С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Оныншы тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері. Терроризм (233-бап)



бет107/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   231
Оныншы тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар. Қоғамдық қауіпсіздікке жататын қылмыстардың нақты түрлері. Терроризм (233-бап)

Терроризм-қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі. Мұндай қылмыстар көп жағдайларда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда. Террорлық әрекеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктірген екі түрлі элемент бар.Оның бірінші терроризм-мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі-терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі- қоғамдық қауіпсіздігі қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері осы қылмыстың қосымша тікелей объектісі болады. Қылмыстық кодекстің 233-бабында көрсетілген қылмыс объективтік жағынан:



  1. адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау;

  2. аталған іс-әрекеттерді жасаймын деп қорқыту арқылы сипатталған.

Жарылыс жасау, өрт қоюдан басқа өзге де іс-әрекеттерге көліктердің апатқа ұшырауын, күйреуін, ғимараттардың, мәдени және діни құрылыстардың қиратылуын сондай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай-ақ радиоактивті, химиялық, бактериологиялық немесе басқадай жолмен уландыруды тарату, қоймаларға, тұрғын-жайларға, құрылыстарға, алаңдарға су жіберіп, толтыру сияқтылар жатады. Терроризмнің объективтік жағынан ерекшелік белгісі-осы баптың диспозициясында көрсетілген (қылмыс зардаптардың нақты орын алуы емес) зардаптардың болу қаупінің тудырылуы жеткілікті болып табылады. Яғни өрт қою, жарылыс жасау немесе өзге де әрекеттерді жүзеге асыру арқылы іс-әрекет істелгенімен, заңда көрсетілген зардап орын алмаса да, қылмыс аяқталған деп табылады, өйткені мұндай әрекет адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғам үшін қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін тікелей төндіріп тұр. Осыған байланысты қылмыс құрамы формальдық болып табылады. Субъективтік жағынан терроризм тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісіне заң-қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету арнаулы мақсатын қосып көрсеткен. Қылмыстың субъектісі-14-ке толған, есі дұрыс кез келген адам. Өзге де ауыр зардаптарға (абайсызда адам өлімінен басқа) екі немесе одан да көп адамның денсаулығына ауыр дене жарақатын келтіру, көп адамның денсаулығына орта дәрежелі жарақат салу, көлік құралдарының жұмысын ұзақ уақытқа тоқтату, жарылыс жасау немесе өрт қою арқылы құрылыстарды жою т.б. әрекеттер жатады). Абайсызда адам өліміне немесе басқа ауыр зардаптарға әкеп соққан терроризмнің субъективтік жағы кінәлының екі нысанымен сипатталады. Бұл ретте кінәлының істеген әрекеті-қасақаналық, ал одан болатын зардапқа қатынасы абайсыздық болады.
Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не ҚР мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дәл сол мақсатта оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасауі осы қылмыс құрамынан аса ауырлататын түрі болып табылады. Бұл тұрғыдағы қылмысты іс-әрекеттердің жәбірленушілері белгілі бір шешім қабылдауға ықпал ететін адамдар немесе мемлекет, қоғам қайраткерлері болады. Адамның белгілі бір шешім қабылдауға ықпалының болған, болмағаны нақты жағдайларға байланысты анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет