Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу (340-бап)
Бұл қылмыс өте қауіпті қылмыстардың қатарына жатады. Өйткені бұл қылмыстың тікелей объектісі әділсоттылық мүддесі мен қатар адамның өмірі де болады. Қылмыстың жәбірленушісі барлық инстанциялардағы судьялар, присяжной заседатель, прокурор, тергеуші, алдын ала анықтаушы адам, қорғаушы, сарапшы, сот приставы, сот атқарушысы, сондай-ақ олардың туыстары болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүзеге асырушы адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына, сол сияқты олардың туыстарына істің немесе материалдардың сотта қаралуына, алдын ала тергеу жүргізілуіне, не үкімді орындауға, соттың шешіміне немесе өзге сот актілеріне байланысты аталған тұлғалардың заңды қызметіне кедергі жасау, не істеген қызметі үшін кек алу мақсатында жасалған олардың өміріне қол сұғу арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс құрылысы жөнінен келте құрамға жатады, сондықтан да қылмыс өмірге қол сұғу орын алған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Заңда көрсетілген жәбірленушілерді өлтіруге оқталу немесе олардың өмірін жою аталған тұлғалардың заңды қызметіне кедергі жасау не істеген қызметі үшін кек алу мақсатында істелуі қажет. Заңда көрсетілген жәбірленушілерді өлтіруге оқталу немесе олардың өмірін жою аталған тұлғалардың заңды қызметіне кедергі жасау не істеген қызметі үшін кек алу мақсатында істелуі қажет. Заңда көрсетілген жәбірленушілерді өлтіруге оқталу не өмірін жою олардың істеген қызметіне байланысты емес, басқа заңсыз әрекеттері үшін жасалса, онда кінәлының әрекеті адам өміріне қарсы қылмыс жасағандық деп танылады. Бұл қылмыс сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асыру сот шешімдерін жүзеге асыру кезеңіәнде немесе содан кейін, іле шала уақыт өтісімен істелуі мүмкін. Ең бастысы қылмысты істі сотта қарау, іс бойынша алдын ала тергеу, анықтама жүргізу немесе сот актісін (үкім,шешім) орындауға байланысты істелгенін анықтау шарт. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъективтік жағының балама белгілеріне ниет және мақсат жатады. Қылмыстың мақсаты заңда аталған тұлғалардың заңды қызметіне кедергі жасау, ал ниет олардың істеген қызметі үшін кек алу болып табылады. Қылмыстың субъектісі 16-ғка толған адам.
Достарыңызбен бөлісу: |