«Құс шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы» пәнінен емтихан жауаптары 1-деңгей


Құс саңғырығының құрамы және оны залалсыздандыру жолдарын түсіндіріңіз



бет27/43
Дата07.01.2022
өлшемі164,43 Kb.
#18688
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
Құс шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы жауаптары

110. Құс саңғырығының құрамы және оны залалсыздандыру жолдарын түсіндіріңіз.
Мал шаруашылығының ішінде құс шаруашылығының алатын орны ерекше, ал болашағы өте зор. Құс фабрикалары мен құс бастарының көбеюі фабрикалардан шығатын саңғырықтардың ұлғаюына себепкер болады. Құс саңғырығы дұрыс, ғылыми жолмен өңделетін болса , ол бағасы ауылшаруашылық мекемелерінің мүмкіншілігіне сәйкес келетін құнды тыңайтқыш болады.

Құс шаруашылығының шешілмеген мәселерінің бірі – құс саңғырығын өңдеу. Олай болатын себебі орта деңгейдегі құс фабрикасынан бір күнде алпыс тоннаға жуық құс саңғырығы шығады. Бүгінгі таңда Қазақстанда қырықтан астам фабрика жұмыс істеп жатыр. Олардың әрқайсысы шамалап осындай деңгейде құс саңғырығын «өндіреді».

Құс саңғырығын қайта өңдеу тәсілдері

Құс фабрикасының санитарлық және ветеринарлық жағдайын жақсарту үшін, саңғырықтағы коректік затты сақтау мақсатында оның химиялық және физикалық қасиеттерін жақсарту үшін қайта өңдеудің әр түрлі тәсілдері жасалынды. Көпке белгілі және жиі қолданылатын биотермиялық, биологиялық, химиялық және гидравликалық өңдеу әдістерін жатқызуға болады.

Биотермиялық әдіс. Ылғалға және температураға төзімді материядан құрылған арнайы шұңқырға ылғалдылығы 60-65% аспайтын шикі саңғырық толтырылады. Шұңқырдың жоғарғы жағы ауа өткізетін тесіктері бар қақпақпен тығын жабылады. 20-25 тәуліктен кейін шұңқырдағы заттың температурасы 60 С дейін көтеріледі. Ыдырау процесі 30-40 тәулікте бітеді, біртекті иіссіз тыңайтқышқа жарамды қорда (компост) жасалынады. Бұл әдіс тәулігіне 10-15 тонна саңғырық бөлінетін шағын құс фабрикасына ұсылынады.

Биологиялық әдіс. Құс саңғырығына неше түрлі бактериялар және ферменттер енгізу арқылы жүргізіледі. АҚШ – та зиянсыз бактерияларды және ферменттерді қолдану арқылы саңғырықтың исін және аммиак газымен ыластауын азайтты.

Биологиялық әдіске саңғырықты бактериялардың көмегімен қайта өңдеу және жануарларға жем ретінде қолдануға болатын жоғары ақуызды азық дайындаулар жатады. 100 мың құс өсіретін фабрикалардан тәулігіне 30000 кг саңғырық бөлінеді. Бұл саннан 1,0-1,5 тонна биомасса алынады.

Химиялық әдіс. Саңғырыққа химиялық препараттарды енгізген кезде реакцияларға түсіп оларды байланыстыруын немесе ыдыратып ластануын жояды. Францияда саңғырықтың исін жою үшін ұнтақталған әкті немесе магнезидті қолданылады. Көрсетілген қоспа жинақтау бункерлеріне беріледі, сонымен катар қысыммен ауа жіберіледі.

Ұлыбританияда саңғырықтан иіссіз органикалық тыңайтқышты алу тәсілін жасаған. Саңғырық торфпен және кальций суперфосфатымен араластырылады. Қоспа ауада түгел компонентері ыдырағанша ұсталынады содан соң кептіріледі. Ыдырау процессі 25-28 күнге дейін созылады.

Қордаландыру. Шикі саңғырық бірнеше компонентермен араластырады, яғни , жүгері собығын, пістелердің кауызын, жаңғақ қауызын, торф, ағаш ұнтағын, сабан, пісте сабақтарын, ұнтақталған суперфосфат, хлор әгі және топырақты.

Қордаландыру – биологиялық процесс демек, саңғырықтың органикалық заттары , торф және басқа да қоспалары тұрақты қарашірік түріндегі азыққа айналады, келешекте топырақтың құнарлығын арттыру үшін тыңайтқыш ретінде қолданылады. Қорданың құрамы – қорданың ылғалдылығы 65-70% болса, ал торфтың ылғалдылығы 50-55% құраса онда 1;1 қатынаста қосылады.

Ағаш ұнтағы , сабан, ұнтақталған суперфосфат қоспасы барлық салмақтың 15-20% құрау керек. Хлор әгі 2-4% және топырақ 15-25% құрайды. Осындай құрамдағы қорда – сапалы тыңайтқыш.

Гидравликалық өңдеу. Бетондалған шұңқырдағы немесе жабық резервуардағы шикі саңғырыққа су қосып, оның ылғалдылығын 90-95% арттырады. Мұңдай қоспа егістік алқапқа пневматикалық транспортерлермен немесе тіркеме шашқыштармен (РЖ-4,РЖТ-8,РЖТ-16, ХТС-100 т.б. ) апарады. Бұл әдіс саңғырықты жалпы салмағын 7-8 есе ұлғайтып, ондағы коректік заттардың концентрациясын азайтады.

Гидравликалық өңдеу шамалы саңғырықтың иісін азайтады. Тасымалдау жұмысын жақсартып, егістік алқапқа бір тегіс берілуін қамтамасыз етеді. Дегенмен су қосылғаннан кейін саңғырықтың салмағы ( көлемі) артып, тасымалдайтын көліктердің санын ұлғайтады.

Электроосмос. Жаңа саңғырыққа электр тоғын жіберу арқылы өңделеді. Бұл әдіс АҚШ және Германияда сыналған. Ылғалдылығы 60% дейін саңғырықты кептірілген кезде электр тоғын өткізуді тоқтатады және екі аптаға созылады. Электр куаты көп шығындалатынына байланысты бұл әдіс қолданылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет