С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап)



бет111/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру (236-бап)

Қылмыстық кодекстің 236-бабында «Заңсыз әскерилендірілген құрама (бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге де топ) құру, сондай-ақ ондай құраманы басқарғаны» үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қылмыстың объектісі-заңмен белгіленген әскерилендірілген құраманы ұйымдастыруды реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан мынадай белгілермен сипатталады: а) әскерилендірілген құрама құру және басқару;


б) құраманың қарулануы; в) мұндай құраманы құрудың заңға негізделмеуі.
Әскерилендірілген құрама деп атылатын немесе суық қарумен қаруланған тұрақты, берік ұйымдасқан адамдардың тобын айтамыз. Құраманы құру деп оған адамдар тарту, оларды қаруды қолдануға үйрету, қару-жарақ жасау, оның немесе олардың қорын жасау әрекеттерін айтамыз. Заңсыз әскерилендірілген құрамға –оның ҚР заңына қайшы, оған негізделмей құрылған құрамалар жатады. Әскерилендірілген құраманы басқаруға оған қатысушылардың қызметін бөліп беру, әскери құрамалардың топтарының, олардың жекелеген мүшелерінің іс-әрекетіне, бұйрықтардың орындалуына бақылау жасау, қарулы қақтығыстарды жоспарлау әрекеттерін жүзеге асырулар жатады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық. Қылмыс заңсыз әскерилендірілген құраманы-бірлестік, отряд, жасақ немесе өзге топты құру әрекетін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.
Бандитизм (237-бап)


Бандитизм-аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды. Қылмыстың тікелей объектісі-қоғамдық қауіпсіздік. Қосымша тікелей объектісі-адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделері. Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша сипатталады: бандылық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да қарулануы. Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз. Банданы құру деп банданы жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, бандының құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рөлдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Бандыны құрушы, әдетте оның ұйымдастырушысы болып табылады. Банданың тұрақтылығы қаруланған топтың мүшелерінің қылмысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімінің нәтижесі арқылы анықталады. Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп айтамыз.Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ақ әр түрлі жарылғыш құралдары да жатады. Бандитизм құрамы құрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады. Сондықтан да қылмыс қарулы топ құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан бандитизм құрамы аяқталған деп табылады. Банданы басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-әрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуыл жасайтын нақты объектілерді таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен «тәрбиелік» сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен куәлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз. Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың жәбірленушіге күш қолданамын немесе оны дереу нақты қолдану қаупін туғызуын айтамыз. Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі –арнаулы мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған, есі дұрыс адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет