30
Сайт
контентінің құрылымы
тарау
2
■
Веб-интерфейс арқылы кез келген материалды және сервердің құрылымдық
бапталуын өзгертудің жеңілдігі мен жылдамдығы;
■
Сайттың бар құрылымына жаңа материалдарды салудың қарапайымдылығы мен
сенімділігі;
■
Пайдаланушының сервердің ішкі сілтемелері бойынша орын ауыстыруы мен оның
сыртына шығуының толық есебі мен статистикасы.
Шаблондар негізінде веб-парақша құру. Шаблондар негізінде веб-парақшаны үш
түрлі тәсілмен құруға болады.
Бірінші тәсіл сізге таныс Dreamweaver құжат терезесіндегі
Fileмәзірдің
New
тармағын пайдаланудан тұрады. Бұл кезде экранда
New Document диалогтік терезесі
шығады (2.14-сурет).
Templatesқосымша бетіне ауысыңыз.
Templates For
тізіміндешаблон алынатын сайт таңдалады.
Бұл сіз басқа сайтқа
тиесілі шаблондар негізінде парақща құра аласыз деген сөз.
Site <
сайт аты> тізімінде
Main шаблонын таңдаңыз
.Одан кейін оң жағында
орналасқан алдын ала қарау панелінде таңдалған шаблон бейнесі пайда болады.
Егер
Update Pages when Template Changesжалаушасы
негізінде веб-парақша
құрылып жатқан шаблон өзгергенде қосылса (ол әдепкі қалыпта қосулы болуы керек), ол
сәйкесінше өзгертіледі. Егер осы жалаушаны өшірсе, онда жаң апарақшаға таңдалған
шаблон мазмұны тек көшіріледі. Ол жағдайда ол өзгеретін,
өзгермейтін аймақтардан
тұрмайды және шаблон өзгерген кезде өзгеріске түспейді. Нақтырай айтқанда бұл
шаблонның барлық мазмұнын қамтитын тәуелсізпарақша болады.
Егер сізге мазмұны шаблоннан айтарлықтай ерекшеленетін парақша құру керек
болса, бұл жалаушаны өшіріп тастаңыз. Содан кейін сіз оны еркіңізше өзгерте аласыз.
Таңдалған шаблон негізінде жаңа парақша құру үшін
Create нүктесін басыңыз.
Парақша құрудан бас тарту үшін
Cancel нүктесін басңыз
.
Шаблон негізінде жаңа парақша құрудың екінші тәсілі – қарапайымдау.
Assets
панелін ашыңыз, шаблондар тізіміне өтіңіз, тізімде керекті
шаблонды таңдаңыз да
конекстік мәзірде не қосымша мәзірде
New from Template тармағын таңдаңыз
.
Экранда жаңа веб-парақшаны қамтитын құжат терезесі шығады (2.15-сурет).
Құрылған өзгертілген аймақ көк жиектемемен белгілеген. Оның мазмұнынна басқа
парақшадағы басқа ешқандай элемент өзгертіле алмайды. Шаблон редакторлаудан
сенімді қорғалған.
Оң жақ жоғары бұрышта құрылатын веб-парақша орналасатын шаблон атауын
көрсетіп тұрған шағын сары құлақша бар. Сөйтіп сіз оны ұмытпайсыз.
Өзгертілген аймақтарды іздеу үшін парақшада сізге
таныс контекстік мәзірде
орналасқан
Templatesкіші мәзіріндегі
Editable Regions кіші мәзірін пайдалана аласыз.
Онда барлық бар өзгеретін шаблонның тізімі берілген.
Достарыңызбен бөлісу: