111. Құс саңғырығын өңдеу жолдары түсіндіріңіз.
Бүгінгі таңның өзінде саңғырықты жинауға, өңдеуге және сақтауға көп адамдардың жұмысын талап етеумен катар сол саңғырықты сақтауға арналған жерлердің көлемі көбеюде. Саңғырықты құрғату және оны қолдану Қазақстанның құс фабрикаларда әр түрлі жолдармен іске асады. Олар ғылым мен техниканың жетістіктерін барынша пайдалана отырып саңғырық өңдеудің жаңа тәсілдерін іздестіруде. Сол арқылы өндіріс мәдениетін жоғары көтере отырып, құс шаруашылығының рентабельділігін жоғарлату бағытында қызмет атқаруда. Құс шаруашылығы мамандарымен бірлесе отырып, төмен көрсетілген құс саңғырығының өңдеу жолдарына назар аудардық
Құс саңғырығын өңдеу жолдары:
1. Құс саңғырығын тыңайтқыш ретінде қолдану үшін өңдеу.
2. Құс саңғырығын отын есебінде қолдану үшін өңдеу.
3. Құс саңғырығын өңдеу арқылы биогаз алу.
4. Құс саңғырығын өңдеу арқылы мал мен құс жеміне қосатын қоспа дайындау.
5. Құс саңғырығына шыбын өсіру арқылы ақуыздық жем дайындау.
6. Құс саңғырығына микроағзалар өсіру арқылы ақуыздық жем дайындау.
7. Құс саңғырығын өңдеудің инновациялық тәсілдері.
Құс саңғырығын өңдеу алты үлкен проблеманы шешеді:
1. Экологиялық (құс саңғырығын толық өңдейді);
2. Энергетикалық (биогаз, эл.энергия);
3. Агрохимиялық (тыңайтқыш алу);
4. Әлеументтік (жаңа жұмыс орын ашылады, жұмыс жағдайы жақсарады);
5. Экономикалық (экологиялық төлемдер азаяды, тыңайтқыш сатудан пайда түседі);
6. Инновациялық ( өнімнің жаңа түрлері шығады)
Түйіршіктелген саңғырық төменде көрсетілген мәселелерді шешуге жол ашады:
1. Құс саңғырығын қалдықсыз кәдеге асырады.
2. Құс саңғырығы сақталатын жерлер басқа бағытта қолданылады.
3. Ауаға, суға және жерге келетін химиялық және бактериялық кері әсерлер азаяды.
4. Егін алқаптарының құнарлығын арттырады
5. Саңғырықтың құрамындағы ауру тудыратын микрофлора залалсыздандырылады.
6. Саңғырықтың арасындағы жабайы шөп ұрықтарының өну қабілеттілігі жойылады.
7. Құс фабрикасы айналасындағы жағымсыз иісті азайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |