С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет71/85
Дата31.08.2023
өлшемі6,43 Mb.
#105772
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85
Байланысты:
Сембинова-1

Микроdоs)фоdоs)н
Қатысушыларға белгілі бір тақырып көлемінде өз пікірін, көзқарасын
айтуы ұсынылады. Ол үшін қатысушылардың бірі аудиторияны аралап жүріп,
тыңдаушылардың біріне микрафонды (орнына кез келген зат та алуға болады)
ұсынады. Микрафонды алған қатысушы өз пікірін, ойын айтуы керек.
Қағаз бетіндегі саяхат 
Ынтымақтастық атмосферасын, жылдамдықты, жүйелілікті, жағымды
ахуалды қалыптастырады. Тыңдаушылардың әрқайсысы постерге ортақ сурет
салуға өз үлесін қосады. Әр қатысушы кезек-кезекпен бір сызықшадан (фигура,
кескін) қаламның ұшын қағаздан алмай жалғастырып кету керек. Әр адамға 10
секунд уақыт беріледі. Басты шарт қаламды қағаздан үзбей сурет салу.
Сызықтар бір-бірімен қиылысуы мүмкін. Әр түсті маркер қолдануға да болады.
Бұл жаттығуды топ болып орындаса да болады. 
 
Сұрақтар пирамидасы
6 топқа Блум пирамидасының бөлімдері үлестіріліп беріледі: «Білім»,
«Түсінік», «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау» және «Бағалау». Ол түрлі-түсті
қағаз қиындыларынан жасалғаны жөн.
106


Содан кейін әр топқа қиындыларға жазылған бірнеше сұрақтар
беріледі.Мысалы, «Не?», «Қалай түсіндіресіз?», «Салыстыр», «Қандай нәтиже
шығаруға болады?», «Сіз бұл жағдайда қандай шешім қабылдар едіңіз?» т.с.с
Топ ішінде сұрақтарды талдап,өздеріне берілген Блум пирамидасының
қиындысына сәйкесті келетін сұрақтарды жинақтап,оны желімдейді.
Осы жұмыстың қортыңдысында әр топтан бір тыңдаушы өздерінің
таңдаған сұрақтарының осы бөлімге сәйкесті келетіндігін дәлелдейді.
Бұл жұмыс түрінің тиімділігі – тыңдаушылардың төмен және жоғары
дәрежелі сұрақтарды ажыра білу дағдыларын жетілдіруде.Ол өз кезегінде
мектеп тәжірибе кезінде оны үйлесімді пайдалануыңа көмектеседі. 
Сөйлемді жалғастыр
Оқытушы тақырып бойынша бір сөйлемді бастап оқиды да
қатысушылардың біріне допты лақтырады. Допты алған қатысушы сөйлемді
ары қарай жалғастыруы қажет. Әрі қарай допты қатысушылар бір-біріне береді.
“Доптың иесі” жауаптар тізбегін жалғастырады. Мысалы, оқытушы: “Бүгін мен
сабаққа келесі мақсатпен келдім…” (А. есімді қатысушыға допты лақтырады).
А. есімді қатысушы допты ұстап алып, сөйлемді жалғастырады: “Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету модулі туралы толық білу үшін”,-деп, допты келесі
қатысушыға лақтырады. Келесі қатысушы: “Интербелсенді әдіс-тәсілдермен
танысып-білу үшін”, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет