С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Бұқаралық ақпарат құралдарына



бет109/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   231
Бұқаралық ақпарат құралдарына - газет, журнал, телерадио хабар т.б. жатады.


Адамды кепілге алу (234-бап)

Адамды кепілге алу халықаралық маңызы бар қылмыс болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1979 жылғы желтоқсанда «Адамды кепілге алуға қарсы күрес туралы» халықаралық Конвенция қабылдаған. Қылмыстың тікелей объектісі-кепілге алынған адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі. Объективтік жағынан қылмыс адамды кепілге алу немесе кепілдік ретінде ұстау арқылы сипатталады. Кепілге алу- кез келген құқыққа қайшы түрде, күш қолдану арқылы адамды бостандығынан айырып, қолға түсіру болып табылады. Кепілдік ретінде ұстау-адамды өз еркімен жүріп-тұру мүмкіндігінен күш қолдану арқылы айырып, бостандығынан айыру болып табылады.Адамды кепілге алу-формальдық құрамға жатады. Қылмыс жәбірленушінің бас бостандығынан айырылған уақытынан бастап аяқталған деп саналады.Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлы адам адамды заңсыз кепілге алғанын және кепілдік ретінде ұстап тұрғанын сезеді, біледі және соны тілеп әрекет істейді. Заңда қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі-қылмыстың мақсаты тікелей көрсетілген. Ол-мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету болып табылады. Мәжбүр ету әрекет немесе әрекетсіздік түрінде жасалады. Кінәлының мәжбүр ететін әрекеттеріне: мысалы оған ақшалай қаражат немесе наркотикалық заттарды, қару-жарақ, көлік құралдарын беруді немесе біреуді тұтқын орнынан босатып жіберуді талап етулері жатады. Әрекетсіздікті істеуді мәжбүр етулерге: қылмысты істі тергеуді доғаруды немесе белгілі бір ұйымның қызметін тоқтатуды, саяси, әлеуметтік немесе экономикалық акцияларды жүзеге асырмауды талап етулер жатады. Қылмыстың субъектісі-14-ке толған, есі дұрыс адам. Кепілге алынған адамы өз еркімен немесе өкіметтің талап етуі бойынша босатқан адамның әрекетінде басқа қылмыс құрамы (мысалы, кепілге алынған адамды зорлауға, оған ауыр, орта, жеңіл дене жарақатын келтіру; адам өлтіруі, қару-жарақ, оқ, дәріні ұрлауы т.б.) бар болса, онда ол осы істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет