С. Т. Каргин педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата08.02.2017
өлшемі7,84 Mb.
#3671
1   2   3   4   5   6   7

Бірханның үйдсн 

шықпай қамалуы. 

Ақанның дала кезуі

Сурет 3 - сал-серілік дәстүрге жау болган соқы р сезімнің



көрсеткіші

Ж ердің асты

Мөдңдің

түрмеге


түсуі

- Шыдамсыз

- Қүдіреткв бөліну

- Жауыздық



- Көреалмаушылық

- Күдікшілдік

- Кекшілдік

-  Өзімшілдік

- Тәкаппарлық 

-  Өзі егін еклеген жерден өнім алу 

• Өзінің табысынан көп шығын

жасау

64


Табиғатынан  өнер  мен  ғылым  қумаған,  білімге  енжар,  марғау 

адамның  өмірдегі  бақытқа  қолы  жетуі  қиынның  қиыны.  Зерттеу 

еңбегіміздің 

барысында 

данышпандардың 

ой-тұжырымдарынан 

шығарған түйініміз -  соқыр  сезімнің  басымдығы.  Өнер  мен  ғылымды 

білім  мен  тәрбие  үрдісінде  жеңе  алмаған  адам  екендігі  байқалды. 

Соқыр  сезім  иелеріндегі  көсеткішті  біздер  №3  сурет  арқылы  ұсынып 

отырмыз.  Ол  қураған  ағашпен  тең.  Соқыр  сезімнің  көрсеткіштері: 

шыдамсыздық, 

билеп 


тұрған 

құдіретті 

бөліп 

алушылық, 



иемденушілік,  көреалмаушылық,  күншілдік, өзімшілдік,  өзіне-өзі  риза 

болмаушылығы,  өзі  еңбек  сіңірмеген жерден  өнім  алушылық.  Бұндай 

адамдар - өнер иелерін құндап,  оның қадірін білмейтіндер.  Біржанның 

үйінде  қамалуы,  балаларының  алдында  шарасыз  халі,  Мәдидің 

түрмеге түсуі, сегіз серінің бүгінге дейін беймәлім болуы,  Исаның қор 

болуы,  Әміренің  өнерін  өркендете  алмауы,  Ақанның  перінің  қызымен 

көңіл қосуы деген лақапқа, өсекке ұрынуы және т.б.

Біздің  ұсынып  отырған  «Сал-серілік  дәстүр  арқылы  тәрбие 

беруді  іске  асырудың  үлгісіне»  ғылыми  негіздеме  ретінде  Мәшһүр- 

Жүсіп  Көпеевтің  іліміндегі  өнерлі  адамның  ізгілікті  жан  үлгісін 

ұсынуды жөн көрдік.

ықылас

Жақсы -  гауһар 

сөз

шын  ниет

3. Қөз 

соңынан 

көңілді 

ергпеу

2. Нәпсіш

жеңуі

1. Көкіреп 

ояу (қүлағының 

естуі, көзінің көруі, 

миының парасаттануы)

4. Жанынын

ашуы

Сурет 4 - Мәшһүр-Жүсіп  Көпеевтің іліміндегі өнерлі адамның



ізгілікті жан сипаты

Бұл  үлгіде  Мәшһүр-Жүсіп  өнер  кеңістігіндегі  адамның  ізгілікті 

жан  ұстанымына  ынталануы  -   айқындалған  заңды  құбылыс  ретінде 

ұсынады.  Жалпы  ізгілікті  жанның  үлгісін  Мәшһүр-Жүсіп  «Жақсы  - 

гауһар  сөз»,  -  дегені  әннің  ішінде  сөздің  біліктілік  қуатынын,

65


тағылымдық  қарымының  ізплікп  ұстанымда  болуына  амал  жасайды. 

Өнер  иесін  Мәшһүр-Жүсіп  ықыласын  түзу жолын,  шын  ниетін,  оның 

жүртқа  таралуын  бақылап,  көз  соңынан 

, чңілді  ертпеуі,  не 

таңсыққойлыққа  жол  бермеу,  нәпсісін  жеңуіне,  көкірегінің  ояу 

болуына,  басқаға  ілтипатпен  ізет  көрсетуіне  ерік-жігерін  шыңдайтын 

мағынада деп түсінген.

Қорыта  келгенде,  сал-серілік  дәстүр  арқылы  тәрбие  беруді  іске 

асырудың  үлгісі  оқушылардың  табиғатпен  біртүтастық  сезімін 

үштауға,  білімнен  тағылымдық  алу  шеберлігін  шыңдауға  меңгерген 

өнерінен  рухани  қүндылықтарды  игеруіне  мүмкіндіктер  береді.  Бүл 

үлгіде  сал-серілік  өнер  арқылы тәрбие берудің  бүгінгі  мен жалғасуын 

ескеру  қажеттілігі  зерттеу барысында байқалды.  Мүнымен бірге оның 

қағидасын, 

адамның  өзін-өзі  тануын, 

рухани 


қүндылықтарды 

қалыптастыруын 

бір 

нәрсеге 


үнемі 

табынып 


қалмауын, 

адамгершілігінің биік болуын қамтамасыз етуіне рөлі ашылды.

Үлгіде аталған алты  қүрамнан шығарар қорытындымыз:

- Ежелгі дәстүр,  салт, әдет-ғүрыптардың жаңаруы;

- Халық санасында  сақталған  озықтық дәстүр,  салт-ғүрыптардың 

қайта жаңғырығуы;

- Сал-серілік өнердің түлға рухын көтеруі;

- Сал-серілік өнер арқылы тәрбие беру амалының сүрыпталуы;

Сал-серілік  өнер  арқылы  тәрбие  беруді  іске  асырудың  үлгісі

оның даму тарихына байланысты қүрылды.

«Сал-серілік  өнер  арқылы  тәрбие  беруді  іске  асырудың  үлгісін»

толыққанды  тәжірибеде  қолдану  мақсатында  біздер  өнер  іліміндегі

ізгілік  сипатымен  қүрдық.  Бүл  суретте  өнер  кеңістігіндегі  ізгіліктің 

таралымын аңғарту басымдықта.

66


Сал-серілік  дәстүр  арқы лы   этномәдени  тәрбие  беруді  іске 

асыру жолдары

2.1 


Сал-серілік  дәстүр  арқы лы   этномәдени  тәрбие  берудің 

қазіргі көрінісі мен жағдайы

Халық  педагогикасындағы  сал-серілік  дәстүрдің  этномәдени 

тәрбие  беру  процесінде  өнерлі  жастар  тәрбиелеуге  және  әрбір  қазақ 

өкілінің  өз тарихын  білуге  мүмкіндік  мол.  Дәстүрлі  мәдениет  жалпы 

үлттық  мүддеге  құрылғанда  ғана  әрбір  тұлға  өзінің  өркениетті  ел 

қатарына  қосылуына  саналы,  парасатты  іс-әрекет  тұрғысында 

қосылуына 

жағдай 

туады. 


Қазақ 

этномәдени 

тәрбие 

беру 


кеңістігіндегі  сал-серілік  дәстүрдің  ғылыми  негізін  зерттеудің  өзі 

алдымен «дәстүр» ұғымын анықтаумен сараланады.

Дәстүр  (лат.  Ігаііігіо  -   тапсыру,  жалғастыру)  тарих  барысында 

қалыптасып,  үрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  отыратын  әдет-ғүрыптар, 

салт-сана,  қоғамдық  тәртіп,  заң,  мұрат  пен  игілік,  мінез-құлықтар 

қалыптары  және  т.б.  қоғамда,  ұлтта  немесе  жекеленген  әлеумет

топтарда  ұзақ  уақыт  бойы  сақталатын  әлеуметтік  мәдени  мұра 

элементтері. 

Дәстүр 

мәдениеттің 



шығармашылық 

дамуымен 

байланысты 

прогрестік 

және 

өткен 


кезеңнің 

ескірген 

сарқыншақгарымен  байланысты  реакциялық  дәстүрлер  деп  бөлінеді. 

Ғылымда  дәстүр  -   білім  мен  зерттеу  әдістерінің  сабақтастығын, 

өнерде стиль, шеберлік сабақтастыгын білдіреді.

Дәстүр  -   ұлттық  ғұрып.  Халықтың  атадан  балаға  көшіп, 

жалғасып  және  дамып  отыратын  тарихи  әлеуметгік,  мәдени 

тұрмыстық,  кәсіптік салт-сана, әдет-ғұрып,  мінез-құлық, тәлім-тәрбие 

және рухани іс-әрекеттің көрінісі дәстұр арқылы танылады.

Дәстұр  -   мәдениеттіліктің  белгісі.  Дәстұр  байлығы  -   мәдениет 

байлығы.  Ол  -ел  өнерімен  біте  қайнасып  кеткен  рухани  байлық.  Бір 

таңғаларлық  жай  қазақ  халқы  салт  пен  дәстүрге  өте  бай.  Үлт 

дәстүрлерінің  заңдылық  ережелері  бұзылып,  сақталмауы  әдепсіздік 

пен берекесіздікке әкеп соқтырады.

Дәстұр рухани іс-әрекет көрінісі болып табылады.

Қазіргі  қоғамдық  дамуда,  біздің  елімізде  қанатын  жайған 

ғаламдық  қатынастардың  өркендеп  дамуы, 

қоғамның  әртүрлі 

салаларындағы  реформалар,  өркениетті,  дамыған  елдердің  қатарына 

қосылу жолында ғасырлар бойы  сүрыпталған дәстүрлі  мәдениетімізді 

және  рухани  құндылықтарымызды  ескермесек,  ұлттық  төлтума 

мәдениетімізден 

айырылып 

қалуымызға 

ұрындырары 

мүмкін. 


Мәдениет  мәселесі  әр  кезеңдерде  ой  толғағына  салынып,  зерделеніп, 

өз  заманына  сәйкес  бағасын  алып  отырған.  Олай  болса,  мәдениеттің

67


озық  үлгілері  қай  кезеңде  болмасын  біртүтас  адамзаттық  мәдениетті 

қалыптастыруда  басты  бағыт-бағдар  болған.  Осылардың  нәтижесінде 

дәстүрлі  мәдениеттің үдерістері  аясында әлемдік мәдени жаңғырудын 

өзі  де  жаңаша  сипатқа  ие  болып,  жаңа  сапалы  жүйе  —  «жалпы 

адамзаттық мәдениет» қалыптасуда.

Соңғы  уақытта  түбегейлі  өзгерістерге  байланысты  әлемдік 

мәдениетпен  қатар  үлттық  мәдениетке  де  жаңаша  көзқараспен

қараудың  қажеттіп  аиқындалып,  тарихи-мәдени  үдерістерді  зерттеу 

барысында  қазақтың  дәстүрлі  мәдениетіне  байланысты  қарастыру 

қажеттілігі туындайды.

Әрине,  мәдениетке  келетін  болсақ,  ол  халықтың  ежелден 

жалғасып 

келе 

жатқан 


өзіне 

тән 


салт-дәстүрі, 

әдет-ғүрпы, 

дүниетанымы  есебінде  қалыптасып  жетіліп  отыратыны  белгілі. 

Сонымен бірге,  қазақ дәстүрлерін әлемдік философия аясында қарау -  

бүл  категорияның  мән-маңызын  тереңірек  үғынуға  қазақ  халқының 

тарихы  мен  мәдениетіне  сай  оларға  тән  ерекшеліктерді,  айшықтай 

түсуге, 

сөйтіп 


қазақтың 

рухани 


дүниесін, 

мақсат-мүратын, 

адамгершілік  болмысын  бүкіл  адамзаттық  өркениет  түрғысынан 

зерделеуге мүмкіндік ашады.

Тарихи  дамуда  этномәдени  дәстүрлер  де  өзгеріп  отырады.  Сол

себепті  бүгінгі  таңда  қазақтың  мәдени  дәстүрлерін,  этностық

сәйкестіктердің  оның  мәдениеттанулық  негізін  дүрыс  көрсете  танып

білуге,  мәдени  дәстүрлерді  жинақтап,  зерделі  зерттеудің  маңызы

артып,  жастарды  сол  ұлттьщ  салт-дәстүрдің  негізінде  тәрбиелеудің

қажетпгі  өсіп  отыр.  Оның  үстіне,  өткен  үрпақтың  бай  тарихы  мен

мәдениетіне  тереңірек,  жан-жақты  көз  жібергенде  байқалатын  ақиқат

-  


мақсат 

мүдделер 

және 

қажеттіліктер 



мен 

мүмкіндіктерді

қалыптастыруға  барынша  ықпал  етіп,  әлемдік  өркениетке  жету  мен

халықтардың  материалдық  рухани  аксиологиялық  қатынастарын 

жасауда қозғаушы күш болып отыр.

Халқымыздың  сан  ғасырларға  созылған  сал-серілік  дәстүрінің

өзіндік  рухани  тарихы,  тағылымы,  ой-пікірі,  қорытынды  түйіні

болады.  Қазақ халқының  сал-серілік дәстүрі,  ұлттық өнегесі  ғасырлар

қойнауынан  бастау  алады,  осыған  орай  бүгінгі  таңда  мәдениеттің

тарихи  қозғалысын,  заңдылық ерекшеліктерін,  жаһандық  мәселелерін

танып  білудің  маңызы  артып  отыр.  Күн  санап  халқымыздың дәстүрлі

құндылықтарына,  олардың  қайнар  бастауларын  тануға  деген  ықылас 

өсіп келеді.

Үрпақтан  ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  қазақ  халқының  сал- 

серілік  дәстүрлерінің  ғасырлар  сынынан  еленіп,  бүгінгі  таңға  дейін 

жетуі,  жетілуі  оның  өміршеңдігін,  мәдениетгегі  өзіндік  орнын

68


қажетгіліпн 

аиқындап 

тұр. 

Ендігі 


жерде 

осы 


мұралардын 

кұндылығын  артгыру,  дәстүр  сабақтастығын  жалғастыру,  ғаламдык 

мөселелерді  шешу,  оған  дәнекер  болу  әрбір  ұлтгық  мәдениетке 

көзінің  қарашығындай  қамқорлық  жасау  зиялы  қауымның  парызы. 

Сал-серілік  дөстұрлері  -   оның  этностық  ерекшелігі,  ұлттык  карым- 

қатынастары  мен  өзіндік  сәйкестігімен  халықгың  салт-дәстүрімен 

бітім  болмысымен  біте  қайнасып  келе  жатқан,  әсіресе,  қазақтың 

рухани  болмысы  мен  мәдени  талғампаздығын  танытатын  ерекше  бір 

құбылыс.  Оны  естен  шығару,  ұмыту  мүмкін  емес,  ендеше  оны  қайта 

жаңғырту,  бүгінгі  таңда  ұлттық  мәдениетте  алатын  орнын  белгілеу, 

өмірге  іс  жүзінде  енгізу  аса  қажет.  Ұлттық  құндылықтар  деңгейін 

жоғары  кетеріп,  адамзаттық  құндылықтар  қатарына  қосу,  теңестіру 

біздің 

баршамыздың 



да 

басты 


тілегіміз 

болса 


керек. 

Бар 


күндылықтарды сырттан іздемей, оны өзіміздің асыл мүраларымыздан 

іздеу орынды.

Егерде  қоғамның  барлық  салалары  түбегейлі  өзгерістерге 

ұшырап,  әлеуметтік тарнсформация  процестері  белсенді  жүріп  жатса, 

онда  идентификация  мәселесі  туа  бастайды.  Бұл  ретте  біздің  діліміз 

деңгейінде  ғылыми  салыстырудың  маңызы  зор.  Олай  болмағанда 

бұрынғы  күнделікті,  жат  емес  реальды  дүние  дағдарысқа  үшырайды, 

бүрынғы  аксиологиялық  құндылықтар  жүйесі,  моральдық  нормалар, 

жеке пенде мен бүкіл қоғамның мінез-құлықтық ережелері  мен бағыт- 

бағдарлары құлдырай бастайды.

Идеологияның,  руханилықтық,  адам  және  қоғам  онтологиялық 

болмысының  иедеялық  негіздерінің  құлдырауы  өз  кезінде  дүниеге 

көзқарастың  гносеологиялық негіздерінің күрт  озгеруіне,  оны  жаңаша 

қарастыруға  әкеп  соғады.  Бұрынғы  әлеуметтік  институттардың 

қызметі 

тоқгап, 


қалыптасқан 

мәдени 


түсінбеушілік 

хаосқа, 


тұрақсыздыққа, басқа да көлеңкелі көріністерге әкеледі.  Бұрын болған 

этномәдениет  жоғала  бастайды,  бұл,  ең  алдымен,  мәдени  жүйенің 

құлдырауы  арқылы,  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дәстүрлердің,  өмір 

сүру салтгарының,  әмірлік стильдермен формалардың күйреуі  арқылы 

көрініс  табады.  Бұрынғы  мәдениеттің  күйреуі  (жоғарыда  көрсетілген 

мағынасында) субъективті заманның ақыры ретінде қабылданады.

Этномәдениетті ң күйре)пі:

1)  Дүниенің  бұрынғы  үйреншікті  бейнесінің  күйреуі,  жеке 

даралық  және  топтық  деңгейде,  сол  секілді  бүкіл  қоғам  деңгейінде 

теңестіруден  айырылып  қалу;  Адам  дүниені,  ал  дүние  адамды 

танымай  бастайды  (отырықшылық,  отарлау  саясаты  сал-серілік 

дәстүрді жойды);

2)  Бұрынғыдан  айрылған  адам  мәдени  дамудың  жаңа  үлгілерін

69


іздей  бастайды.  Жаңа  мәдениет  тез  арада  бұрынғы  дүниені  тұтастай

сапаға ауысуы);

дәстүрдің

реакциясы  (жауабы)  адамның  мүдделері 

:  болатындай  өзін-өзі  үстаү  кабілетінен

қалуы,  оның  ұлттық  болмыстан  алшақтану

соғады.

яғни  адамның  әрекеттерін



жауап қайтармайтынын көріп, түсінеді.

«Этнос» деген ұғым тілі бір салыстырмалы түрде тұрақты мәдени 

және  психика  ерекшеліктері  ортақ,  сондай-ақ,  жалпы  өзіндік  атауы 

бар  тарихи  қалыптасқан  адамдардың  тұрақты  жиынтығы.  Этностық 

өзара  қарым-қатынаста  мәдени  дәстүрлер  екшеліп,  сараланады. 

Соның  бүпнгі  таңға  дейін  тәрбие  беру  іс-әрекетіне  қатысты  жіті 

зерделенбей  келе  жатқаны  сал-серілік  дәстүрі  демекпіз.  «Мәдениет» 

адам  болмысының  хайуандық  өмірден  өзғешелігін  сипаттайтын 

адамзаттық  мазмұнды  жүзеге  асырумен  байланысты,  қоғам  өмірінің 

аса  маңызды  аспектісі  ретінде  қарастырыла  бастады.  Этнопедагогика 

теориясындағы  аса  маңызды  проблемалардың  бірі  —  қоғам  және 

мәдениет  ұғымдарын  ижырату.  Мәдениет  және  қоғам  тепе-тең  емес. 

«Мәдениет»  әлеумеітік  өмірдің  барлық  қырлары  мен  сырларын

әлеуметгік

жүзеге

тәрбие  беруді  трансформациялау,  яғни  бар  ақпаратты  тығыздау,



сығымдау, түйіндеу үдерістері белсенді жүре бастады.

Жігітке  кедейшілік  ол  -   сергелдең.  Кедейшілікті  басынан 

өткерген  Біржан  сал  (1834-1897  ж.):  «Шешеннің  сөз  шығады 

таңдайынан,  Жүмақтың  бізге  мекен  қандайынан?»,  -   деп,  өзіне  жан 

серік  санайтын  атын  баптап,  өлең-жырымен  елге  қуаныш  сыйлап, 

өзінің де өмір сүру қамын сол харакетімен шешіп отырғанға саяды. 

Біржан салдық өнердің рухани күшін сезбейтіндерге:

«Баласы  Қожағұлдың Біржан салмын,

Адамға зияным жоқ жүрген жанмын.

Қасыңа мені  сендер неге алмайсың,

Өзім  сүңқар,  өзім  сал,  кімге  зармын»,  -   деп,  салдық  дәстүрдің 

өміршеңдігін, оның рухани деңгейінің кеңдігін түсіндіреді.

Біржан  салдың  бізге  жеткен  өлеңдерінде  бай  мен  кедейге

қатысты  ой-пікірінен  гөрі  оның  салдық  өнерін  жете  бағалай  алмаған

ортаның  іс-әрекетін  байқаймыз.  Оған  рухани  сезімге  байлығы  өзін 

ешкімнен  кем түсірмейтін ойын:

«...Басымнан дұшпан сөзі  асып кетсе

70


Сен  түгіл,  патшаға  да  бас  үрмаймын»,  -  деген  өлең  жолдарынан

анғарамыз.

Ортасынан озық туған Біржан салдың емін-еркін салдық қүруына 

тыйым  жасау  -  сол  кездегі  саяси  ағымның  тегеуріні.  Бүл  ойды 

А.Жүбановтың  пікірімен  дәлелдеу  орынды:  «Жасынан  сыртына  көп 

қарайтын,  әдемі  киімді,  жүйрік  атты,  алғыр  тазыны,  қыран  қүсты 

әңгіме еткен жер болса аузының  суы  қүрып, тыңдап  отыра  береді.  Өзі 

де - бүл қызығының соңынан ерте түседі».

Біржанның  салдық  қүрған  уақыты,  заманы  оның  өнеріне  қарсы 

саясат  үстанатын  кеңістік  кезең  екені  бүгін  де  баршамызға  аян. 

Басында  өзінің  төл  туыстары  Біржанның  салдық  құруына  қарсы 

болмай,  керісінше,  мақтан  тұтып,  оған  тыйым  салмаған.  Біржан  орта 

жастан  асқан  шағында  шаруамен  ісі  болмағаны  жақын-жуықтарын 

алаңдатады.  Біржанның  сауық,  ән  қуып,  өзінің  шаңырағындағы  іспен 

шұғылданбауы, 

балаларына 

қамқор 

әке 


бола 

алмағаны 

маңындағыларға  ұнамайды.  Көшпелі  тұрмыстан  отырықшылыққа 

көшкен  тұста  туыстарының,  көптеген  адамдардың  салдық  өнерге 

көзқарастары басқаша бола бастады.  Оған  Ресей  патшасының саясаты 

бодандағы  қазақ  халқының  салдық  өнерін  тұмшалап,  өрістеуіне 

мүмкіндік бермеуі басты себеп болды.

АЖұбанов  Біржан  жайлы  жағымды,  ғылыми  негізде  құрылған 

төмендегідей тұжырымдарды ұсынады:

1.  Басында  ауыл  арасында  болып  жататын  той-топырда, 

ойындарда

ән  салып,  өзінің  өсіп-өнген  өңірінде  Біржанның  «әнші  бала» 

атанып, бері келе «әншілік құлаш» жаяды;

2. Біржан ауыл шеңберінен шығып, қалың елді аралап кетеді;

3. Әдемі ер-тоқымды ат, әшекейлі  киім,  күміс  көмей  әуен,  көркем 

келбет - жүрген жерінің бәрінде Біржанның қадірін көтереді;

4.  Сөзден кесте тігетін біріншісі -  жаныңды жайлайтын  ақындық, 

екіншісі  —  айызыңды  қаңдыратын  жібек  үн,  үшіншісі  -   дарынды

орындаушылық;

5.  Біржан бұл бакытты бағалай біледі;

6.  Өзін  сүйген  халқына  өнерін  жаюдың  жолы  -   аралау,  жаңа 

болса үйрену, орындаушылық шеберлігін ұстарту.

А.Жұбановтың  бұл  алты  тұжырымы  -   Біржанның  салдық 

дәстүрін  айқындайтын  факторлар.  Осы  факторлардан  салдық  өнердің 

даму  қарқыны  Біржанның  бала  кезінен  есейіп,  толыққандық  санатқа 

қосылғанға  дейінгі  шағын  қамтитыны  байқалады.  Салдық  дәстүрдің 

өзіне  тән  бірінші  ерекшелігі  -  елдің  алдында  өнер  иесінің  айрықша 

беделінің болуы; екінші  ерекшелігі - сөзден  кесте тігетін ақын, үшінші

71


-   жаныңды  жаилаитын  жіоек  үн,  аиызыңды  қандыратын  әуезді  ән, 

дарынды 


орындаушылық 

(А.Жұбанов 

терминімен); 

төртінші 

ерекшелігі -  салдың өзі  бұл өнерін бақытқа балай алуы.

Қорыта  келгенде,  біздер  ерекшелік  көрсеткіштерін  жоғарыда 

берілген  төрт  ой-тұйіндермен  топтастырдық.  Бұл  төрт  ой-түйіндер 

А.Жұбановтың  аталған  алты  тұжырымдарынан туындады.  А.Жұбанов

ыржанның  өнері  жаилы  пікір  түзгенде,  тек  салдық  дәстүріне 

тоқталмай,  онымен  бірге  әншілік,  ақындық  өнерінде  қамтып  айтады. 

Соган  қарағанда  салдық  құратын  тұлға  міндетті  түрде  әнші,  ақын, 

орындаушылық дарынмен қарулануы тиіс деп ойлаймыз.

Халық  санасынан  өшіп  бара  жатқан  салдық  дәстүрдің  ел  есінде 

бұрыннан  бекіп  қалған  дағдыны  аңғарту  мақсатында  А.Жұбанов 

Біржанның  Ақтентек  деген  байдың  үйіне  төтесінен,  тосыннан 

келгенін  әңгімелейді.  Ақтентек  Біржанды  жыға  танымаса  да,  оның 

киімі  мен  атының  ер-тоқымынан,  домбырасынан  бұл  жолаушының 

жай  адам  емес  екенін  сезіп,  бәйбішесіне  дұрыстап  қалау  етуді 

өтінгеніне 

ерекше 


мән 

беріп, 


баян 

етеді. 


Бұл 

құбылыстан 

аңғаратынымыз,  келген қонаққа бұрынғы заман  қазақтарындай  құлаш 

жая  қарсы  алатындардың саны мүлдем азайғанын,  салдық өнердің бар 

екенін, тіпті,  Біржан өмір сүрген кезде де білмейтіндердің бар екендігі 

аңғарылады.  Бұдан  шығар  қорытынды  -  бір  кездегі  ел  ішінде  қанат 

жайған  дәстүрлі 

салдық  өнер  көптеген 

адамдарға  беймәлім 

болғандығы.  Байқап  отырғанымыздай,  салдың  жүйрік  аты,  сөнді 

киімі, ер-тұрманы, төңірегінде шашбауын көтеретін адамдары болады. 

Әкінішке  орай,  көптеген  зерттеу  еңбектерінде  Біржан  жайлы  ой- 

түйіндер таптық  сипат тұрғысында қарастырылған.  Біздің  еңбегімізге 

қозғаушы  күш  болып,  ой  түрткінің  тірек  көздеріне  айналған 

А.Жұбанов  өз  еңбектерінде  бүгінгі  дүниетанымға  қайшы  келерлік 

мәселелерді  аитқан.  Оған  мына  бір  жолдар  дәлел:  «...бері  келе  әкесі 

Тұрлыбайдың  қолына  шығады.  Тұрлыбай  дәулет  жағынан  ғана 

шамалы  болмай,  ақылға да  аса жарымайды.  Өнермен  ісі  жоқ.  Малдан 

басқаны түсіне қоймайды.  Біржан бір өлеңінде:

«...Үсынсам қолым жетпес туған айға,

Айтсам да арыз жетпес бір құдайға,

Жылына бес жүз теңге тапсам-дағы,

Жақпадым  өзім әкем Тұрлыбайға...», -  дейді.

Ел аралап жүріп, берген сый-сияпатты тастай берсін бе, солардың 

жылдық  қорытындысы  біреу  болса  керек.  Бірақ  тоқтамы  жоқ 

Тұрлыбай  оның  бәріне  де  қанағаттанбай:  Біржанның  көркем  жанын 

түсінбей,  тек  «мал  табушы  ұл»  деп  қарайды».  Міне,  бұл  талдаудан 

байқағанымыз  не?  Ол  әкесі  Тұрлығұлдың  тоғышарлығы  мен



кедейлігінен  Біржанды  салдық  өмірден  мал  табуға  бағытгағандай 

көрінуі.  Ал  Біржанның  шындығында  ондай  рөл  атқармағаны  жайлы

А.Жұбанов  анық  түсінік  беріп  тұр.  Біржанның  салдық  дәстүріне 

аталған  қүбылыстың  қатысы  жоқ  демекпіз.  Жалпы  Біржанның 

өмірбаяны,  ғүмырнамасы  әлі  де  болсын  нақтылауды  қажетсінеді, 

бірақ,  бүл  факті  де біздің зерттеу еңбегіміздің  мақсатын  ашуға  септігі 

шамалы.  Аталған  ойды  одан  әрі  дәлелдей  түсерімізге  тағы  бір 

дәйектеме бар. Ол: «Ал Біржанның әкесінің кедейлігін:

«...Жылқының арығындай Арғын-кедей,

Тойғансың мәз боласың ішпей-жемей,

Құр айқай салғаныңнан кім шопшды

Жеңермін итгей қылып,  адам демей...»,-

деп  Сара  ақын  айтыс  үстінде  Біржанның  кедейлігін  бетіне 

басады».


Салдық  өнер  мен  Біржанның  кедей,  не  кедей  емес  деген 

тұжырым  -бағамдар  бір-біріне  ай  мен  күндей  қабыспайтын  құбылыс. 

Салдық құру - бойын кернеген  өнерін  ел  ішіне іркілмей  таратудың  іс- 

харакеті.  Бұндай  өнер адамдардың - тұрмыстың құлы болудан  жоғары 

нысанасы.

Тәттімбет  оның  есімі  XX  ғасырдың  басында  ұлы  Сарыарқаның 

әр тұрғынына  мәлім,  ал  оған  деген  махаббат  пен  сый-қүрмет  шексіз 

болатын.  Кейінірек  саясаттың  және  идеологиялық  түрғыдан  оның 

есімі бұрынғы ұлылардың арасынан өз орнын тапты.  Біржан,  сонымен 

бірге Тәттімбет жан - жақты талант иесі  болған және халықта сал  мен 

сері  деп  аталған.  Дәстүрлі  мәдениет  иегері  қатарына  жатқан.  Оларға 

әрдайым  ортада  болу  маскарадтық  театрлық  белгіленген  дәстүрді 

орындамау  сияқты  белгілер тән  болған.  Бұл  музыканттар  бір  тұлғаға 

әншілерді,  композиторларды,  әртістерді,  сиқыршыларды,  бишілерді 

біріктірген.  Олар  жастардың  арасында  топпен  ауылдар  кезіп  және 

әрдайым  той  думанның  басында  жүрген.  Ғылыми  әдебиеттерде  сал 

мен  серілер  туралы  бірнеше  ұғымды  біз  А.В.Затаевичтің  қазақ 

халқының  1000  әндер  атты  жинағынан  көреміз.  Ол  былай  жазған: 

«Сал  -  бұл  эксцентрлік,  яғни  серілігімен  ештеңеге  қарамастан  топтан 

ерекшеленетін  адам».  Салдар арасындағы  бақталастық туралы  жалған 

сөздер  аз  емес,  кей  салдар  қазақтар  бас  киімін  әсемдейтін  үкіні 

қойнына  салып  жүрсе,  кейбірі  тыр  жалаңаш  ауылдар  кезіп  те  кетеді 

екен.  Кім  білсін  ондай  батыл  іске  баруы  да  мүмкін.  Бірақ,  бүл  сөздер 

бақсыларға қатысты жиі айтылады.

Қазақ  ортасында  салдар  талғаммен  киінген.  Салдарға  қазірге

дейін қазақ зиялылары  құрметпен қарайды.

Қалың  қазақ  ортасында  олар  жоғары  сатыдағы  адамдар  ретінде

73


сақталған,  олардың  арасында  қабілеті  зор  адамдар  көп  болған. 

Мысалы,  әйгілі  әншілер,  спортшылар,  мықты  аңшылар  жөне  т.б. 

Оларға  белгілі  дәрежеде  серілер  типі  қосылады.  Сал  мен  серілер 

туралы  ыстық  сезіммен,  махаббатпен  А.К.Жұбанов  Тәтгімбетті  сері 

дей  отырып,  зерттеуші  бұған  дала  әртісі  деп  сілтеме  жасайды.  Ол: 

«ғалым  мен  сал-серілер  нағыз  өнер  адамдары  болған  және  олар  өмір 

бойы  өздерін  сахнада жүргендей  сезінеді», — деп жазады.  Бірақ,  қайта 

өрлеу  қоғамның  жеке  салаларында,  әсіресе,  қалалық  ортада  сал  мен 

серілер  іс-әрекеті,  олардың  қоғамдағы  дәрежесі  ұмытыла  бастады. 

Бұған  жауап  секілді  бұлар  жайында  ғылыми  зерттеулер  шыға 

бастайды.

1957  ж.  Е.Ысмайловтың  «Ақындар»  атгы  зерттемесі  емірге 

келеді.  Онда  сал-серілер  таланты  туралы  айтылады.  Сонымен  қатар, 

оқырмандарды олардың ерекшеліктерімен таныстырады.

Сыкақтық 

серілердің 

қайырымдылыгы, 

олардың 


шығармасындағы 

ғашықтық 

тақырыбының 

өріс 


алуы 

т.б. 


зерттеушілердің  ескертулері  бойынша,  сал  мен  серілер  ешкімнің  қол 

астында  болмаған  және  жол  жүруге  арналған  он  шақты  жылқысы 

болған.  Бірақ,  сал  мен  серілердің  әлеуметгік  дәрежесі  туралы  мәселе 

анықтауды  қажет етеді.

А.В.Затаевичтің  ағ.туы  бойынша,  феодалдық  ортаға  тек  серілер 

жатқан;  салдар материилдық жағдайына қатысты  емес  атағы  бойынша 

қаланған немесе бұл талант ата-бабасынан берілді ме? Сонымен қатар, 

зерттеуші  берген  әуенші  -  ақындар  термині  күдік  тудырады.  Ол  сал 

мен  серілер  іс-әрекетінің  әрісін  құрады.  Сал  мен  серілерге  өте  дәл 

және  колемді  мағынаны  Ә.Марғұлан  береді.  Егер  минезингерлер,  — 

Деп  жазады  ол,  — негізінен  патша  әншілері  болса,  онда  қазақ  сал  мен 

ақындарды 

табиғатынан 

батыс 


Еуропа 

елдерінің 

славяндық 

әншілеріне  жақынырақ  болған.  Бүгінгі  күнде  толығырақ  зертгеу 

Е-Тұрсынов  жасаған.  Ол  сал  мен  серілер  өнері  іс-әрекетінің 

сипаттамасы  ғана  емес,  бұл  типтердің  қоғамда  қалыптасуы  және 

пайда  болуы,  өмір  сүру  ерекшеліктерін  ашық  айтқан.  Оның 

пайымдауы  бойынша  сал  мен  серілер  типі  жоғары  әлеуметтік 

дәрежесімен  ерекшеленетін  әскери  ұйымдар  негізінен  туған,  бұл 

қасиеттер  оларға  бөлінбес  бірлікте  болған.  Әлемдік  ғайыптар 

поэзиясында  әйел  сұлулығы  әрдайым  әскери  эпитет  арқылы 

суреттелген.  Қастары  пияз  секілді  қайырылған,  кірпіктері  садақ 

секілді  сенің сүлулығың жүрегімді жаулап алды қылықты сұлу т.б.

Көптеген  елдерде  көркем  талантымен  қатар  сүйе  білу  және 

шеберлік  жоғары  бағаланған.  Бұл  туралы  тек  шығыс  елдері 

поэзиясынан  көруге  болады.  Бұдан  сал  мен  серілер неге  қауіп-қатерге

74


жол  бергені  түсінікті.  Олар  шабуыл  кезінде  қарсыласының  көзіне

түсетін  ашық түсті  киіммен  әскеридің алдында жүрген.  Бейбіт өмірде

де олар өлімнен жоғары тұрғандай.  Мысалы:  бір аңызда үлкен ыдысқа 

шикі май қойылған, ол оны жерде жеп қойған.

Е.Түрсыновтың  аитуы  боиынша  ақсақал,  би,  сүлтандардан  биік 

құрметп  орынды  иеленеді.  Сал  мен  серілер  қоғамда  жастар 

мәдениетін  анықтау  үшін  тағайындалған.  Олардың,  өнері  мен  емірі, 

стилі  жастар  бірлестігімен  қалыптасқан.  Сондықтан,  олар  тек  осы 

жас  топтардың  «қызығушылығын»  айқындады.  Сал  мен 

серілердің атқаратын міндеп тек көңіл көтеруге тірелген жоқ.  Ер жету 

кезі  өр  адам  өмірінің  маңызды  кезеңі  болғандықган,  олардың  екінші 

іс-әрекеті  тәрбиелеу  болып  табылады.  Жазушы  М.Мағауиның  «Көк 

балақ»  повесінде Айхан сал мен оның серіктерінің сыртқы  бейнесі,  ел 

алдындағы  қойылымдары  туралы  ашық  айтылады.  Повесте  сал  енері 

табынушылық  оған  деген  шексіз  құрмет  туралы  оның  таланты  тек 

әртіс  және  ақын  орындаушы  (домбырашы,  қобызшы,  сыбызғышы, 

ешш)  репнде  емес,  сонымен  қатар,  биші,  шаман  бақсы  болғаны 

айтылады. Сонымен сал мен серілер туралы әдебиетгерді  оқи отырып, 

оларды 

тек 


әнші 

ақын, 


термешімен 

тіпті 


европалық 

композиторлармен  шектеуге  болмайды.  М.Мағауин  повесінде  Айхан 

сал сияқты кептеген сал мен серілер ез шығармаларын жазбай-ақ емір 

мен 


енер 

шекарасында 

жүрген. 

Бірақ 


сал 

мен 


серілер 

шығармашылығының  аз  зерттелгеніне  байланысты  бірнеше  сұрақ 

тудырады.  Бұларды  емірге  шақырған  әлеуметтік  талаптың  бірінші 

себебі  неде?  Қоғамда  сал  мен  серілер  релі  неде  және  олар  қандай, 

елеуметгік  және  ритуалдық  тапсырмаларды  орындаған?  Осыларға 

қысқаша жауап  беріп  етейік.  Сал  мен  серілердің  әртістігі  ойын,  стиль 

енерінің  ғашық  тақырыбы  белгілі  аудиторияға,  яғни  жастарға 

бағытталған.  Расында  кептеген  аңыздарда  салдар  ауылға  келісімен 

аттан құлап  немесе жүгіріп келіп,  қонақ киіз үйінде  отырған.  Олардан 

етігін шешкен  кезде сыйлықтар түсегін.  Сал мен  серілер  іс-әрекетінде 

аспапқа  тірі  зат  сияқты  қарау  тән  болған.  Бұл  туралы  қазақ 

домбырасының  беліктері  атауынан  байқауға  болады.  «Мойын», 

«кеуде»,  «қақпақ»,  «бет»,  «алақан»  бұл  терминдер  адам  мүшесі  мен 

байланысты түрлері  болған.  Бүйірлі  домбыра,  сауырлы  домбыра,  күй 

домбырасы  деп  аталган.  Осылай  аспаптардың  пішіндері  сал  мен 

серілердің  ғашықтық  тақырыбында  орындайтын  әуендерінде  тура 

қатысты  болатын.  Күйлерді  орындау  шеберлігі  аспапта  ғана  ойнау 

емес,  аспаптың  езімен  ойнау.  Ойнау  сезі  бірнеше  магыналық  мәнді 

болып  келеді.  Балалар  ойынынан  басқа  бұл  сез  әсері  енермен 

байланысты  болуы  мүмкін.  Жауға  от  ойнату,  домбыра  ойнап  жіберу,



кыз ойнақ және т.б.

Бұған  қырғыз  күйі  «Ақ  талақ»  -  «Көк  талақ»  деп  аталатын  қыз 

бен  жігіт  ойынын  мадақгайтын  күй.  Мысалы:  аңыздарға  қарағанда 

қызбен  тартыста  Тәттімбет  жеңісте  жол  бермеген.  Башпайларымен 

күй  ойнаған  тәсіл  Тәттімбеттің  қарсыласына  жеңілгенін  мойындату 

үшін қажет болды.  Көп көзінше әйелдерге шешінуге тыйым салынған. 

Бірақ,  тартыстарда  жеңілгенмен  қыздарды  салт-дәстүрден  аспау  - 

әдептен  оздырмайды.  Сал  мен  серілерге  жоғары  көркем  әртістік  бай 

музыкалық-поэтикалық  орындаушылық  және  композиторлық  талант 

тән.  Сал  мен  серілердің  әргістігі  мен  сықақшылдығы,  яғни  өзге 

әлемге  саяхат,  рухтармен  сөйлесу  және  олардың  бейнесіне  ену  бәрі 

әргіс  рөлін  еске  түсіру.  Бір  аңызда  Тәттімбет  жалғыз  баласы  өлген 

шалдың 

қайғысын 



жеңілдету 

мақсатымен 

оны 

киіз 


үйдің 

табалдырығына  отырғызып,  күй  тартқызған.  Үйдің  табалдырығы 

қасиетп  деп  саналған,  өзінің  мәдениел  және  біреудің  жат  әлемнің 

шекарасы  сияқты.  Басқа  мәдениетті  бұзбас  үшін  табалдырықган 

аттауға  болмайтын.  Бұған  тек  өзі  және  жат  әлемде  бірдей  жақсы 

бейімделген  адамдар  ғана  баратын.  Сал  мен  серілерге  берілген 

тәртіптерді  орындамау  тән  еді.  Бұл  оларды  шамандық  тәжірибеден 

келе  жеткен  әлеуметгік  жоғарғы  сатысына  көтерді.  Екі  әлемнің,

ортасында  жүру,  ягни  олар  тәңірмен  әруақтарға  жақындаған  діни 

магиялық адамдар болды.

Қорыта  айтсақ,  сал  мен  серілік  өнер  жайлы  бір  байыпты

қорытынды 

шығару  қиын.  Себебі  сал  мен  серіліктің  басты

айырмашылығын 

зертгеушілер 

ажыратып, 

әрқайсысының

өлшемдіктері  мен  көрсеткіштерін,  деңгейліктерін  жеке-жеке  жіктеп

бермеген.  Сондықтан,  екі  багытга  ұстанған  өнер  адамдарының

көздеген  мақсат-мүддесін  апшп  беру  мәртебесіне  біз  де  жете  алмай

отырмыз.  Десек  те,  постсоветтік  кеңістік  пен  уақытгағы  саяси

дүниетаныммен  байыптап,  сараптап  зерггеген  ғалымдар  қазақ

ортасында  барынша  кең  өріс  ала  алмаған  «сал  мен  серілер,  ақсүйек

балалары»,  «жалаңаш  жүруге  батылдығы  жеткен»  және  т.б.  ойға

калыпсыз  түжырымдар  жасаған.  Әрине,  бүл  ретте  кейбір  фактілердің

кездесуі  мүмкін,  бірақ  сал  мен  серінің  басты  айырмашылық

өлшемдіктеріне  жоғарыда  берілген тұжырымды тіректік үғым  ретінде 

ала алмаймыз.

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін  алғаннан  бері  бүкіл 

халқымыздың  тәрбие  мен  өнер  саласындағы  бұрынғы  тағылымдық 

мәселелерді  зерделеу  басымдық  рөлде  болып  отыр.  Салдық  өнердің 

атауын  шығару  қандай  қиындық  тудырса,  серілік  өнер  иелеріне 

гылыми  сипат  беру  де  оңай  емес.  Десек  те,  «сері»  деген  ұғым  нені

76


аңғартады  дегенге  жауап  іздеу  орынды.  Ақан  сері  жайлы  зертгеу

субъектілерінде, 

монографияларда, 

ғылыми 


мақалаларда 

ой-


тұжырымдар  өкінішке  орай,  көбінесе  Құлагер  өлімі  мен  Ақтоқтыға

қатысты 


болып 

келеді. 


А.Жұбановтың 

зертеулерінде 

Ақан

Қорамсаұлының  кіппсентай  бала  кезінен  зеректігімен,  әр  нәрсеге



әуестігімен  көзге  тұскені  айтылады.  А.Жұбанов  Ақанның  ескіше

оқуынан  гөрі  орысша  оқудан  дүние  тануы  тереңдей  тұсті  деген  ой-

пікірін білдіреді.  Зерттеуші  Ақанды  шаруаға  кем,  дүние  қызығын  қуу

жолына  түскен  адам  ретінде  танытуы  кеңестік  тоталитаризм  ықпалы

деп  ойлаймыз.  Сөйтіп,  болашақ  серінің  шілдехана,  алтыбақан,  ойын-

той  қуғанын  баса  айтып,  әдемі  бойының,  жақсы  дауысының  оған

үндестікте  келуіне  тоқталып  өткен.  Әрине,  А.Жүбанов  өмір  сүрген

қоғам  серілік  өнеріне  ғылыми  пайым  жасамайды.  Ол  туралы  ойын

аудитория  талғамына  ұсынады.  Жоғарыдағы  талдау  -  сараптау

арқылы  шығарар қорытындымыз:  Ақан  серінің ақындық өнері  туралы

ғылыми  түжырымдардың  басым  болуы; 

Серілік  болмысының 

бимәлімдігі.

«Серілік»  өнердің  ауқымы  қең.  Ондай  мәреге  жетілу  үшін 

Ақанның 

Құлагеріндей 

сәйгүлік 

тұлпары, 

жанына 

балаған 


Қараторғайдай  бүркіті,  Базарала  секілді  тазының  күшігі,  Көкжендет 

деген  қаршығасы  болуы  керек  сияқты.  Біржан  сал  мен  Ақан  серіні 

салыстырып  қарасақ,  Біржанның  бүркіті,  аты,  тазысы,  қаршығасы 

секілді  қосымшалары  жоқ.  Міне,  осыдан  шығар  түйін  — серілік  өнер 

аңшылықпен,  ақындықпен,  сазгерлікпен  өте  тығыз  байланысты  деген 

корытынды  баға  беруімізге  мүмкіндік  туады.  Халқымыздың  дана 

сөзінде  «Ел мақтаған жігітті  қыз жақтаған» дегендей,  серіліктің  маңы 

толған  қыздар  мен  жігітгер.  Осындай  топтала  жиналған  жастардың 

көш  басшысы,  ән  бастар  даңқтысы  да  Ақан.  Құс  салу,  ит  жүгірту, 

әсемдікке,  көркем  қыздарға  ғашық  болу,  ел  ішіндегі,  қоғам 

тіршілігіндегі  кикілжіңдерге  көңіл  бөлмей,  жөнсіздікке  араша  түсуге 

ұмтылмай,  өз  заманындағы  серілік  сергелдең  күйге  түсірмес  пе  екен 

деп  ойламай,  тек  қана  адам  болмысындағы  қуатты  өнер  адамдар 

арасындағы  алауыздықтан  аршып,  теңсіздікті  аластауға  дәнекер 

болады деп сезіну - серілік өнердің айқын нышандық белгісі.

Серілік  -  адам  баласын  бақыт  дәуреніне  бөлей  бермейтін  өнер. 

Көп  ел  аралап,  нәтижесінде  серілер  көптеген  сүлу  қыздармен 

танысатыны  айдан  анық.  Соның  бір  көрінісі  -  Ақан  серінің 

Ақтоқтымен  таныстығы.  Бүл  көрініске  қатысты  А.Жұбанов  Ақтоқты 

өмірде  болған  дей  отырып,  оны  Сүтемгеннің  баласы  Шамұқанның 

атастырып  қойған  қалыңдығы  деген  дерек  келтіреді.  Ақтоқтыға 

ерекше  ғашық  болған  Ақан  басқа  біреуге  бұйырмасын  деп,  оган

77


пышақ  салған  деген  оқиғаны  өзінің  зерттеу  еңбегінде  баян  етеді. 

Сөйтіп,  А.Жұбанов  Ақтоқтыға Ақанның  шығарған  мына бір  өлеңінен 

үзіндіні оқырманға ұсынады:

Ақтоқты  қалғаның ба шыныңменен,

Бал бердің талай жерде тіліңменен 

Басыңды  сарымида кесіп алып,

Өлғенше даулассамшы  құныңменен.

Серіліктің астары - ғашықтық жырлар.

Бір  Ақтоқтыға  бірнеше  өлең  -   жырларын  арнаған  Ақан  серінің 

жүрегінен  ешқашан  бір  сәт  ғашықтық  оты  сөнген  емес.  Аталған 

мәселеге  байланысты  А.Жұбанов  Ақан  серінің,  Исаның  желдірмесі 

сияқты,  бірақ,  мағынасы  одан  басқа  Ақтоқтыға  ғашықтық  сезімін 

білдіретін тағы  бар өлең шығарғаны жайлы келтіреді:

Ғашықтық бір ыстық күн, желі тынық,

Басына түскен жанның көңілі сынық 

Торығып сағым  қуған шіркін көңіл,

Қара су енді  қасірет жатқан тұнып...

Берілген  өлеңнің  үзіндісінен  аңғаратынымыз,  біріншіден,  серілік

өнерді  меңгерген  тұлғаның  өз-өзін  екі  адам  атынан  сөйлеу.  Бүгінгі

ғылымда,  психология  ілімінде  бұны  біздер  диалогтық  нақыш,

интериоризация деген агаумен  атар едік.  Қарап  отырсақ,  Ақан  серінің

тұсында  да  аталған  ұғым  кездеседі.  Бұл  әрине,  Ақан  серінің

поэтикалық  ақындық  шеберлігінің  белпсі.  Бір  субъектінің  екі  адам

болып,  өзінің  мұңын  шағуы  жөне  оны  әдебиет  теориясындағы  ең

шырынды  категориямен  кестелеп  келтіруі  ақындық  пен  серіліктің 

үндесе өрлеуі демекпіз.

Ойымызды  дәйектеу  ұшін  оған  мынандай  нақтылы  дәлел 

келтіріп өтелік:

Ғашықтықты  ақын  ыстық  күнге  «желі  тынық»  деп  балайды, 

көңілін  «сағым  қуғанға»  бара-бар дейді,  бұны  кейіптеу дейміз.  Себебі 

кейіптеуге  жатқызуымыздың  өзі  көнілде тек  сезім  бар,  ал  ол  сағымды 

қууға  дәрменсіз.  Сөйтіп,  ақын  көңілді  адамның  екі  аяғы  секілді 

жүгіртіп,  оған  сағым  қуғызып  қояды.  Егер  контексті  тұтас  алсақ, 

символ  болады.  Қорыта  келгенде,  Ақан  серіні  шабыт  шағында  ғана 

көрініп  қалатын  ақындар  санатына  қоса  салу  әділдікке  жатпас  еді. 

Осы  өлеңнің  жалғасында  Ақан  серінің  торығуы  мен  қамығу  сезімі 

(суггестив)  басқа  реңге  ауысып  кетеді.  Міне,  А.Жұбановтың  бұл 

өлеңді  Исаның  желдірмесі  сияқты  деуіндегі  мәні  де  осындай  дауыс 

ырғағынын  басқа  нотаға  түсіп  кетуі.  Анықтап  айтсақ,  ырғақ 

ауысуының.  нотаның  құбылуының  өзі  серіліктің  басты  белгісі  екені 

аңғарылады.  Сөзімізді  нактылау  үшін  төмендегі  өлең  жолдарын

78


талдап көрелік.

Аспанда ұпшп жүрген тұйғын жемін,

Құладін жей алмайды көктен іліп,

Әркімнің дәреже орны басқа-басқа,

Ер жүрмес қырыны жоқ есек мініп,

Жарлы, бай, жаман, жақсы дегізбейді,

Уа, шіркін, желіктірсе жігітшілік.

Өлеңнің екі сыңарын тұтастырьга көңілмен сараптасақ, ғашықтық 

сезімін  аспандағы  ұшып  жүрген  тұйғын  жемімен  егіздеп  алады. 

Мұндай  суретті  өдебиет  теориясының  ұғымында  психологиялық 

параллель  дейміз.  Ақан  сері  адамдардың  заттық  мүмкіндігіне  қарай 

категорияларға  ажыратпаған,  себебі  бұл  да  серіліктің  нышаны  болса 

керек.  Серілік  зиялылық,  интеллектік  іс-харакетпен  түйісетін  ерекше 

өнер  екені  осы  өлең  арқылы  байқалады.  Оған  «жарлы»,  «бай», 

«жаман»,  «жақсы»  сияқты  ұғымдарды  жатқызамыз.  Өленнің  мәні 

ғашықшқ сезім  барлық адамдарға ортақ,  ол адам таңдамайды дегенді

-  таныту.  Ол -  жігітшілік деген ұғым.  Бұл ұғым  Ақан  серінің торығу 

түтқынына  түскен  асау  жүрегінің  себеп-салдары.  Сөйтіп,  ғашықтық 

өрттен  өзін  аман  алып  қалудың  төте  жолы  көңілін  жігітшіліктің  бір 

харакеті  секілді  өршіл  оптимизммен  жеңуі.  Осы  өлең  жайлы 

А.Жұбанов  дыбыстық  ерекшелік  туралы  өз  ойын  айтып  өтеді.  Оның 

кіріспесі қысқа созымды болып, тыңдаушыларынан қолдау күткендей, 

ақырғы  ноталары  ұзақ  созылыммен  тынады.  Серіліктің  тағы  бір 

белгісі  -  өлеңдерінің  басқа  ақындардай  түзіліп,  ай-күндерінің  белгілі 

болмауы. Ақан Серінің шығармашылығын зерттеген А.Жұбанов оның 

ай-күндерінің  белгісіз  екендігіне  өз  ойын  білдіріп  өткен.  Аталған 

«Желдірме»  Ақан  серінің  торьпу,  қамығу,  сезімге  ойысуының  әлі 

сәбилік  кездері  секілді.  Өйткені  біздерге  Құлагер  өлімінің  Ақанды 

мүлдем  өмірден,  ортадан  безіндіруге  апаратыны  Сағынай  асынан

белгілі.


Ақан  серінің  өмірі  Ақтоқтыға  өмір  бойы  байланып  қалмайды. 

Ақан  өзінің  өмірінің  аяғына  дейін  талай  қыздарға,  бойжеткен 

сұлуларға  ғашық  больш,  не  бір  көңілге  қонарлық  әуезді  өлеңдерді 

кейінгі  ұрпаққа  асыл  мұра  ретінде  қалдырды.  Құлагерге  ие  болғанға 

дейін  серілік  пен  кәдімгі  қарапайым  адамдардай  өмір  сүру  салтын 

қоса  қабат  алып  жүргені  зерттеу  барысында  белгілі  болды.  Қазақтың 

ежелгі  дәстүрінде  он  бестен  асқан  адамның  бойдақ  жүруі  өрескел 

болған.  Міне,  Ақан  сері  де  -   қазақ  халқының  осы  дәстүрін  сыйлап

өткен тұлғаның бірі.  Ақтоқтыға  ғашықтық отын  түгел  сөндіре  алмаса 

да  ерік-жігер  жыйып,  Шомайт  қожаның  қызы  Фатимаға  үйленеді. 

Фатима  ақылды,  байсалды,  көркі  де  бар  қыз  бала  екендігіне

79


А.Жұбанов  мінездеме  берген.  Фатима  Ақанға  жақсы  жолдас  болады.

Ақанның  серіліктен  қайрылып  соғар  ошағы  (АЖұбановша)  осы

Фатиманың  адал  жар  болумен  байланысты  екені  айдан-анық,

Фатимадан  Ақан  бір  ұл,  екі  қыз  көреді.  Оншақты  жылдан  кейін

Фатима  фәниден  бақилыққа  аттанып,  Ақан  тағы  жалғыз  қалады.

Серілік  өнерін  ерюн  самғата  алмаған  Ақан  тағы  тағдырдың  қатал

заңынан  опынып,  өзіне  жар  іздейді.  Сөйтіп,  Ақан  Қарауыл  ішінде

Балташы  дегенге  атастырылып  қойған  Тіналының  қызы  Үрқияны

алып қашады. Жолда Қожым елінің батыр атанып жүрген жігіті Тулақ

Ақаннан Үрқияны  тартып  алып,  өншіш  атпақ  болады.  Бірақ  арашаға

бұкіл  ел  түсіп,  Ақан  бұл  сорақы  окиғадан  аман  қалады.  Ақан  сері

Үрқияны  еліне  алып  келгенімен,  ол  үзақ  түрмай,  үш  айдан  кейін

ауырып  дүниеден  өтеді  деген  дерекгемені  А.Жұбанов  зерггеу

еңбегінде  айқын  келпрген.  Бұл  оқиғалардан  біздің  шығарар

қорытындымыз,  Ақан  сері  -барлық  саналы  ғұмыры  серілік  өнермен

өтіп,  оның құндылығын аиқын көрсете білген,  бірақ,  сол  серілік  сезім

мен  азаматтық  сезімнің  ара-жігін  үйлесгіруге  мән  бергізбеген

пенделігі  қателіктерге  ұрындырумен  қатар,  өз  заманындағы  үстем

билікгің  өнер  адамына  жасайтын  қамқорлықтың  орнына  зорлық-

зомбылық  көрген  тұлға  демекшз.  Сондықтан,  ол  басынан  өткерген

оқиғаларға  кезінде  сезім  құшағына  оранып,  ғашықтық  сәтгерінде

жүрек қылын  ширатар  ырғақга өн мен  өлең  шығарып,  таңдаушысына 

өмір ақиқатын жеткізе білген.

XX  ғасырда  сал-серілікпң  түп  қазығын  зерделеу  үрдісінде  оның 

даму  дидактикасын  эстетикалық  талғамда  дамыту  барысына  сай 

пайдалы тұжырыммен зерделеген ғылыми еңбектің жоқтығы  өткеннің 

бұлдырлығы  дер  едік.  Өткенсіз  болашақ  та  бұлдыр  екенін  ескеріп,

пен  кеңістікте  өнер  арқылы

жасөсшрімдерге  мектеп  стандартын  толықтыратын  қосымша  бөлім 

мен  тәрбие  беру  мәселелерінің  нысанасы  зерггеуден  тыс  қалғаны 

бүгінде  жаңалық  болмаса  керек.  Әрине,  өнер  арқылы  бйгімдендіру, 

тәрбиелеу 

үрдісі 

үлтгық 


сананы 

ғаламдасумен 

сабақтастыру 

тұрғысында өркениетгі елдер үлгісі жоқ емес. Осы орайда қазақ халқы 

да ғарышты  игеруде ғылыми-техникалық жетістіктерге жету жолында 

ілгері  қадам  басты.  Халқымыздың  мәдениет,  әдебиет,  өнердің  басқа 

саласындағы 

құндылықтарды 

байыту 

бағытындағы 



ғылыми 

жұмыстары  ғаламға  танылып  келеді.  Алайда,  сүггей  ұйып  отырған 

қазақ  өзішң  тарихи  даму  желісінде XIX  ғасырда  мәдениет  саласында 

орыстандыру  бағыты  қарқындылықпен  іске  асып,  бүрынғы  мәдени 

ұстанымдар  мен  дәстүрлеріміздің  түбіріне  нұсқан  келді.  Осыған 

оаиланысты 

қазақ 

халқының 



бұрынғы 

мәдени 


мұраларын

80


білімдендіру мен тәрбие құралына пайдалану мүмкіндіктері  шектеліп, 

тұсау  салынды. 

Ықылым  заманнан 

бүгінгіге  дейін  үзіліссіз 

сабақтастық  қағидасымен  келетін  сал-серілік  өнермен  тәрбие  және 

білім  дарыту  іс-әрекеті  тіршілік  тынысынан  мүлдем  ығыстырылды. 

Оның  көрнекті  өкілдеріне  қазақгың  өзі,  тіпті  отбасыларының 

жандары,  ағайын-туған,  жұрағаттары  «жьгаданды»,  «перінің қызымен 

көңілдес»  деген  сияқгы  ақиқатқа  сай  емес  пікірлер  таратып,  өнер 

иелерін  бұғаулады.  Оның  алғашқысы  -   Біржан,  соңғысы  Ақан  және 

Сегіз  сері  т.б.  тұлғалы  өнер  тарландары.  Қоғамдағы  кереғар 

қайшылықтар,  дүбара жандар  өздерінің  өнер  пірлерін  өз  қолдарымен 

«жермен 

жексен 


ететініне» 

көңілдері 

марқайып, 

өнер 


мен

құндылықтардың  арасында  дағдарысқа  ұшырауы  бүтіндей  бір  ғасыр 

апатын халқымыздың пешенесі мен еншісіне берді. Мұның бәрі сайып 

келгенде  -   жасөсггірімдердің  өнер  тұғырына  тәлім-тәрбие  және 

білімдену үдерісінде дамуына кедергі болған факторлар.

Жоғарыда  аталған  ұлттық  сананың  кемелденуіне  өнер  арқылы 

ықпал 

жасауға 


кедергілер, 

мәдени, 


тарихи 

нысандардағы 

құндылықгар  дағдарысынан  құтқаруға  қатысты  жаңаша  көзқарастар, 

бағытталған  жаңа  мұраттар,  жаңа  дүниетанымдар  болуын  көздеген 

бүгінгі  ұрпақ  болашақ  ұрпақ  алдында  өздерінің  жауапкершілігін

түсінуде.

Педагогика,  соның  ішінде,  қазақ  халқының  этномәдени  тәрбие 

беру  мен  оны  дамьпу  нысанына  зерттеупгілердің  тарабынан  көңіл 

қойып,  оның  келелі  мәселелерін  алға үстанып,  болашақ  қамын  өнер 

арқылы  тану  деген  іс-әрекет  жоқтың  қасы,  көбінесе  ғылымның  бұл 

саласы  коммунистік  идеологияның  сынына,  «қаһарына»  ұшырап 

келді.


Сал-серілік 

дәстүр 


арқылы 

этномәдени 

тәрбие 

берудің 


қайшылықты тұсының жағдайларының басты себептері:

-  этномәдени  тәрбие  беру  мен  оны  дамытудың  педагогикалық 

нұсқаларын  теориялық тұрғыда  негіздеудің зәрулігі  аталған  мәселеге 

қатысты  ой-түйіндердің  нақтылығына  жетуге  бірден-бір  кедергі 

келтірді.  Себебі  кешегі  тоталитарлық  жүйеде,  кеңестік  билікте 

педагогика  ілімі  толығымен  маркстік-лениндік  идеологияға  бағынған

әдіснама негізінде түсіндірілді;

-  жалпы  педагогика  ауқымында  өнер  арқылы  тәрбие  мен

білімдендіру  кеңестік  халықтар  ұранымен  қамтылып,  жеке  ұлттық 

дәстүр  сақталмады.  Өнердің  тек  басымдық  берілген  үлттардың, 

жалпы 

кеңестік 



мемлекетпк 

өнер 


стилін 

білімдендіру 

мен 

тәрбиелеудің  құралы  ретінде  пайдалану  жоғарыдан  төмендегілерге



81

міндетгелді.  Орыс  халқының  частушкаларын,  халық  әндерін  айту 

қазақ жұртына етене дәстүр сапасында  қалыптасты;

-  кеңес  халқы  өзінің  мүраты  арқылы  отандық  өнер  мен

педагогиканы  өлемдік  педагогикалық  теория  мен  тәжірибеден  және

жалпы  адамзаттық  мәдениетгің  даму  үдерісінен  үнемі  автономды

үстау  бағыты  тұрақтанды.  Кеңестің  мемлекеттік,  Компаргиялық

мүДДе  әр  ұ л п ы ң   эстетикалық  талғамы  мен  білімденуінен  жоғары

қойылып,  осы  мүдденің  басымдылығы  даурықпа  тұрғыда дәріптеліп,

насихатталып,  оқу  үрдісінің  нысандарына  жетекпгі  мұрат  сапасында

енпзіліп,  коммуниспк  тәрбиенің  шектеулі  салалары  міндетті  түрде

кластан  тыс  жұмыстар  ретінде  өтілуі  қадағаланып,  оның  өзі  тек

Одақгық сипатта  стеореотипке  айналып,  өнер  арқылы  төрбиелеу  мен

білімдендіру  қазақ  ұлтьпшң  дәстүрінен  тыс  мазмүндық  мөнде 

жүргізілді;

-  этномәдени  білімдендіру  және  жасөспірімдердің  эстетикалық 

талғамын^  тәрбиелеудің  оңтайлы  тұстары 

педагогшса  ілімінде 

ескерілмей,  оның  адам  түлғасына  өкелер  күш-қуатының  мәністері 

дарытылмай,  ұлттық  тәрбиенің  өнер  саласына  қатысты  заманына 

лайықты  парадигмасы  бұрмаланып,  қазаққа  таныс  емес  өнер  арқылы 

тәрбие  мен  білімдендіру  барьпппа  батыл  енгізіледі.  Осының 

салдарынан  ұлтгақ  психологияның  дамуына,  ұлтгық  өнер  саласын 

зерггейтін 

педагогиканың 

кемелденуіне 

зиян 


келді. 

Аталған


мынандаи

оқупшның


орындайды);

ұстаз  одағының  ынтымақтастық  іс-әрекеті  л

әміршіл  нұсқаулықтардың  болуы

екі  еткізбей  орындауы  (оны оқушы

‘  тәрбиеленушінің  эстетикалық  ішкі  талғамы  ескерусіз  қалып, 

сырттай  қайталап,  топпен,  ұжыммен  сезімге,  ырғаққа берілмей  айтып

болуы;

енерге 


бейімі 

жоқ  тұлғалардың 

іс-әрекетгерін  тәргіп

санатына  жатқызып,  олардың  іппсі  шығармашыл

врекеттерінін

атқарар


мүмюндіктеріне  үңіле  алмауы,  сөйтіп,  олардың 

сыргқы  сипаты  еленіп,  әр  оқушының  өнерге  қатысты

міндеттеріне

“  ~ ', ” і  

г  

у а п


 

І Д 7 Л Д С Ц Д І Н  

а Л Д Ы

Н *


ала қарастырылмауы;

өнер  арқылы  тәрбие  мен  білімдендірудің  дарындылық 

дәрежесіне  қарай  жүргізілмей,  тәрбиеленушілердің  талабы  мен 

қажетсіну  уәжіне  мән  берілмей,  көбінесе  ақыл-кеңес  айтудың  басым



сыныптан  тыс  уақытта  өткізілетін  жұмыстарға  бүкіл  мектеп 

оқушыларын  тартудың  міндеттілігі  және  ой-өрістері  кең  балаларға 

арналған  арнаулы  факультативтер  мен  курстардың  клубтардық 

жұмыстық т.б. түрлерінің ұдайы орта деңгейліктерге бағдарлануы.

Қорыта  айтқанда,  өнер  арқылы  білімдендіру  мен  эстетикалық 

талғамға 

ынталандырудың 

дағдарысты 

жағдайларының 

басты 

себептерінің бірі -  ұлттық жетістіктерді жарияламау, тіпті оған тыйым 



салу, немесе оны жоққа шығару. Үзақ жылдар бойына ғылыми қордан 

белгілі  огандық  ғалымдардың  еңбектері  еленбей  келді:  Рубинпггейн, 

сондай-ақ,  қазақстандық  педагогтар  Ж.Аймауытов,  А.Байтұрсынов, 

М.Дулатов,  М.Жұмабаев  және  т.б.  психолог-педагогтардың  негізгі 

ұстанымдары 

мен 


мұратгары 

соңғы 


жылдары 

Қазақстан 

Республикасы тәуелсіздіке ие болғанннан бері танылып жүр. Десек те, 

өнер  арқылы  білімдендіру  мен  тәрбиелеу  үрдісіне  қатысты  аталған 

көрнекті  тұлғалардың  ғылыми  тұжырымдары  әлі  де  болсын 

ұтымдылықпен қолданылып жүр деуге аузымыз бармайды.

Өнер  нысанын  зерттейтін  педагогика  іліміндегі  көрсетілген 

дағдарысты  құбылыс  өткен тұтас дәуірдегі көлеңкелі  оқиғалар толық 

жарияланбай  және  осы  тақырып  бойынша  қазіргі  педагогикалық 

тұжырымдамалар әлі де болса жүйелі талданбай келеді.

Аталған  сал-серілік  өнер  арқылы  білімдендіру  мен  тәрбиелеу 

үрдісін  зерттейтін  педагогика  ғылымындағы  дағдарыстарды  талдау  -  

жаңа педагогикалық негіздерді ұсынуға негіз болды.

Жалпы  этнопедагогиканың  білім  мен  тәрбие  беру  үдерістерін 

зерттеген 

ғалымдар  —  С.Қалиев, 

Қ.Жарықбаев, 

Ә.Табылдиев, 

С.Үзақбаева, 

Ы.Дүйсенбаев, 

Р.С.Елубаева. 

Ғ.Р.Бахтиярова, 

А.Сейдімбек,  Л.Керімов.  Аталған  еңбектерде  аға ұрпақтың  рухы  мен 

парасатын  барша  ұрпаққа  паш  ететінін  ескірмес,  өлмес,  өшпес  салт- 

дәстүрлер,  әдет-ғұрьпггар,  өлең-жырлар,  фольклор,  ауыз  әдебиел 

арқылы 


таралуына 

қатысты 


өртүрлі 

салалардың 

жан-жақты 

зерттелгені  аңғарылды.  Бұл зерттеулер  өткен заманның көптеген өмір 

тынысын сақтап келген маржан сырын зерделеп, ғасырлар құрдымына 

үңіліп,  бағзы  өмірді  көз  алдарына  қаз-қалпында  келтірерлік  түғырлы 

дәйектемелерді  көз  алдымызға  келтіреді.  Жыр  мұрасы  арқылы 

этнопедагогика  ғылымын  құрастыра  алған  ғалым-жазушыларымыз 

әдет-ғұрып  пен  озық  салт-дәстүрлердің  бүпнп  мирас  болып  келген 

нұсқалары  жайлы  соны  пікірлер  айтып  өткен.  Жыршы  халқымыздың, 

суырып  салма ақын  халықтың  бүгінгі  санадан  өшіп  қалған  дәстүрлер 

мен  салт,  әдеп-ғұрыптары  қапысыз  суреттеліп  өткеніне  сүйене 

отырып,  ғалымдар  «Сөз  анасы  — құлақ»  екеніне  ерекше  мән  бергені 

байқалып,  этнопедагогика  халыктық  өнер  мектебінің  қалыптасуына

83


мүмкіндік  жасалып,  аталған

Анықтап  аитсақ,  қыз  бен  ж іптпң,  кәрі-жастың,  ойын-тойда,  мереке- 

думандарда,  өлімді-жітімді  жоқтауларда,  қопггасуларда,  шілдехана 

тойларында  және  т.б.  өлең-жырлардың  бәріңде  ақындар  мен 

тыңдармандардың  төрбиеге  қосарлық  ізгілікті,  азаматгық  ақыл-

оилары таралып отырғаны жаилы аталған ғылыми  еңбектер сындарлы 

дәлелдер келгіреді.

Қоғамдағы  азаматтық,  ізгілік  мәселесі,  этномәдени  арқылы

халықтық төлім-тәрбие беру үрдісі әр салада зерттеліп,  өз орнын таба

білді:  бүл  салада  философиялық  тұрғыдан  Н.А.Усачева  ой  толғаған.

Аталған  ғылыми  еңбектерде  өр  халықгьщ  түсінік-түйсігіне  қатысты,

рухани 


«өзім» 

деген 


үстанымға 

байланысы 

әлем 

жайлы


дүниетанымдық 

-  


еңбектің 

басымдық 

мөні. 

Көк 


тәңіріне

табынушылықтың  өзі  жер  ауқымының  кеңдігі  дегенмен  дәлелденеді.

Тәңір  қүдіреті  жайында  В.В.Бартольд,  Л.Н.Гумилев,  М.С.Орынбеков

және т.б. зертгеулер жүргізіп, мазмүнын жазды.  Сөйтіп,  космогондық,

әуез-әуендік,  этногенетикалық,  этикалық,  гуманистік  тәлім-тәрбие

көздеріне  ғылыми  еңбек  жазған  ғалымдарға  тоқгалып  өтеді.  Біздің

зерттеу  еңбегімізге  ең  қажетп  мына  бір  оиды  бөліп  қарастыру 

орынды:


1.  Қазақ  халқыньщ  табиғаттану  мүмкіндігі  музыкамен  үндес 

болуы -  үйлесімділікті анықтаушы нысан;

2.  Қазақ  даласындағы  көшіп-қону  дәстүрі  еркіндікке,  кеңдікке 

ұластырып,  өн-жыр,  музыка өнерін дамытуға себеп боі

3.  Қазақтың  космогондық,  мифология,  тұрмыстық-әмбебахггық,

мәдени  сапада  әлемді  тану  мен  түйсіну  қабілеті  әлем  деңгейінде  ән 

мен жыр, музыка тудырған;

4.  Этникалық  жадынама  жөне  этникалыққа  төн  сырдың 

(кодының) болуы оның маңыздылығына жататындығы;

5.  Қазақ  халқының  этникалық  тарихында  этногенезисі  мен

этнопсихологиясының ерекшеліктері  сақталып,  бүгінгіге дейін көрініс 

беруінде;

6.  Музыка  өнерінде  «әлем»  және  «адам»  деген  үғымдардьщ  бір- 

бірімен тығыз және терең байланыста болуында;

7.  Аталған  «өлем»  және  «адам»  проблемасын  өз  еңбектерінде

өзек  еткен  ғалымдар -  Ж.М.Абдильдин,  К.А.Әбішев,  А.Н.Нысанбаев, 

А.А.Хамидов және т.б.

8.  Ғарыш  пен  адам  үндестігінің  кемелдігін  қамтамасыз  ететін 

дыбыс, әуез, музыка.

Халықтық  педагогика  кеңістігіндегі  мәдениет  пен  өнер  жайлы 

еңбек  жазған  зертгеушілер  -   С.Х.Байдильдина,  М.К.Сембинов,


Я.С.Тастанбек,  А.Д.Өгеғалиева,  З.Әбілова,  Г.К.Сауырбаева  және  т.б. 

ғалымдар  халықтық  педагогика  негізінде  өнер,  музыка  дәстүрінің 

өркендеуіне  талдау  жасап,  жанрлық  жүйенің  адам  өміріне  тигізер 

пайдасын  жіктеген.  Дәстүрлі  музыка  өнерінің  поэтикалық  жанр 

арқылы  адамдардың  шаруашылыққа  қатынасын  аңғару  мөселесі  де 

айқындалған.  Қазақ музыкасы  мен жалпы  өнерінің  өзі  аңыздар,  өндер 

мен  күйлер,  сондай-ақ,  жануарлар  дүниесіне  қатысты  адам  сезімін 

аңғартатын 

жырлар, 

жол-жоралғыларға 

байланысты 

туған 


шығармалар  (көз  тиюден  сақтайтын  жыр,  аурудың  иесі,  қуаты  зікір 

және т.б.)  екендігі  талданған.  Зерттеу  еңбектерінде  музыка жөне өнер 

мамандарын  даярлаудың  әдіснамасы,  қазақ  ауылында  түрмыстық 

мөдениет 

мәселесі 

жан-жақты 

көрсетілген. 

Қазақстан 

Республикасындағы  шығармашылық  қауымдастық  жөне  олардың 

мөдени-рухани  қызметінің  алатын  орны  Темірбек  Жүргеновтің 

мөдени-үйымдастырушылық  қызметі  секілді  зерделі  ой-пікірлерді 

кездестіреміз.

Сол  секілді  Ж.Таубальдиеваның  музыка  арқылы  бастауыш 

сынып 


оқушыларының 

гумандық 

қасиетгерін 

қалыптастыру, 

Ж.Ә.Төлебаеваның  Мүқан  Төлебаевтің  музыкалық  мүрасының 

педагогикалық  негіздері, 

Ж.З.Өтемісовтің 

қазақ  мектептерінде 

музыкалық  төрбие  беру  ісін  жетілдіру  сияқгы  мөселелер  зертгелген. 

Музыка 


арқылы 

оқушылардың 

гумандық 

қасиеттерін 

қалыптастырудың педагогикалық негізін құрастырған:

1. 


Музыка 

арқылы 


оқушылардың 

гумандық 

қасиеттерін 

қалыптастырудың жағдайы мен мүмкіндіктерін зерделеген;

2.  Бастауыш  сыныптарда  музыка  арқылы  гумандық  қасиеттерді 

қалыптастырудың  мазмүнын  зерттеген.  Бүл  бағытта  Әбу  Насыр  әл- 

Фарабидің  дидактикалық  түжырымына  токгала  отырып,  музыканың 

төсілдік  маңызын  ашқан.  Данышпан  еңбегіндегі  мынандай  мөселені

еңбегіне тірек ретінде алған:

-  өл-Фарабидің  «Музыканың  үлы  кітабы»  еңбегінің  мөні  зор

екендігін;

- Аталған  еңбектің  музыка  сияқты  аса қиын да күрделі  ғылымды 

методикалық  жағынан  шеберлікпен  қиюын  тауып  қүрудың,  қазіргі 

күнге дейін қүндылығын жоймаған тамаша үлгісі болып табылатыны;

Ж.Таубальдинованың  ғылыми  еңбегінің  үлкен  бір  жаңалығы 

ретінде  «Әбу  Насыр  өл-Фарабидің  музыка  ғылымының  өдіснамалық 

өдістемесін,  тарихи  мөселелерін  тарқату  тұрғысында  қамтылған

кіріспе тарауын беруі болып есептеледі.

Соңғы  уақытта  зерттеушілеріміз  ғылымдағы  іргелі  мөселелерді 

қарастыруда  педагогика  ғылымының  концептуалдық  негізін  ашуға



ерекше  мән  беріп  отыр.  Әдетте  ғылыми  зерттеушілердің  негізгі

проблемалары, 

бірден-бір  болжамдары, 

қайта  ойлап  жүйелеу

қорытындыларының нәтижелері тұжырымдама түрінде беріледі.

Сондықган,  біз  өзіміздің  зерттеу  мәселелерімізге  орай  Қазақстан

Республикасының  жаңа  ұстанымына  және  әлеуметтік-мөдени  хал-

ахуал  жағдайында  педагогика  ғылымы  мен  мектеп  тәжірибесінде

дамып келе жатқан жетістіктерді,  өнімді табыстарды есепке алу,  оның

үстіне  эстетикалық  талғамды  жоғары  дәрежеде  дамыту  мақсатында

бұрынғы  өткен  замандардан  бергі  бүгінгіге  дейінгі  өнер  (сал-серілік)

арқылы тәрбиелеу мен білімдендірудің тұжырымдамасын даярладық.

Мәдени  мұра  деген  ұғым  шексіздік  мәнге  ие.  Мәдени  мұраның

үлкен  бір  саласы  -  Әбу  Насыр  әл-Фарабидің  іліміндегі  дамыған

интеллекция  сипатының  төрт  тағанының  бірінпгісі  -  әуез-әуен.  Олай

болса,  біздер  аталған  тұжырымға  сүйеніш  жасаймыз.  Қазақ  ұлты

болып  қалыптасқаннан  бері  дәстүрлі  өнеріміз  бен  фолыслорымыз

қаншама 


ғасырлардың  тәлкісіне  түсіп, 

халықтар 

арасындағы

жақындасу  әрекетіндегі  өзгерістерге  ұшырап  келгені  белгілі.  Бүгінгі

таңда  бұл  үдеріске  ерекше  жаңа  философиялық  тұжырым  жасалды,

бағасы  берілді.  Ғасырлар  бойы  қальпггасып,  бізге  жеткен  дәстүрлі

өнер мен фольклордің ұлттық тәлімі  айшықталып,  әлемдік кеңістіктің

уақыт  талабында  тұтастық  мәнде  жүйеленіп,  жанрлық  қалыпты 

құрастырды.

Дегенмен,  бұл  жүйенің  зерделену  үдерісін  толық  тарқату

барысында  шешілмей  келе  жатқан  көкейкесті  мәселер  жеткілікті.

Әуез  жанрындағы  құрамдардьщ  тұтастық  жүйесін  айқындау,  оның

көпнұсқалы  сипатын  ашу,  иерархиялық  даму  деңгейліктерін  жіктеу,

щ  өзара  ықпалдастық  пен  қарқындылық  мәнін  шығару,

қазақ  халқының  фолыслоры  мен  өнер  саласындағы  кәсіптік  өлең

қабаттары мен шығармашылық инструмент ауқымын бағалау оңай іс-

харекет  болмай  тұрғаны  анық.  Фолыслордың  өзі  екі  үлкен  мәселені 

басынан кешірді.

Біріншісі  -  көшіп-қону,  екіншісі  -  отырықшылық.  Бірінші 

кезеңнің  тұсында  қазақ  елінің  үдемелі  ырғақпен,  жоғары  нақышпен 

айтылатын  өлендері  басым  болатын.  Ал,  екінші  кезеңнің  тұсында 

бұрынғы  кең  диапазонның  орнына  қысқа  қайырылатын  жырлар 

сарыны  көбейе  бастады.  Жаратылыста  тұрақтылық  жоқ,  ұдайы 

өзгеріс,  ұдайы  ауыс-түйіс,  арпалыс  алма-кезек  болып  жатады.  Олай 

болса,  туатын  өлеңдердің  ырғағы  да  осы  талапқа  сай  келеді. 

Отырықшылдық  тәртіпке  бағынған  қазақ  елінің  мәдени  өрісі 

отбасының  тұрмыстық  жай-күйіне  қарай  дамыды.  Оның  негізгі

басымдық  мазмұны  -  адамның  өмірі  мен  қоғамдағы  алатын  орны,

86


көбінесе,  адамның  дүниеге  келу  рәсімдері,  той,  үйлену  дәстүрі, 

экономикалық күйіне қатысты табыну (фетишизм) салты.  Бүл бағьпта 

мәдени  мүраның  әуез  саласына  қатыстылығы  көбінесе  музыкалық- 

поэтикал ық жанрлар.

Қазақ  елі  -  ән-әуез,  музыка  өнеріне  ерекше  мән  берген  дана 

халық.  Дана  дейтін  себебіміз  әуездің  жағымды  ырғағы  адам 

бойындағы  табиғи  күш-қуаттың  молаюына,  толығып  отыруына, 

қайрат  пен  жігердің  өмірсүйгіштік  ыңғайға  бейімделуіне  қозғаушы 

күш  болатынына  көзі  жеткен.  Әуезді  тек  думаншыл-сауықшыл, 

салдық-серілік  мақсатқа  пайдаланбаған.  Әуездің  философиялық 

маңызын  түсіне  отырып,  өнер  арқылы  өткендегі  ізгілікті,  жақсы 

мүрағаттарды,  озық  дәстүрлерді  жаңғыртып,  жалғастыруға  айрықша 

көңіл  бөлінген.  Нақтылап  айтсақ,  бір жалпылық мағынаны  білдіретін 

«Той» деген үғымнан  көптеген  салиқалы ой өрбітеміз.  Мәселен,  «Той

-  аға  үрпақ  пен  кейінгі  үрпақ  арасындағы  дәнекер  көпір»,  «Той  - 

бүгінгі  барды  бағалау,  келесі  істер жайында ақыл қосу,  «Той - тәрбие 

мектебі»,  «Той  -  адам  тану  мектебі».  Әсем  әуез  арқылы  ғибратга, 

лүғатты  тәлімдік  ой-тұжырымдар  өрнегімен  өріліп  келеді.  Мәтіннің 

сарынына  қарасақ,  оны  шығарған  серілер деп  ойлауға мүмкіндік  бар. 

Мәселен, мына бір үзіндіге үңіліп қарасақ:

Ал, ағайын, туғандар, 

Мені де бір тыңдаңдар,

Домбырасын қолға алып, 

Келіп отыр өренің.

Арқасында елімнің 

Шалқып жүрген сері едім...

Жас сөбиге бақ тілеп, 

Тамашаға жиылған

Келіп отыр бұл тойға 

Қуанышқа бөлегім...

Көңілі нүрға толсын деп,

Аталған  өлең  өрнегінен  ұғарымыз  -  жас  сәбидің  тойында, 

шілдеханасында  үміт  уағыздары  жырға  қосылады.  Бір  жағынан, 

сәбидің  биоинформация,  немесе  сенсорлы  арна  түйсіктеріне  өуезді 

ғибрат  сөздер  жете  берсін  деген  ниет.  Екінші  жағынан,  тойға  келген 

адамдардың  сәбиге  деген  жағымды  дүниетанымын  орнықтыру 

харакеті.

Шілдехана  тойынан  кейін  жас  сәбидің  ұдайы  анасынан  еститін 

жыры- бесік жыры.  Бесік жырын аталмыш сал, серілер шығарды деген 

дерек  жоқ  болса  да,  бұл  жанрдың  қазақ  халқының  жасөспірімдерді 

дұрыс жолда тәрбиелеуге  бағдар жасалғанына  аталған  өнер  иелерінің 

әсері  бар  екені  даусыз.  Жыл  бойы  отбасында  болып  жататын 

қуаныштардың  бәрі  дерлік  біртұтас  жүйе  құрып,  жалпы  атауы  той 

делінгенімен,  оның  құрамдарының  ішіндегі  бөліктердің  бір-бірінен 

ерекшеліктері  айқын  аңғарылып  тұрады.  Бір  сәбиге  айтылатын 

«Шілдехана»  мен  «Бесік  жыры»  жанрларының  ішкі  мәні  әртүрлі

87


болып  келеді.  Ғарышгық  өлшемге  үйренген  қазақ  елі  өзінің  жыл 

бойғы  отбасылық  тыныс-тіршілігін  бақыт  пен  құтқа  бағдарлау  іс-

харакетімен  өмір  кешкен,  оның  70%  әуезді  той-думандарға,  анш с- 

жырларға арналған.

Зерттеушілердің пікірінше,  «Еңбекке  қатысты  жырлар» деп қазақ

халқының  фольклорлық,  әуездік-поэтикалық  жырларын  бөліп  алу

тұрғысында  пайда  болған.  Бұл  ойға  толық  қосылу  жаңсақтық  болар

еді.  Себебі  сонау  ықылым  заманнан  жиылған  жырларды  жанрлық

жіктемеге бөліл зергтесек, жырлардың ірі-ірі тақырыптарға жеке-жеке

бөлініп 


топтастыру 

нәтижесінде 

оның 

тұтастық 



заңдылығы

жойылады.  Бала  өмірге  келгенінен  бастап  адамның  бұл  дүниемен

қоштасуының  аралығындағы  кеңістік  пен  уақыт  ішіндегі  барлық

құбылыс  жырмен  қамтылады.  Олай  болса,  қазақ 

түрмысынын

фольклорлық  әуез  жырының  хронометрі  өзінің  табиғи  болмыс  -

пошымына 

сай 


дамыған. 

Б.Г.Ерзаковичтің 

ғылыми

монографиясындағы  «Трудовые  песни»  деген  тарауында  бүгінгі



парадигмалық  дүниетаным  туды.  Былайша  айтсақ,  көшпенділердің

фольклорлық  жырларын  тек  мал  шаруашылығымен  байланыстыру

дұрыс 

зерттелген 



нәтиже 

емес. 


«Еңбек 

жырлары» 

аталған

календарьлық  жыл  ауқымының  бір  қүрамының  нышаны  деп 



қарастырған дұрыс секілді.

Огбасына  қатысты  жырлардың  өзі  — болашақ  иелерінің еңбекшіл 

болуы  мен  өзіндік  түлғаларының  иерархиялық  мәнділігін  үғуына 

бағдар  беруге  қам  жасау.  Алдында  тоқталып  өткен  «Бесік  жыры» 

болашаққа 

бағдарлама 

іспетп 

рөл 


атқарады. 

Болашақ 


бағдарламасының жыр ішіндегі  алгоритмі былай болып келеді:

Дауыл соқса, бақан бар,... 



сақшандыру;

-  Түнде жылқы қайырып

Жаудан жылқы айырып 

еңбекке үмтылдыру;

-  Ақырып жауга тиісіп,

Батыр болар ма екенсің? 

патриотт ылыща

тәрбиелеу;

-  Бармақтарың майысып,

Үста болатэ ма 

екенгіи?


өнер иесіне ыңгайлау;

Соңында  сәбиіне

жырл ай ды :

өрнектеп


Жүрепмнің парасы. - 

символ 

Уайым-қайғы  ойлатпас, 

Көңілімнің санасы... 

-метонимия 

Маңдайдағы  қүндызым.  - 



метафі

88


А спандагы ж улдызым.  - 

метафора

Зерттеу  еңбектерде  «Бесік  жырына»  жеке  тоқталып,  талдау 

берген  түжырымдарды  өте  сирек  кездестіреміз.  Адамның  өмір  есігін 

ашқан  түсы  -  оның  сөбшгік  деуірінде  аталған  жырды  естімеген 

балалардын  ізгілікп,  нүрлы  үстанымы  жоқтың  қасы  деген  ғылыми 

пікірлер  айтылып  жүр.  Саңылау  сезімдердің  арнайы  ашылуы,  іс- 

харекетгі  ажырату  толғанысы,  тітіркенштік  қасиеті  осы  «Бесік 

жырынан» тербиеленбек.  Келесі отбасы жырларының бірегей жанры  - 

«Түсаукесер жыры».  «Түсаукесер жыры» жас  нерестенің алғаш  қадам 

басу  харекетінің  сөттілігін  тілеу  бағытына  арналған.  Мүнда  қимыл 

каркыны «қаз-қаз» секілді үғыммен ернектеледі.  Мәнді түсы: 

«Балтырыңды түре ғой,

Тай-құльга боп шаба ғой», -

сияқгы  силлогизмдік,  яғни  екі түрлі  ойдан  ортақ бір түйін  жасау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет