С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет63/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85
Жоdоs)ба әзірлеу
Бұл әдіс қатысушыларға ойша аудиториялардан шығып, талқыланатын
мәселе бойынша өз әрекетінің жобасын жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы,
топ немесе жекелеген қатысушы өз жобасын қорғайтын, басқалардың
алдындағы өзінің артықшылығын дәлелдеуге және достарының пікірін білуге
мүмкіндігі болады. Мысалы: белгіжоба жасау. Қатысушылардың
мамандандырылған мекемелерден кеңес алуға, кітапханалардан әдебиеттер
алуға және т.б. мүмкіндіктері бар. Қатысушыларға газеттен тақырып
мәселелеріне қатысы бар басылымдар, суреттер, мақалалар жинауға, содан
кейін бұл материалдарды топ болып талқылауды ұсынуға болады.
Кейс-стади
92


Кейс әдісі алғаш рет Гарвард университетінде 1870 ж. дәріс беру
барысында студенттер арасында мәселені кеңінен талқылау мақсатында
қолданыла бастаған. Оқытушы студенттер назарына әртүрлі нақтылы
қайшылықты жағдаятты ұсынады. Және де соның бірнеше шешімін табу
міндетін қояды. Бұл әдіске байланысты алғашқы оқулықты 1921 жылы
Гарвардтық бизнес-мектебінің деканы Волос Донамның белсенді араласуымен
Коупленд жарыққа шығарды. 
Кейс-стади міндеті

білім алушыларды келесідей әрекеттерге
жұмылдыру: 
☺ кез-келген теориялық мәлімет пен ақпаратты талдау, 
☺ негізгі мәселелерді айқындау, 
☺ мәселелерді шешудің әртүрлі балама жолдарын (нұсқаларын) табу
(ситуация – көп шешімі және баламасы бар оқиға екенін ұмытпайық), 
☺ сараптау арқылы олардың ішінен ең тиімдісін таңдау, 
☺ өз іс-әрекеттерін жоспарлау. 
Сase-study -
таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын
қалыптастыратын тиімді әдіс. Оны кейде
«оқудағы жағдаяттар әдісі»
деп те
атайды.
«Кейс»
сөзі
«жағдай», «оқиға»
дегенді білдіреді деп беріледі, дегенмен,
көбінесе «портфель» мағынасында қолданылып жүр.
Сонымен қатар кейстік амал-тәсілде жағдаяттарға байланысты мынадай бес
түрлі пікірсайыс ұйымдастырылады: 
☺ оқытушы білім алушыға қарсы сұрақ береді;
☺ оқытушы білім алушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды; 
☺ білім алушы-білім алушы рөлдік ойындар да қолданылады; 
☺ оқытушы білім алушыдан өзінің тапсырма жайлы болжамын сұрайды; 
☺ білім алушы мен білім алушы пікірталасы жүзеге асады.
Сase-study-ді жүзеге асыру кезеңдері:
Бірінші кез
еңде оқытушы кейсті (жағдайды) таңдайды. Соған қажетті
сұрақтар әзірлейді. Бұл іс шығармашылық жұмыс болып табылады. Таңдалған
жағдаят дәріс тақырыбы мен мазмұнына сәйкес келуі керек. Осы тұрғыдан
кейс мазмұнының мақсаты мен оған қол жеткізудің міндеттері анықталады.
Қажетті негізгі және қосалқы материалдарын анықтайды, жұмыс жоспарын
құрады. Кейс студенттерге сабақ алдында (бір-екі күн бұрын) таратылып беріледі:
олар кейстің мазмұны мен ұсынылған әдебиет тізімімен жеке-жеке танысады, кейс
бойынша өзіндік пікір қалыптастырады. 
Екінші
кезеңді оқытушы дәрісханада жүзеге асырады. Бұл кезеңнің өзі
кейске кіріспе; жағдайдың шағын топтарда талдануы; пікірталас және
қортынды шығару. Кез-келген пән мазмұнын талдау барысында қаралатын
93


мазмұнның қисындылығы ғана емес, оның психолгиялық ерекшеліктеріне де
қараудың маңызы өте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет