С. В. Киселев, С. В. Алексахин, А. В. Остроух



Pdf көрінісі
бет20/39
Дата12.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#56598
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
Веб дизайн

33
3. 
Графикалық элементтер мен көрнекіліктерді 
дайындау 
3.1. 
Интернеттегі көрнекіліктерге талаптар
JPEG, GIF, PNG, SWF, SVG 
көрнекіліктер форматына шолу 
Барлық графикалық кескіндер кодтау, файлда сақтай және шығару құрылғысындағы 
(экран, принтер және т.б.) бейнесіне қарай: растрлық және векторлық бейне болып 
бөлінеді. 
Растрлық кескіндер нүктелер жиынын құрайды, әр нүкте ақтан қараға дейін қандай 
да бір түсте болуы мүмкін. Барлық нүктелердің түстері массивке жазылады, ол кейбір 
қызметтік ақпаратпен бірге файлда сақталады. Ондай массивті растр деп атайды.
Растрлыққа GIF (Graphic Interchange Format — графикамен алмасу форматы) және 
JPEG (Joint Pictures Encoding Group — 
қозғалыссыз бейнелерді кодтау тобы) 
форматындағы бейнелер жатады. Растрлыққа Windows-та BMP (BitMaP — биттік 
матрица) бейнені сақтаудың стандартты форматы мен PNG (Portable Network Graphics — 
ауыспалы желілік графика) форматы да жатады. 
Шындығында растрлық форматтар өте көп, бірақ олардың көбісі – не бір 
бағдарламамен қабылданады, не аз таралған не интернетте қолданылмайды. 
Өңделуі мен бейнелеу құрылғыларында шығарылуының қарапайым болуы растрлық 
кескіндердің қасиеттері болып табылады. Кемшіліктері: үлкен көлемі (әсіресе, 
түстері көп сапалы бейнелерде) және масштабтау кезінде сапасын бірден жоғалтуы.
Үлкен көлемі орны толмас кемшілік болып саналмайды. GIF, JPEG жәнеPNG 
стандартты форматтары арнайы логоритмдердің көмегімен массив деректерін сығуды 
қолдайды. Алайда ол алгоритмдер сығуды шығынмен орындайды, яғни ақпараттың 
бейнелеуге маңызды емес бір бөлігі алынып тасталады, нәтижесінде массив көлемі біраз 
кішірейеді. Бұл кезде мұндай кескін өте қатты сығылса, ақпараттың тым үлкен бөлігі 
алынып тасталатындықтан, оның сапасы нашарлауы мүмкін.
Веб-дизайнде негізінен GIF және JPEG форматтары пайдаланылады. Олар сығуға 
бағынады. GIF бейнесін парақшаларды безендіру элементтері (сызықтарды, тізім 
маркерін және т.б.) үшін, ал JPEG түс саны көп жартылай реңді суреттер үшін
қолданады.
Бұл форматты кескіндерді сығу үшін өзінің күшті жақтары да, кемшіліктері де бар 
түрлі алгоритмдер қолданылады. GIF форматының ерекше қасиеті бар: бір GIF-файлға 
графикалық кескіндердің кезегін, дәл бір фильм жазуға болады. Көптеген «жанды» 
жарнамалық картинкалар – баннерлер – «анимациялық GIF» форматында жасалған. GIF 
форматының басқа да қасиеті «мөлдір» түс беру мүмкіндігінде. Нәтижесінде веб-
шолушы осы түсті иеленген нүктелер орнына түп элемент фонының нүктелерін береді, 
яғни сурет астындағылар көрінетіндей етіп «тесікті» сурет жасай алады. 


3.2.
Графикалық кескінді орналастыру
34
GIF, PNG 
жәнеBMP файлдардың gif, png жәнеbmp кеңейткіші бар, ал JPEG 
файлдар— jpeg, jpg немесеjpe кеңейткіші бар. 
Графикалық кескіндердің екінші түрі – векторлық деп аталады. Нүктеден тұратын 
растрлыққа қарағанда олар примитив деп аталатын сызықтардан тұрады. Әр мұндай 
примитив параметрлердің нақты жинағынан тұратын белгілі бір формуламен 
сипатталады. Бұл параметрлер деректер массивінде сақталады. Векторлыққа Macromedia 
Flash 
программасында құрылған бейнелер форматы, сондай-ақ Windows-та бейнені 
сақтаудың WMF (Windows MetaFile — метафайл Windows) стандартты форматы жатады. 
Векторлық бейнелердің көптеген басқа форматтары да бар. 
Векторлық кескіндердің артықшылықтары: көлемі шағын, қарапайым 
масштабталуы. Кемшілігі: күрделі формулаларды есептеуден тұратын өте күрделі 
шығыс алгоритмі. 
Веб-дизайнда векторлық графиканың тек бір Flash форматы кең қолданылады. Бұл 
– 
дыбыстық ілеспемен тұтас фильмдер және пайдаланушының әрекетіне жауап беретін 
интерактивті фильмдер жасауға мүмкіндік беретін қуатты мультимедиялық кешен. Оның 
үстіне swf кеңейткіші бар файлдар шағын көлемімен және тіпті әлсіз каналдар бойынша 
да тез жүктеледі. Барлық веб-шолушылар өз құрамында Flash фильм қарауға мүмкіндік 
беретін қосымша модульдері болады, ал кімде ондай модуль болмаса, Macromedia 
сайтынан жүктей алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет