С. В. Киселев, С. В. Алексахин, А. В. Остроух



Pdf көрінісі
бет26/39
Дата12.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#56598
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
Веб дизайн

3.7-
сурет. «Ыстық» аймақ» құруға пайдаланылатын қасиеттер редакторының басқару 
элементтері 


3.5 
кескін-карталар
42
3.8-
сурет. 
Дайын кескін-карта 
3.9-
сурет. 
Change Attribute 
диалогтік терезесі 
Src 
жолағына автор туралы мәлімет веб-парақшасы файлының атауын (4.1.htm)
енгізіп, [Enter] пернесін басыңыз. Енді біздің кескінімізге дөңгелек «ыстық» аймақ 
қосыңыз. Ол үшін шеңбер кескінді нүктені басыңызжәне тінтурді бейне жүргізіп өтіп, 
«E-
mail» жазбасын қамтыңыз. Dreamweaver дөңгелек аймақты сіз көрсеткен жерге 
орналастырып, өлшемді өзгерту маркерін дөңгелектің төрт жағына орнатып
белсендіреді. 
Сіз дөңгелек «ыстық» аймақтың өлшемі мен орналасқан жерін тікбұрыштікіндей 
етіп өзгерте аласыз. Қасиеттер редакторы бұл жағдайда сондай түрге енеді. Src енгізу 
жолағында пошталық адресті жазыңыз да, [Enter] пернесін басыңыз. 
Көпбұрышты «ыстық» аймақ біршама күрделірек құрылады. Көпбұрыш бейнесінің 
нүктесін басып, алдымен көпбұрышты аймақтың ең бірінші бұрыны орналасуы керек 
орынды тінтуірдің пернесімен шертіңіз. Содан кейін онда көк нүкте – көпбұрыштың 
басы пайда болады. Тінтуір пернесімен көпбұрыштың екінші бұрышы болатын орынды 
шертіңіз, Dreamweaver осы екі нүкте арасында сызық жүргізеді. Одан әрі тінтуір 
пернесімен көпбұрыштың басқа бұрыштары орналасатын орындарды шерту ғана қалады. 
Dreamweaver 
олардың арасында сызық жүргізеді, сызықтар бізге қажетті көпбұрышты 
«ыстық» аймақты сызады. Нәтижесінде сіз осы аймақтың кез келген нүктесін тінтуірмен 
тарта аласыз, тек жаңа бұрыш нүктесін слып, ескісін алып тастау мүмкін емес, сізге 
құрылған «ыстық» аймақты өшіріп, жаңасын құруға тура келеді.
Көпбұрышты «ыстық» аймақты белгілеңіз, Src енгізу жолағына басты беттің файл 
атын енгізіңіз де,[Enter]пернесін басыңыз. Кескін-карта аяқталды (3.8-сурет). 


3.5 
кескін-карталар
43
Егер қасиеттер редакторы қолжетімсіз болса, контекстік мәзірдің Image Map 
Name
тармағының көмегімен сіз «ыстық» аймақтың атын өзгерте аласыз. Бұл тармақты 
таңдау кезінде экранда 3.9-суретте көрсетілген Change Attribute диалогтік терезесі пайда 
болады. Атрибуттың жаңа мәнін («ыстық» аймақ атын) енгізіңіз де ОК нүктесін басыңыз. 
Контекстік мәзірдегі Linkтармағы экранға Select File диалогтік терезесін шығарады, онда 
«ыстық» аймаққа сілтеме жасалады. 
Контекстік мәзірдегіAltтармағы Change Attribute диалогтік терезе көмегімен 
альтернативті мәтін беруге мүмкіндік береді. 
Екі «ыстық» аймақ бірін-бірі жабатын жағдай болады, яғни екеуінің ортақ 
фрагменті болады. Ол кезде ортақ фрагментті шерткенде жоғарыда орналасқан «ыстық» 
аймақ белсендіріледі, ал үстінен әрдайым соңғы болып құрылған аймақ пайда болады. 
Бірақ әрдайым «ыстық» аймақты жоспардағыдай орналастыру мүмкін бола бермейді. 
Олардың жабынын басқару үшін контекстік мәзірдің Bring To Frontжәне Send To Back 
тармақтары пайдаланылады. Бірінші тармақ белгіленген «ыстық» аймақты жоғарыға 
көшіреді, ал екіншісі оны төменге түсіреді. Соңғы жағдайда сонымен бірге Modify 
мәзірінің Arrangeкіші мәзіріндегі Bring To Frontжәне Send To Backтармақтарын 
пайдалана аласыз. 
Dreamweaver 
көрсететін «ыстық» аймақтарды кейде, мысалы веб-шолушы 
терезесіндегі карта-бейненің қалай болатынын бағалау үшін жасыру қажеттілігі 
туындайды. Ол үшін View мәзірінің Visual Aidsкіші мәзіріндегі Image Mapsажыратқыш 
тармағын өшіріңіздер. «Ыстық» аймақтар жоғалады. Оларды қайта қайтару үшін бұл 
тармақты қайта қосыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет