3.2.
Графикалық кескінді орналастыру
35
Экранда 3.2-суретте көрсетілген
Select Image Source диалогтік терезесі пайда
болады.
Ашылатын бумалар тізімі мен файлдар тізімі сізге қажетті бума мен файлды
таңдауға мүмкіндік береді.
Файл аты енгізу жолағында
таңдалған файл аты шығады
(немесе сіз оны қолмен енгізе аласыз).
Файлдар типі ашу тізімі сіз қандай файлды
тапқыңыз келетінін таңдауға мүмкіндік береді. Оң жақта
алдын ала қарау панелі
орналасқан. Бұл бейнені алып тастау үшін
Preview Images жалаушасын өшіру керек. Сіз
бейнелі файлды таңдадыңыз.
ОК нүктесін басыңыз
.
Портреттің оң және төменгі шегінде кішкентай қара төртбұрыштар бар екеніне
назар аударыңыз (3.3-сурет). Олар өлшемді өзгерту маркерлері деп аталады. Сіз
тінтуірмен кез клеген маркерді «ұстап алып», оны жаңа орынға тартып әкеліп, сонымен
бейненің көлденең де тігінен де өлшемін өзгерте аласыз. Ал
егер екі өлшемі де
пропорциональды өзгерсін десеңіз, [Shift] пернесін басып отырып, бейненің оң төменгі
жағында тұрған маркерді тінтуірмен тартып әкеліңіз.
3.2-
сурет. Select Image Source диалогтік терезесі
3.2.
Графикалық кескінді орналастыру
36
Енді құрылған парақшаны сақтаңыз да, қасиеттер редакторына қараңыз. Портрет
ерекшеленді ме екенін тексеріңіз: оның белгісі болып өлшемдерді
өзгерту маркерлері
қызмет етеді. Егер олар көрінбесе, тінтуір пернесін портретке басыңыз – маркерлер пайда
болады.
Wжәне
Ненгізу жолағы бейненің сәйкесінше ені мен биіктігін қолмен енгізуге
мүмкіндік береді (3.4-сурет). Егер ерекшеленген бейне сайт безендірудің бір бөлігі болып
табылса және басқа да осындай безендіру элементтеріне берік тіркелуі керек болса, бұл
пайдалы болады. Басқа жағдайларда бейне өлшемін өлшем маркерін тінтуірмен тартып
әкелу арқылы енгізу ыңғайлы.
Графикалық кескінді енгізу кезінде Dreamweaver бұл жолақты өзі толтырады. Біз
сізге бұл міндерді өшірмеуге кеңес береміз. Себебі веб-шолушы парақшаны жүктегеннен
кейін бос жиектеме ретінде әлі жүктелмеген бейнелерді де көрсетіп тұрады. Егер кескін
өлшемдері нақты берілген болса, олар бірден жиектемеге қолданылады да, парақшаның
безендірілуі бұзылмайды. Кері жағдайда веб-шолушы әдепкі қалпы бойынша қандай да
бір өлшемді жиектемені береді де, бейнені одан әрі жүктеу кезінде оның өлшемі өзгеріп
отырады, бұл парақшаның өзін өзгеріске әкеледі.
V Space
және
Н Spaceенгізу жолағы бейне шеті мен оны қоршайтын мәтінге дейінгі
тік және көлденең қашықтықты береді. Әдепкі қалпы бойынша олар нөлге тең.
Достарыңызбен бөлісу: