С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім



бет112/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Бандаға қатысу деп-олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу, сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз. Шабуылға қатысу деп-бандалық топпен бірге қылмыстық нәтижеге жету үшін жәбірленушіге күш қолдану немесе оның нақты қолдану қаупін туғызуды айтамыз.


Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу (238-бап)


Бұл қылмыстың мәні: Басып алғандардың босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету мақсатында үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру, оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытумен ұштасуда болып табылады. Қылмыстың тікеелей объектісі-қоғамдық қауіпсіздік. Объективтік жағынан қылмыс: а) үйлерді,құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап тұру; б) оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту арқылы сипатталады. Кінәлы адам көрсетілген объектілерді заңсыз басып алады немесе заңсыз басып алған объектілерін одан әрі ұстап тұрады. Кінәлы адам осы заңсыз басып алынған объектілерді жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту әрекеттерін жүзеге асырады. Бұл жерде қорқытуға-басып алынған немесе ұстап тұрған объектілерді шын мәнінде жоюды немесе бүлдіруді нақты жүзеге асыруға жеткілікті негіздердің бар болуы жатады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлы адам үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алу немесе ұстап тұруды, оларды жоямын немесе бүлдіремін деп қорқытудың қоғамға қауіпті екенін сезеді және соның болуын тікелей тілейді.
Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі-мақсаты заңда басып алғандардың босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай бір іс-әрекет жасауға немесе қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ету деп көрсетілген. Яғни көрсетілген объектілерді басып алудың, ұстап тұрудың, оларды жоямын немесе құртамын деп қорқытудың негізі-белгілі бір шарт қою. Ол шарт мемлекетке, ұйымға, жеке адамға қойылады. Шарттың мәнің әр түрлі болуы мүмкін. Тұтқын орнынан адамды немесе адамдар тобын босату, жұмысқа қайта қабылдауды талап ету, жеке адамның белгілі бір іс-әрекетті істеуін (қарызды кешіру, алған заттын қайтарып беру, қаражат беру тілегін қанағаттандыру т.б.) талап етулері болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған, есі дұрыс ккез келген адам. Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдана отырып;
г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды қолдана отырып;
д) пайдакүнемдік ниетімен немесе жалдау арқылы жасалған, ал осы баптың 3-тармағында: осы қылмыстың өте ауырлататын түрлері: ұйымдасқан топ немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет