С. С. Наметкин айтып кеткендей, крекинг процесінің мағынасы мұнайды өңдеу арқылы алынатын негізгі өнім бензинмен тоқтап қалған жоқ. Осы мәселені шешумен қатар крекинг процесінің дамуы химиялық өңдеудің өнімін ғылы
Кіріспе Мұнай өндірісінің дамуы мұнайды термиялық өңдеу процесстері - крекинг, риформинг, пиролиз кезінде түзілетін көмірсутектердің химиялық өңделуінің дамуымен сипатталады. Химиялық пайдалануға табиғи көмірсутекті газдар да ұшырайды. Мұнай өндірісі химия өндірісімен байланысып, өндірістің жаңа саласы – мотор майларын және халық шаруашылығындағы көптеген химиялық өнімдерді алу үшін көмірсутектердің қолданылуына негізделген мұнай химиялық синтез.
Өндірістік көлемде синтетикалық спирт өндірісі, көмірсутектердің хлортуындылары, ерітінділер және басқа да органикалық өнімдер алынады.
Мұнай көмірсутектерін химиялық пайдаланылуы – орыс химия мектебінің Бутлеровтан бастап, қазірге дейінгі ғалымдардың зерттелуінің негізі болып келе жатыр. А.М. Бутлеров, В.В. Марковников, М.И. Коновалов, Н.Д.Зелинский, А.Е. Фаворский, С.В. Лебедев, С.С. Наметкин мен басқа да қызметкерлердің классикалық еңбектері пиролиз, крекинг көмірсутек газдарының өңделетін органикалық синтезінің құрылуының негізі болып табылады.
С.С. Наметкин айтып кеткендей, крекинг процесінің мағынасы мұнайды өңдеу арқылы алынатын негізгі өнім – бензинмен тоқтап қалған жоқ. Осы мәселені шешумен қатар крекинг процесінің дамуы химиялық өңдеудің өнімін ғылыми зерттеу аумағын кеңейтті.
Қазіргі кездің үлкен жаңалығы - бұрын процесс қалдығы болып есептелген жолай газдардың өңделуі. Расында, қазіргі кезде кен орындардағы жолай газдар химиялық өңдеудің негізгі шикізат көзі болып есептеледі.
Автор оқырманға ұсынған бұл еңбегінде ғылыми және инженер-техникалық қызметкерлерге бағалы химиялық өнімдерді алу үшін мұнай көмірсутектерін пайдаланудың химиялық негізін, мотор майларының компоненттерін , синтетикалық каучук, оттекті қосылыстар, нитроқосылыстар, аминдерді алу үшін шикізат көзінің өндірісінің технологиялық сипаттамасын түсінікті тілмен беруге тырысқан.
2 Органикалық химияның теориялық негіздері (органикалық рекациялардың классификациясы,электронды эффект,органикалық синтездің стратегиясы мен тактикасы) Химиялық реакциялардың классификациясы:
1. Системаға байланысты реакциялардың өтуі гомофазды болып табылады.Ол бір фазада жүреді.Газфазалы ол сұйық реакция ал гетерофазды көп компонентті екі немесе одан да көп фазалар болады.Олар: газ-сұйық,сұйық –сұйық.
2. Химиялық реакциялар гомогенді және гетерогенді болып екіге бөлінеді.Гомогенді бір фазаның көлемінде болса,гетерогенді фазаның жоғары бөлігінде орналасады.
3. Реакция катализатордың қолдануына байланысты каталитикалық және каталитикалық емес болып екіге бөлінеді.Акталитикалық реакциялар екіге бөлінеді.Олар гомогенді каталитикалық және гетерогенді каталитикалық болады.
4. Реакцияның ағуына байланысты жай немесе күрделі болады.Жай реакцияда бір ғана зат өтеді,ал күрделі реакцияда жай немесе макростадия болып саналады.Бұларға параллельді реакциялар жатады.
5. Механизмнің өтуіне байланысты элементарлы,элементарлы емес болып бөлінеді.Элементарлы микростадиясыз жүретін реакциялар,Элементарлы емес реакцияда микростадия арқылы жүреді.
6.Механизмнің жүруіне байланысты гомолитикалық ,гетеролитикалық реакция болып бөлінеді.Гомолитикалық радикалды тізбек механизмі арқылы жүреді.Гетеролитикалық ионды механиз арқылы ионның қатысуымен жүреді.