С. В. Киселев, С. В. Алексахин, А. В. Остроух



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата12.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#56598
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
3.3-
суретПортрет өлшемін өзгерткеннен кейінгі автор туралы мәлімет парақшасы 
3.4-
сурет. Кескінбелгіленген кездегі қасиеттер редакторының түрі 


3.2.
Графикалық кескінді орналастыру
37
Src
енгізген соң графикалық кескін сақталған файл атын береді. Одан оңға қарай екі 
нүкте орналасқан. Олардың оң жағындағысын басып (бума бейнесі бар), сіз Select Image 
Source 
диалогтік терезені ашасыз (3.2-суретті қар.).
Сонымен бірге сіз контекстік мәзірде Source Fileтармағын таңдап немесе жай ғана 
бейнені тінтуір пернесімен екі рет басып, бейне файлының атын өзгерте аласыз. Одан 
кейін экранда Select Image Source диалогтік терезесі пайда болады. 
Low Src
енгізу жолағының функциясы Src жолағының функциясымен ұқсас, тек 
Low Src 
жолағы алғашқы бейне сақталған файл атын көрсетеді. Алғашқы бейненің 
өлшемі кіші болады, әдетте ол сығу мен төмен сапаның нәтижесі. Пайдаланушы аз 
жылдамдықтағы канал бойынша интернетке қосылса, веб-шолушы бірінші кезекте 
алғашқы бейнені жүктейді, себебі оның өлшемі айтарлықтай кіші болады және оны 
парақшаға шығарады. Содан кейін ғана пайдаланушы дайын парақшаны қарап жатқанда, 
бірте-бірте толыққанды бейне жүктеліп, алғашқы бейнені алмастырады.
Түпнұсқа бейне тым үлкен болғанда ғана тез жүктелу үшін алғашқы бейнені 
дайындау ұсынылады. Оның ішінде егер сіз көркем графикалы сайт жасап жатсаңыз, 
бұлай істеуге болады. 
Dreamweaver 
сізге алғашқы бейне файлының атын беруге мүмкіндік береді. Ол 
үшін контекстік мәзірдегі Low Source тармағын таңдаңыз да, экранға шыққан Select Image 
Source
диалогтік терезесінде қажетті файлды көрсетіңіз. 
Border
енгізу жолағы бейне айналасындағы жиектеменің қалыңдығын беруге 
мүмкіндік береді. Әдепкі қалпы бойынша ол нөлге тең, яғни жиектеме жоқ.
Alt
енгізу жолағы мәтіні ұқсас. Бұл тағы да аз жылдамдықты байланыс каналын 
пайдаланушылар үшін жасалған. Веб-шолушы веб-парақшадан файлын жүктеп болған 
соң ол онда орналасқан бейнелердің орнына сәйкес өлшемді бос жиектемелерді 
шығарады. Пайдаланушы суреттің бос жиектемесіне тінуір курсорын апарса веб-шолушы 
ұқсас мәтінді шағын еске түсіруді шығарады. Сондықтан бұл енгізу жолағын үнемі 
толтыруды ұсынамыз.
Енді Align ашу тізіміне жүгінеміз.Ол тегістеуді береді, яғни бейне мен оны 
қоршаған мәтіннің орналасуын береді.
Веб-парақша мәтініне орналастырылған бейне өзін әдеттегі символ ретінде 
көрсетеді. Ол мәтінде болады, веб-дизайнер осы мәтінмен шектелген, сол себепті 
графикалық элементті орналастырғысы келген жерге қоя алмайды. Бұл үшін арнайы 
графикалық кескін мен оны қоршаған мәтіннің орналасуына қатысты параметр 
қарастырылған. 
Align
ашу тізімі веб-дизайнге келесі тармақтарды ұсынады: 
■ Browser Default— әдепкі қалпында орналасуыBaseline тармағына ұқсас; 


3.2.
Графикалық кескінді орналастыру
38
■ 
Baseline
— 
кескіннің төменгі шеті мәтіннің базалық сызығымен (мәтін 
жолы жазылатын ойдағы сызық) сәйкес келеді;
■ 
Тор
— 
кескіннің үсті мәтіннің үстімен сәйкеседі;
■ 
Middle
— 
кескіннің ортасы мәтіннің базалық сызығымен сәйкес келеді;
■ 
Bottom
— 
кескіннің төменгі жағы мәтіннің төменгі жағымен сәйкес келеді 
(
әдетте 
Baseline
-
мен бірдей емес
);
■ 
TextTop
— 
кескіннің үсті мәтіннің ең үлкен символының үстімен сәйкес 
келеді (әдетте 
Тор-пен 
бірдей емес)
;
■ 
AbsoluteMiddle
— 
кескіннің ортасы мәтіннің орталық сызығымен (жол 
ортасымен өтетін сызықпен) дәлме-дәл келеді;
■ 
AbsoluteBottom
— 
кескіннің төменгі шеті мәтіннің төменгі символымен 
сәйкес келеді;
■ 
Left
— 
кескін парақшаның сол жағына «қысылады»;
■ 
Right
— 
кескін парақшаның оң жағына «қысылады»;
■ 
Default
— 
әдепкі қалпы бойынша орналасуы, әдетте 
Baseline
тармағына 
ұқсас
.
Соңғы екі жағдайда кескін «еркін» болады, яғни мәтінге қатты байланбаған. 
«Еркін» кескіндер веб-шолушымен солға не оңға ауыстырыла алады, ол кезде кескінді 
орналастырылған мәтін жылжытылуы мүмкін. Ал кескін орналасқан нүктеде 
Dreamweaver 
«еркін» кескінніңарнайы маркерін бейнелейді. Бұл маркер тек веб-
дизайнердің ыңғайы үшін ғана шығарылады, веб-шолушы терезесінде ол көрінбейді.
Кескін мәтінге бірдей тегінің көмегімен орналастырылады. Файл аты SRC 
атрибутының көмегімен беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет