 
ауыстырады, ал кейде бӛлшектерді қалпына келтіретін жалғыз мҥмкін қҧрал 
болып табылады [3]. 
Жӛндеу кезінде қолданылатын пластмассаларды екі топқа бӛлуге 
болады. Бірінші топқа термо реактивті (реактопластар) пластмассалар, яғни 
қызу кезінде қататын және ӛзінің иілгіштік қасиетін жоғалтатын 
пластмассалар. 
Екінші 
топқа 
термопластикалық 
пластмассалар 
(термопласттар) қыздыру кезінде қатаймайтын және ӛзінің иілгіштік қасиетін 
сақтайтын пластмассалар. 


50 
9 БӚЛІМ. АРБАШЫҚ 
 
9.1 Арбашықтың қҧрылымдық ерекшеліктері
Арбашық United Group Rail компаниясының технологиясы бойынша 
дайындалады. Жақты арбаша мынадай негізгі бӛліктерден тҧрады: арбаша 
рамалары (1), доңғалақтар жҧбы (2), бірінші (3) және екінші (4) сатылы 
рессорлы аспа элементтері, кіндік темірді (шкворень) орнату орны (5), 
тартым электр қозғалтқышының аспасы (6), тежеу колодкалары (7), қҧм беру 
(8), тербеліс сӛндіргіштері (9). 
9.1-сурет – Ҥшосьті арбашықтың жалпы тҥрі
ТЭ33А тепловозының арбашығы магистральді тепловоздардың негізгі 
ҥш ості тҥрі болып келеді. Арбашық пен шанақ байланысы бірнеше 
функцияны атқарады: шанақтан жҥктемені арбашыққа береді (арбашықтың 
кӛлденең бҥйір рамасына шкворень және бҥйір тіректері арқылы, сонымен 
қатар резеңке металдар арқылы); шанақ пен арбашық арасындағы 
горизонталь кҥштерді береді; шанақтың кӛлденең байланысының серіппелі-
диссипативті сипаттамасын қамтамасыз ету және шанаққа байланысты 
арбашықтың бҧрылу мезеттерінде қалпына келтіру. 
ТЭ33А тепловозындағы рессорлы аспа жҥйесі ретінде буксалы тҥйінде 
рессорлық аспа, арбашық рамасындағы резеңке металды элементтер, 
сонымен қатар гидравликалық сӛндіргіштері (амортизаторлар) бар 
балансталған екісатылы аспа қолданылған.














51 
ТЭ33А тепловозында жақты буксалар орнатылған. Буксалы тҥйін 
рессорланбаған доңғалақтар жҧбы мен рессорланған арбашық рамасы 
арасындағы байланыстыратын элемент қызметін атқарады. Онда роликті 
мойынтіректер орнатылған. Буксаның кҥйі роликті мойынтірек кҥйіне 
тікелей әсер етеді. 
Тартым электрлі қозғалтқыштарының аспасы тіректі-ості аспаретінде 
орындалған, электрлі қозғалтқыштың арбашық рамасына бекітілуі маятникті 
аспа арқылы жҥзеге асады. 
Арбашық рамасы – арбашықтың негізгі салмақ тҥсетін бӛлігі болып 
табылады, ол тартым жетегінің элементтері, тежеу жабдықтары мен кӛмекші 
қҧрылғыларды орналастыру ҥшін тағайындалған. 
Рама екі бойлық және ҥш кӛлденең орналасқан арқалықтан тҧрады. 
Барлық арқалықтар пісірілген қорапталған элементтерден дайындалған. 
Арбашық рамасына рессорлы аспаның екінші сатысы арқылы тепловоз 
шанағының салмағы беріледі, тартым кҥші мен доңғалақ жҧбы арқылы 
ӛршитін тежеу рамаға қарғыбау (поводка) арқылы, содан кейін конус 
тәріздес шкворень арқылы тепловоз рамасынын кузовына және 
автотіркегішке беріледі. Тӛрт шеткі буксада гидравликалық амортизаторлар 
орнатылған. Әр доңғалақ жҧбы жеке тартым жетегіне ие. Буксалар 
бейметалды жақтаулар арқылы буксалық ойықтарда горизонталь және 
вертикаль бағытта бекітілген (9.2-сурет). 
Тепловоз шанағының салмағы арбашаға ҥш иілгіш резеңке металды 
тіректер арқылы беріледі. Тартым және тежеу кҥші арбашықтан шкворень 
және шкворень тҥйіні арқылы локомотив рамасына беріледі және ол резеңке 
металды элементтермен жабдықталған. Арбашықтың шанаққа қатысты 
бҧрыштық және кӛлденең ауысулары гидравликалық амортизаторлар арқылы 
ӛтеледі. 


52 
9.2-сурет – Тепловоз арбашығы 
9.1-кесте. 
Арбашаның техникалық сипаттамалары 
Доңғалақтар жҧбынан рельске тҥсетін жҥктеме, кН 
233 
Қҧрылымдық жылдамдық, км/сағ 
120 
Тартым электрлі қозғалтқышы 
5GEB30B 
Тартым электрлі қозғалтқыштарының саны 

Тартым жетегі 
ТЭҚ-ның бір жақты 
тіректі-остік аспасы 
Тісті беріліс 
Бір жақты, тура тісті 
Тісті берілістің беріліс саны 
5,3125 
0,38 Мпа, кН қысым кезіндегі тежеу колодкаларының 
есептік басуы 
136 
Шанақтың тірек жҥйесі
Ҥш нҥктелі, резеңке-
металды тірек 
элементтерімен


53 
9.2-кесте. 
Арбашық қҧрылысы 
Қҧрылғы атауы 
Масса, кг 
Арбашық жинағы 
20613 
Арбашық рамасы 
3602 
Тартым электрлі қозғалтқышы 5GEB30B 
2268 
Тҧтас доңғалақ 
474 
Доңғалақ жҧбының осі 
717 
Кӛп ағынды тісті берілістің тісті доңғалағы (шамамен) 
227 
U-тәріздес тҥтік пен мойынтірек 
279 
U-тәріздес тҥтік, тісті беріліс, доңғалақ пен осьтің жинағы 
6019 
Доңғалақ жҧбының буксасы 
302 
Әр оське тӛрт серіппеден, әр буксаға екеуден келеді. Әр арбашықтың 
дайын болған рамасына металдың сапасы, пісірілген тжапсарлары мен 
қҧрамы, монтаждық-орнату ӛлшемдері кӛрсетілген тӛлқҧжат жасалады. 
Негізгі пісірілген байланыстар ультрадыбыстық дефектоскоппен тексеріледі. 
Пісірілген ақаулары бар арбаша рамалары қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей 
әсер етеді, сондықтан қолданысқа жіберілмейді. Ол динамикалық 
жҥктемелердің артуына әкеліп соғуы мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет