261
2.
-мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін, -сын тәрізді жіктік жалғаулары
арқылы жүзеге асады. Мысалы:
Мен жаралы жолбарыспын.
3.
еді, едім, еді<, екен, ем сияқты көмекші етістіктердің көмегімен
туындайды. Мысалы:
Сен жаралы жолбарыс е<, мен киікті<
ла+ы ем.
4.
бейне, те< секілді сөздер арқылы жасалады. Мысалы:
Hай+ы<
болар шермен те<, Hара кө<ілім жермен те<. (Абай).
Ме то ни мия – өза ра бай ла ныс ты ұғым дар мен шарт ты сөз-
дер дің бі рі нің ор ны на бі рін ал мас ты ра қол да ну тә сі лі.
Мо но лог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-
тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл, сөйлеуші өз
ойын бір немесе бірнеше адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу
әрекеті. Монологтің ерекшелігі – бір адамның ойының, сөзінің
көрініс табуы. Мәтінде монолог диалог үлгісінде де, диалогпен
араласып та келе береді. Монолог жазбаша түрде де кездеседі.
Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі –
бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монолог – әдеби
шығармаларда, әсіресе, драмалық туындыларда кейіпкердің ішкі
көңіл күйін білдіретін толғау сөзі, кейіпкерді сөйлету тәсілі.
Мінездеу – кейіпкердің мінез бітімі, көркем образдың өзегі,
негізгі арқауы. Кейіпкердің рухани әлемін, жан сырын, идеясын,
күрес жолын, мақсатын, іс-әрекетін нанымды бейнелеу арқылы
ашады. Әдебиетте тура және жанама мінездеу деген түсінік бар.
Тура мінездеу – бұл автор мінездемесі. Адамды бір сөзбен де
мінездеуге болады. Мысалы,
сара< болса – Hарабай, а<)ау болса –
Мыр)ымбай, жал)ау, өтірікші болса – Судырахмет дейміз.
Кейіпкерге қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу
арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетуді
жанама мінездеу
дейді.
Достарыңызбен бөлісу: