С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей



бет211/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей
орындамау (367-бап)

Қылмыс объективтік жағы бойынша: бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп, өзгедей әдейі орындамауы арқылы сипатталады. Бұл жерде екі бірдей қылмыс құрамы көрсетіліп тұр. Оның біріншісі бағынбау, яғни бастықтың заңды бұйрығын орындаудан ашық, қасақана бас тарту. Екінші бұйрықты өзгедей әдейі орындамау-яғни бастықтың белгіленген тәртіппен, заңды түрде берілген бұйрығын, яғни бағыныштының әдейі орындамауы болып табылады. Әдейі орындамауға ашық түрде, ешбір негізсіз заңға сәйкес берілген бұйрықтағы талаптарды істемеуі, немесе бұйрықтағы талапқа қарсы басқа әрекетті істеуі, немесе бұйрықты кешіктіріп орындау немесе жартылай орындаулар жатады. Бағынбау мен бұйрықты өзгедей әдейі орындамау іс-әрекетінен қызмет мүддесіне елеулі зиян келтірілуі қажет. Зиян мүліктік немесе ұйымдастырушылық, я болмаса басқадай түрде орын алуы мүмкін. Егер «іс-әрекеттен әскери тәртіпте ойсырауы орын алса, бастықтың бағыныштыны алдында беделі түссе, адамдардың денсаулығына әр түрлі дәрежедегі жарақат келтірілсе немесе әскери бөлімде, оның мүлкіне, техникасына залал келтірілсе зиян елеулі деп танылады. Бұйрыққа бағынбаудан немесе оны әдейі орындамаудан келтірілген зиянның арасында себепті байланыс болуы шарт. Қылмыс құрамы материалдық. Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады (367-баптың 2-тармағы). Ауыр зардаптарға қасақана денеге орта дәрежелі жарақат келтіру, абайсызда кісі өлімінің орын алуы; әскери дайындықты қамтамасыз ететін шаралардың жүзеге аспай қалуы; әскери техникалардың істен шығуы; ірі мөлшердегі материалдық залал келтірілу т.с.с. жатады. Осы баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі көзделген әрекеттер соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалса онда бұл осы қылмыстың аса ауырлататын түріне жатады (367-баптың 3-тармағы). Қызметке ұқыпсыз не ықылассыз қараудың салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққан бұйрықты орындамау үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 367-бабының 4-тармағында көзделген. Мұндағы ауыр зардаптардың түсінігі осы баптың 2-бөлігінде көрсетілген ауыр зардаппен бірдей болуы да мүмкін. Қылмыстық Кодекстің 367-бабының 4-тармағындағы қылмыс құрамы субъективтік жағынан тек қана абайсыздықпен (немқұрайдылық немесе менмендік) жүзеге асырылады. Егер осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекет соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында жасалса, онда кінәлының жазасы арта түседі, ол үшін жауаптылық Қылмыстық Кодекстің 367-бабының 5-тармағында көзделген.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет