«Құс шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы» пәнінен емтихан жауаптары 1-деңгей


Құс етін өңдеу технологиясы және оны жетілдіру жолдарын атаңыз



бет26/43
Дата07.01.2022
өлшемі164,43 Kb.
#18688
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
Құс шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы жауаптары

109. Құс етін өңдеу технологиясы және оны жетілдіру жолдарын атаңыз.
Бройлер өндірісінде етті балапандарды өсіруде негізінен үш технологиялық жүйені қолданады. Оған бройлерлерді еденде, клеткалы батареяде, торша еденде өсіру жатады.

Бройлер шаруашылықтарында бройлер етті балапандарын бір күндігінен бастап сойғанға дейін үлкен көлемдегі құс қораларында орналастырады. Азықтандыруды, суаруды, саңғырық жинауды механикаландыру бройлер өндірісінде жетістікке жеткізуге мүмкіндік туғызады .

Қазіргі уақытта біздің елімізде және дүние жүзілік бройлер етін өндіру өндірісінде бройлерлерді еденде өсіру технологиясы кең ауқымда таралған. Соңғы жылдары бройлерлерді жоғары тығыздықпен отырғызу жүйесі де қаралып жатыр.

Алайда бройлер ет өндірісінде еденде өмірілетін бройлердерден ет алуды алдағы уақытта жоғарылату мүмкіндігі шектеулі. Бройлерлерді торша еденде және клеткалы батареяда өсіру тиімді болып келеді .

Бройлерлерді торша еденде өсіру еденде өсіруге қарағанда өзіндік артықшылықтарға ие. Ол: отырғығу тығыздығын жоғарылату, өсу қарқынын жоғарылату, азық шығымын қысқарту, еденге жұмсалатын төсеніштің жоқтығы .

Бройлер етті балапандарын өсіру кезінде жоғарыда аталып өткен технологиялық нормативтер, отырғызу тығыздығы, азықтандыру, суару өрісі балапандардың өсу циклі аяқталуына дейін өзгермей тұрады. Бұл жағдайда тек өндірістік ауданмен ғимаратты жылытуға жұмсалатын энергия шығымы үнемделінбейді. Себебі бройлер балапандарының алғашқы 4-5 апталығында тірі салмағы аз болады .

Бройлер өндірісінде соңғы жылдары бройлерлерді жоғары тығыздықпен қоршауда отырғызып, кейін қоршаулар алынып, балапандарды қораның бүкіл алаңына жайып жіберу технологиясы қолдануда, мұндай тәсілдердің бірнеше түрлері бар .

Бірінші түрі бойынша бройлер балапандарын үш апталығына дейін құс қораның қоршауланған бөлігінде өсіру жылу беру жүйесін 50 пайызға үнемдеуге мүмкіндік береді .

Екінші түрі бойынша бройлерлерді үш апталығына дейін 1 м2 алаңға 40 бас балапан жүйесі ие болады .

Үшінші түрі бойынша үш апталық бройлер балапандарын құс қораның жылу жүйесімен қамтылған жарты бөлігінде өсіреді де, ал қалған қораның жарты бөлігі 21 күндік балапандарды отырғызу үшін жылытылады. Нәтижесінде өсірудің соңында 16 мың бастың тірі салмағы: қораздар – 1960 г, тауықтар – 1673 г, өсімнің 1 кг салмағына 2,28-2,35 кг жем жұмсалады. Жылу беру жүйесіндегі шығым 50 пайызға қысқарды. Ағылшын зерттеушілері бройлер балапандарын өсіру кезеңінің алғашқы төрт апталығында 1 м2 алаңға 43 бас балапан отырғызып, қалған аптасында 1 м2 алаңға 18-22 бастан отығызуды ұсынады .

Төртінші түрі бойынша сұйық отынды үнемдеу үшін бройлер балапандарын өсіру кезеңінің алғашқы 18 күндігінде қораның тек 1/3 бөлігін кейінгі 17 күндігінде қораның 2/3 бөлігін, сосын қораны толық пайдалануды ұсынады. Бұл сұйық отынды толықтай 35-40 пайызға үнемдейді .

Бесінші тәсіл бойынша қораны үш бөлікке бөліп қолдануға болады. Бір бөлігінде балапандарды 2,5-3 апталығына дейін өсіреді, сосын балапанды қораның екінші бөлігінде 240С температурада бес апталығына дейін ұстайды. Соңынан қораны толықтай пайдаланады. Нәтижесінде жарық жүйесі 60 пайызға үнемделеніп, жем барынша аз қолданылады . Бройлер балапандарын өсіру кезінде энергияны барынша үнемдеу үшін балапандарды бір апталығына дейін қоршауланған қораның 1/3 бөлігінде 1 м2 алаңға 57 бас балапан отығызып, 2-3 апталығында қораның бір бөлігіне 1 м2 алаңға 38 бас балапан, төртінші апталығында 2/3 бөлігінде 1 м2 алаңға 29 бас балапан, бесінші апталығында құс қораның бүкіл алаңына қабылданған технология бойынша отырғызу керектігін айтады .

Алтыншы тәсіл бойынша клеткада өсіру технологиясы кезінде бройлерлерді қорада екіге бөлінген қабырға қоршауында ұстайды. Онда КБУ-3 клеткалық батареясы орнатылады. Қораның бөліктеріне жылу ТГ 2,5 генераторларымен беріледі . Балапандарды бір қора бөлігінен екінші қора бөлігіне апару үшін үстіне клетка орнатылған арнайы арбамен апарады. Бройлер балапандарын бүкіл қорада өзгермей тек қораның жарты бөлігінде ғана өсіру электр жүйесін, жылу беру, азық таратуды үнемдейді. Нәтижесінде 4105 кг ошақ отыны және 5790 квт сағ жарық жүйесі үнемделінеді. Өзгеде зерттеулер нәтижесінде бройлер балапандарынның бірдей жастыларын еденде бөлек отырғызу барысында бройлерлердің 8 апталығындағы салмағы 1,5 пайызға белгіленген көрсеткіштен жоғары болып шықты.

Жетінші тәсіл бойынша бройлер балапандарын өсіру кезеңінің алғашқы үш апталығында клетка еденінің 1м2 алаңына 90 ұрғашы балапан, 70 әтеш балапан отырғызылады. Ал кейінірек еденнің 1м2 алаңына 41 ұрғашы балапан және 28 әтеш балапан отырғызылады. Бройлерлер өсірудің технологиялық басқаша түрін Рязан құс фабрикасында қолданады. Бройлерлерде 10 күндігіне дейін еденде өсіріп, кейін КБУ-з клеткалық батареясына ауыстырады. Бұл жылына 2000 гкал жылу 1 млн квт/сағ электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл технологияны қолдану үнемсіздеу, себебі балапандардың қанаттары орын ауыстыру кезінде зақымдалуы мүмкін

Сегізінші тәсіл бойынша жыл мезгілдері жылы аймақтарда бройлерлерді өсіруге арналған қораларда бастырма қолдануға болады.

Сонымен қатар бройлерлерді 23 күндігіне дейін отырғызу тығыздығы 1 м2 алаңына 56-63 бас, клетка еденінің 1 м2 алаңына 27-36 бас болатын балапан орналастырылады. Балапандарды өсіруге арналған ғимараттарда бройлер балапандарын 1-21 күндігіне дейін өсіру жылу беру жүйесін 2,2 есеге қысқартатынын көрсетеді. Бройлер балапандары 56 күндігіне дейін «құс қора + бастырма» жүйесінде өсіру еденнің 1 м2 алаңына 20,7-29,6 пайыз артық салмақ алады. Бройлер балапандарын жылы аймақтарды ұзақ уақыт бір қорада ұстау барысында қора жиі дезинфекцияланып тұрады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет