Сабақ : № Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 6 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық»
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.3.1 -әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау;
6.3.4.1 - көркем шығарма лардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
Сабақ мақсаты: Оқушылардың барлығы Жырау өлеңдерінен ақын ойын, оның өмірлік мақсаттары мен үміттерін, рухани әлемін, адамгершілік тұрғысы мен көзқарасын білуге үйренеді.Туындыларының рухы өр, мазмұны терең, тілі жеңіл нақышын таныйды.
Оқушылардың көпшілігі Өз заманында жақсы тәрбие алып, көргені, білгені көп болған, парасатына білімі сай білгір адам Доспамбет жыраудың өмірі , шығармашылығы туралы түсінік алады;
Оқушылардың кейбірі Доспамбет жыраудың өмір жолы туралы кеңірек түсінік алады;
Құндылықтарды игерту: Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.
Пәнаралық байланыс: Драматургия