☺ үшінші жолы – әрекетті білдіретін
үш
етістік немесе көсемше;
☺ төртінші ортадағы жолы –
төрт
сөзден тұратын сөйлем, оның екеуі
бірінші жолдағы зат есімді сипаттайды, ал екеуі оған қарама-қарсы
болуы шарт;
☺ бесінші жол – екінші жолға мағынасы қарама-қарсы сөздер;
☺ алтыншы жол – үшінші жолға мағынасы жағынан қарсы сөздер;
☺ жетінші жол – бірінші жолдағы зат есімге қарама-қарсы сөз.
Мысалы,
Гипербола
Орасан зор, ең үлкен.
Үлкейтеді,
көбейтеді, кеңейтеді.
Шексіз алыпты тырнақтай қылады.
Кішірейтеді, азайтады, тарылтады.
Титтей, ең кіші
Литота.
Диаманта
Диаманта
жаза отырып, студенттер кез келген
ұғымның мағыналық
айырмашылығы мен өзара
байланысын терең түсіне алады. Оны кез барлық пән
бойынша жаздыруға болады.
Ол да белгілі
шарттылықты талап ететін, құрылысы
жағынан даймондқа ұқсас болып келетін өлең үлгісі,
бірақ ұйқастың сақталуы міндетті емес. Диаманта келесі үлгіде жазылады:
☺ бірінші жол – тақырып (зат есім);
☺ екінші жол - анықтауыш (екі сын есім);
☺ үшінші жол – әрекет (үш есімше);
☺ төртінші жол - ассоциация (төрт зат есім);
☺ бесінші жол – әрекет (үш есімше);
☺ алтыншы жол – анықтама (екі сын есім);
☺ жетінші жол – тақырып (зат есім).
Мысалы,
Қожа
Сотқар, ақкөңіл,
Жатқан, армандаған, кешіккен.
Есім, мұғалім, бақа, жиналыс.
Сабақтан кешігетін, шешім қабылдайтын, уәде беретін.
Көңілді, қайсар.
Балалық.
39