Байланысты: Органикалық синтез химия технология теориясының методикалық оқу құралы
4 гомолитикалық реакциялар. Алкандарды галогендеу, аминдер, арендер, алкиарендердың теориялық технологиялық процесстері. Практикалық мәні зор мен газды және сұйық фазада өтетін радикалды тізбекті гомолитикалық реакцияларға төменгі реакциялар жатады:
Фторлау мен хлорлау орын басу
(1) R3C-H + F2 → R3C-F + HF
Қыздыру немесе жарық
(2) CH4 + CI2 →CH3CI+ HCI
Хлорметан (метилхлортд ,хлористый метил )
Тотығу
RH + O2 →ROOH
Гидропероксидтың алынуы - көптеген процесстердің маңызды сатысы, мысалы:
Кумолдан алдымен кумол гидропероксидің алып, кейін оны сұйытылған күкірт қышқылымен фенол және ацетонға ыдыратады:
(2) Олефиндердің эпоксидтеу реакциясы;
Оттек қатысында ацетальдегидті тотықтыру арқылы сірке қышқылының алынуы:
CH3CHO + ½ O2 →CH3COOH
Көмірсутектердің крекингімен пиролизі
-CH2-CH2-CH2- → -CH3 + CH2=CH2 Дегидрохлорлау
CICH2-CH2CI → CH2=CHCI + HCI
Дигидірлеу
C2H6 → H2 + C2H4 Олефиндердің полимеризациясы, мысалы этилен
n ( C2H4) → -( C2H4 )n –
Теломеризация
CCI4 + 2C2H4 → CCI3-(CH2)4 –CI
Аддитивті (қосылу) хлорлау
C6H6 + 3CI2 → C6H6CI6 Радикалды-тізбекті процестің стадиялары: І.Тізбектің пайда болуы(радикалдардың пайда болуы);
ІІ.Тізбектің жалғасуы(немесе туындауы) (өнімдердің пайда болуы және радикалдардың регенерациясы);
ІІІ.Тізбектің тармақтануы(механизмі болуы шартты емес, активті бөлшектердің көбеюіне алып келеді);
ІV.Тізбектің үзілуі.
Радикалды-тізбекті процестің барлық стадияларын қарастырайық.
І.Тізбектің пайда болуы
І.Термиялық иницирлеу Тізбектің иницирлеуінің нәтижесі байланыстың гомолитикалық диссоциациясы болып табылады. Диссоциациялану энергиясы D- оң шама, ал диссоциациялану реакциясы- эндотермиялық процесс. Жылудың әсерінен байланыстың үзілуі мүмкін. Байланыстың беріктілігі (диссоциация энергиясы) температураға байланысты, яғни термиялық иницирлеу температурасы. Байланыс мықты болған сайын, жоғары температура керек.
Жоғары температуралық процестер:
CI2→ 2CI.
NOCI → NO + CI. CCI3-CCI3→ 2CCI3. CH3-CH3 → 2CH3. Кейбір процестер мономолекулярлы емес, мысалы:
O2 + HBr → HO2. + Br.
Бұл жерде реакцияның энтальпиясы H-Br байланысының үзілуімен ғана анықталмайды.
2.Химиялық иницирлеу Иницирлеу температурасын төмендету үшін, яғни термолабильді заттардың галогенденуі үшін қандай да бір байланыстың диссоциациялану энергиясын төмендететін заттар (инициаторлар) қосуға болады. Инициаторлар қалыпты температурада бос радикалдарға тарала алады, көбінесе бензоил пероксиді және 2,2-азо-бис-изобутиронитрил (порофор). Түзілген бос радикалдар, хлор молекуласымен әрекеттесіп, тез арада хлор атомын береді:
O O O
C6H5-C-O-O-C-C6H5 → 2C6H5-C-O. 2C6H5. → + 2CO2