Ауыл мектебінде оқиды
Оның
тәртібі - басты мәселе
Мұғалімнің сөмкесіне бақа салып қояды
Сұлтан жайлауға барғанда баланы алдап кетеді
Істеген қылықтарына қатты өкініп, өзіне уәде береді.
Осылайша сыртқы пішіні пирамидаға ұқсас тарих құрастырылады.
Синквейн
Синквейн сыртқы пішіні жағынан шыршаға ұқсайды.
Синквейн
қатаң алгоритммен жазылады, француз тілінен
(«ci
ng») аударғанда «бес жолды өлең» дегенді білдіреді. Ол
студенттен неғұрлым мәнді ой элементтерін оқу
материалынан таба білуге, ой қорытындысын тұжырымды
жеткізуге дағдыландырады.
Материалды синтездеу тәсілі
ретінде қолданылады. Форманың ықшамдығы ақпаратты
түйіндеу, ойды бірнеше маңызды сөздермен, кең және
қысқа сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады. Сонымен қатар:
☺ күрделі ақпаратты синтездеу құралы ретінде;
☺ білім алушылардың түсінігін бағалау тәсілі ретінде;
☺ шығармашылық мәнерді дамыту
құралы ретінде пайдалы болуы
мүмкін.
Синквейн – білімнің, ассоциацияның, сезімнің шоғырлануы; құбылысқа,
оқиғаға, затқа жеке көзқарасын, пікірін білдіру. Онда еркін ойға ерік
берілгенімен, белгілі ережеге бағынады.
Оның алгоритмі:
☺ бірінші жол – синквейн тақырыбы болатын
кім? не?
деген сұрақтарға
жауап беретін, 1 сөз, яғни зат есім;
☺ екінші жол - негізгі ойдың
сипатын білдіретін,
қандай ?
деген сұраққа
жауап беретін 2 сын есім
☺ үшінші жол – тақырып аясында әрекетті білдіретін,
не істейді?
деген
сұраққа жауап беретін 3 етістік;
☺ төртінші жол – тақырып бойынша автор ойын білдіретін, 4 сөзден
тұратын фраза;
☺ бесінші жол - кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін, тақырыптың
басқаша қырын ашатын, 1 сөзден тұратын зат есім.
Синквейн жаза отырып студент оқу
материалын қандай деңгейде
меңгергендігін көрсете алады, атап айтатын болсақ:
42
☺ тақырып мазмұнын білетітінін;
☺ қарастырылып отырған құбылыстың, үдерістің, құрылымның,
заттың неғұрлым айқын
сипатын ерекшелей алады;
☺ алған білімін жаңа міндеттерді шешуге қолдануға үйренеді.
Синквейн жазу нәтижені тез бақылауға мүмкіндік береді. Оны сабақтың
барлық кезеңдерінде: миға шабуыл, рефлексия, т.б. қолдана беруге болады.
Мысалы,
Дәрумен
Пайдалы, қажетті
Жейді, қабылдайды, қолданады
Ол – адамның сенімді тірегі.
Қорек.
Достарыңызбен бөлісу: